Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қонаев қаласында шомылу маусымы басталғалы медицина қызметкерлері мен құтқарушылардың арқасында 30-ға жуық адамның өмірі аман қалды. Әдетте жазғы маусымда адамдардың көңілді уақыт өткізуі бір сәтте үлкен қауіпке айналып кетеді. Көп жағдайда демалушылар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, ал кейде тағдырдың жазуы күтпеген жағдайға душар етеді. Осындай сәттерде ең бірінші көмекке келетін – құтқарушылар мен дәрігерлер. Бұл жолы олардың ерлігі елеусіз қалмады: Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Халықаралық жастар күні аясында бүгінгі күннің нағыз батырларын марапаттап, алғыс білдірді. Әкімнің айтуынша, жастар тек спортта ғана емес, медицинада, энергетикада және коммуналдық салада да туған қаласының дамуына үлес қосып келеді. Жиын барысында Алматы облысының әкімі…

Толық оқу

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Айтулы күнге орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастармен Birge» атты гала-концерт өтті. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жастарды мерекемен құттықтады. – Құрметті жастар! Сіздерді Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Түркістан облысында 671 мыңнан астам жас тұрады. Бұл – облыс халқының 30%-дан астамын құрайды. Яғни, Түркістан – нағыз жастардың өңірі! Облысымызда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, білім беру және мәдени-спорттық әлеуетін дамыту бағытында нақты шаралар қабылдануда. 2025 жылдың өзінде ғана 22 мыңнан астам жас түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдауға ие болса, 800 жуық…

Толық оқу

Шымкентте мектептің бас бұғалтыры жарты миллиардқа жуық қаржы жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды Ertenmedia. Шымкенттің мектептерінің бірінде бас есепші қызметін атқарған азаматша бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот дерегінше, бас бұғалтыр қызметтік мүмкіндігін пайдаланып, мемлекет қазынасынан 451 миллион теңгені жеке мүддесіне жұмсаған. Қомақты қаржыға қымбат көліктер, пәтер мен жер телімдерін алып, құнды қағаздарға инвестиция салған. Айыпталушы сот барысында кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізіп, жазасын кейінге қалдыруды сұраған. Дегенмен прокурор есепшінің бұл әрекетіне жеңілдік беруге болмайтынын алға тартып, бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот айыпталушының жас балаларының барын, кінәсін мойындап, шынайы өкінгенін ескеріп, сегіз жылға бас бостандығынан…

Толық оқу

Бүгіннен бастап қазақтар әйгілі Starlink спутникті интернетіне қосыла алады деп жазады Ertenmedia. Цифрлық даму министрлігі америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі компаниямен келісім жасасып, қызмет ресми түрде іске қосылды. Маусым айында министрлік пен Starlink Қазақстан заңнамасын сақтау жөнінде келісімге қол қойған. Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, технология ел аумағындағы байланысқа қол жеткізу қиын шалғай ауылдарға, жайылымдық аймақтарға және алыс орналасқан өндірістік нысандарға тұрақты интернет әкеледі. «Starlink технологиясы шалғайдағы елді мекендерге тұрақты әрі сапалы интернет ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар енді спутниктік интернетті ресми әрі заңды түрде пайдалана алады», – деді министр. Осы күнге дейін Starlink Қазақстанда пилоттық жоба ретінде, негізінен ауыл мектептерінде сынақтан…

Толық оқу

Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 120-дан астам белсенді жастар — инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-әзірлеушілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. Барлық қатысушылар — 35 жасқа дейін, мақсаты айқын, жаңа сынақтарға дайын және кәсіби өсуге бағытталған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев делегаттарға құттықтау сөз сөйлеп, жастар қоғамның қозғаушы күші және елді жаңғыртудың басты қозғалтқышы екенін атап өтті. Форумға қатысушыларға Мемлекет басшысының бейне құттықтауы LED-экран арқылы көрсетілді. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты. «Бүгін мұнда мықты,…

Толық оқу

Шымкентте «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының қызметіне тексеріс басталды. Компанияны бұған дейін қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембай басқарған деп жазады Ertenmedia. Дей тұрғанмен қала әкімдігі тексерістің Жиембай ісімен байланысы жоқ екенін мәлімдеп отыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аудит тұрғын үйлерге жасалған жөндеудің сапасын тексеріп, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалғанын анықтауға бағытталған. Ал Ернар Жиембай мен әкім орынбасары арасындағы кикілжің «қаржыға қатысты болды» деген қауесетті әкімдік жоққа шығарды. «Тұрғын үй Шымкент» компаниясы 2023–2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша бюджеттен 4 миллиард теңгеден астам қаржы алған. Биыл компания 15 үйді жөндеп біткен, тағы 10 нысанда жұмыс…

Толық оқу

Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жергілікті бизнес өкілдері және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті. Жиында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау шаралары және өңірге инвестиция тарту мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia Өңір басшысының айтуынша, шағын және орта бизнес әлі де экономиканың маңызды қозғаушы күші болып қала береді. Бүгінде облыста 150 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 8,4%-ға өсіп, 261 мың адамды құрады. 2025 жылдың I тоқсанында ШОБ 994,5 млрд теңгенің өнімін өндірді (+23,4%), ал қаңтар–маусым аралығында салық түсімдері 34,5%-ға артып, 150,6 млрд теңгеге жетті. 2025 жылы…

Толық оқу

Қазақстан биыл мектепке баратын бала саны жағынан бұрын-соңды болмаған межеге жетпек деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейінгі 3,9 миллион оқушыға биыл тағы 200 мың бала қосылады. Әдетте тамыз туа «баланы қайда сыйдырамыз?» деген сауал алдымыздан шығатыны белгілі. Министр Ғани Бейсембаев осыған алдын ала қам жасапты. Биыл қыркүйектің алғашқы күні ел бойынша 83 су жаңа мектеп ашылады. Мұның өзі 115 мың баланың мектеп партасына еркін жайғасуын қамтамасыз етпек. Министр мұнымен шектелмей, жыл соңына дейін тағы 111 мектепті іске қосып, қосымша 140 мың балаға жағдай жасайтынын айтып отыр. Қазірдің өзінде ел аумағында жаңадан бой көтеріп жатқан 232 мектеп келер ұрпаққа есігін айқара ашуға…

Толық оқу

Қазақстандағы тұңғыш АЭС-те жұмыс істейтін мамандарды Ресейдің «Росатом» корпорациясы дайындамақ. Компания станцияда жұмыс істейтін 2 мыңға жуық қазақстандық маманға атом энергетикасының қыр-сырын үйретеді деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік Техникалық академия ректоры Юрий Селезневтің айтуынша, АЭС мамандарын даярлау жұмысы станция іске қосылмастан бес жыл бұрын басталады. Жоспар бойынша Қазақстандағы алғашқы АЭС 2035–2036 жылдары пайдалануға берілуі тиіс. Станция толықтай Қазақстан меншігінде болады және оны қазақстандық мамандар басқарады. «АЭС-те жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығын да біз жасап береміз. Бұл біздің негізгі жұмыс бағыттарымыздың бірі», – деді Селезнев. Жалпы, «Росатомның» техникалық академиясы бұған дейін де шетелдік атом станцияларына маман дайындаумен айналысып келген. Қазақстандағы…

Толық оқу

Әлемдік агроазық-түлік нарығының инвесторлары мен қатысушылары үшін Қазақстан аймақтық тұрақтандырушы күш әрі жаңа мүмкіндіктер орталығы ретінде танылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Қазіргі геосаяси тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және жеткізу тізбектерінің әлсіздігі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі әлем елдері үшін басты басымдыққа айналды. Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет әрі өсіп келе жатқан аграрлық держава ретінде Қазақстан бұл міндетті жедел шешу мақсатында агроазық-түлік секторын кешенді жаңғыртуға кірісті. Мақсат – ішкі нарықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті арттыру және әртараптандыру мен орнықты даму арқылы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу. Соңғы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі трансформациялауға бағытталған және бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жергілікті өндіріс,…

Толық оқу