Семей тұрғындары автосалоннан су жаңа күйінде сатып алған Jetour маркалы көліктерінің көп өтпей істен шыға бастағанын айтып, шағым түсіруде, деп хабарлайды Ertenmedia. Олардың айтуынша, автосалон өкілдері мәселені түбегейлі шешудің орнына «сәл күтіңіз», «тез жөндейміз» деген сылтаумен уақыт созып, жауапкершіліктен жалтарып отыр. Jetour X70 моделін сатып алған семейлік тұрғындардың бірі көлігін небәрі 9 мың шақырымдай ғана жүргізген кезде ақау шыққанын жеткізді. «Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де көлік 6 600 шақырым жүрген соң бұзылған еді. Автосалон 200 мың шақырымға дейін кепілдік бергенімен, жаңа көлік 9 100 шақырымда қайтадан істен шығып отыр. Сервистің жөндеуі де кем дегенде жарты айдан 90 күнге…
Автор: Асылхан Бөрібай
Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті. Жаңа үлгідегі үш қабатты №52 мектеп 2025-2026 оқу жылында ашылады. Бұл – жоба бойынша Абай облысындағы үшінші, Семей қаласындағы екінші мектеп. Бұған дейін Қарағайлы шағынауданында 1200 орындық, ал Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілген. Ашық есік күніне 100-ден астам ата-ана, 60-қа жуық оқушы, мұғалімдер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, блогерлер, сондай-ақ облыстық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысты. Қонақтар спорт және акт залы, асхана, хореография залы, бастауыш және арнайы пән кабинеттері, STEM-зертханалар, робототехника…
Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов теңгенің күрт әлсіреуі салдарынан Қашаған кенішінің операторы NCOC консорциумына салынған экологиялық айыппұл долларға шаққанда шамамен 1 миллиардқа қысқарғанын айтты деп жазады Ertenmedia. Оның атап өткеніндей, былтыр наурызда NCOC-қа экологиялық заңсыздықтар үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Ол кезде доллардың ресми бағамы 451,71 теңге еді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы доллармен есептегенде 5,9 миллиардтан асып кеткен. Алайда түнеукүні сот осы шешімнің күшін жойды. Оған айыппұлды рәсімдеу кезінде жіберілген процессуалдық кемшіліктер себеп болған. Іс алдағы уақытта қайта қаралуы тиіс. «Егер сот айыппұлды қайта бекітсе, қазіргі валюта бағамымен (шамамен 560 теңге) есептегенде, консорциумның төлейтін сомасы шамамен 985 миллион долларға…
Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia. Қалалық әкімдік оның басқа жұмысқа ауысқанын хабарлады. Әмрин 2022 жылдың ақпанынан бері мегаполистегі сәулет, қала құрылысы, энергетика, қаржы және сумен қамту мәселелеріне жауап берген болатын. Әмрин мемлекеттік қызмет жолын Ақмола облысынан бастаған. Әділет министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші лауазымдарда істеді. Қаржы вице-министрі болды, Индустрия министрлігінде және Бас прокуратурада қызмет атқарды. Кейіннен Астана әкімінің кеңесшісі болып, 2016-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары лауазымында отырды. Ал Алматыға келген соң Ерболат Досаевтың оң қолы ретінде танылды. Сонымен қатар, Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин де қызметінен кетті. Бұған дейін әкімнің тағы бір орынбасары Әсем…
Атышулы Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі, NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia. NEF Qazaqstan-ның басқарушы серіктесі Тарық Волкан Оскай көктемнен бері іздеуде жүрген болатын. Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растап, қазір тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Алматы полиция департаменті кәсіпкерге сырттай қамауға алу шарасы белгіленгенін хабарлаған. Тарық Волкан Оскай Қайрат Боранбаевпен бірге «Royal Comfort Astana» компаниясының иесі ретінде танымал. Компания Comfort Hotel Astana кешенін бақылауда ұстап, кейін активтерді қайтару науқаны аясында кешен мемлекет меншігіне өткен. Сонымен қатар Оскай Қайрат Боранбаевтың меншігіндегі «Алмалы» (Almaly Assets Management) активтерді басқару компаниясында қызмет атқарған. NEF Qazaqstan аты Қазақстанға 2023 жылы…
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деген Ернар Жиембайдың анасы көпшілікке үндеу жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Соңғы күндері желіде ұлына қатысты түрлі қауесет мен қаралау сипатындағы ақпараттың көбейіп кеткеніне алаңдаған Светлана Сәриева елдің көкейіндегі сауалға өз жауабын берген екен. Айтуынша, Ернар мектеп қабырғасынан бастап ерекше қабілетімен, елгезектігімен көзге түсіп, №50 мектепті ҰБТ-дан 114 балл жинап, мемлекеттік грант иегері атанған. Бұған дейінгі оқуында №38 мектепте оқушылар арасында президент болып, қатарластарының сеніміне ие болған. Анасы ұлын намысшыл, әділ әрі елжанды азамат ретінде сипаттап, «ел іргесіне қауіп төнсе, ұлымның ең бірінші болып сапқа тұрарына сенімдімін» дейді. «Ернарға қатысты ешқашан қылмыстық іс қозғалмаған.…
Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына жиі тоқталып келеді. «Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жарыс қана емес, бұл – отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге үлкен үлес қосып жүрген отбасылардың еңбегін елге танытатын үлкен алаң. Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі. Осы отбасылардың ұйытқысына айналған 187 мыңнан…
Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес, осы жылы еліміздің тұрғын басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі айтарлықтай өскен. Еліміздің бұл көрсеткіші 14,77 мың долларды құрап, Ресейдің 14,26 мың және Түрікменстанның 13,34 мың долларлық көрсеткіштерінен асып түсті. Сонымен қатар, ел бұл көрсеткішпен Қытайды да артта қалдырды,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұл маңызды көрсеткіш ел экономикасының тұрақты және қарқынды дамуын, сондай-ақ аймақтағы бәсекеге қабілеттілігін айқын дәлелдейді. Елдің табысы ірі табиғи ресурстарға – мұнай, газ, уран мен басқа минералдарға негізделгенімен, соңғы жылдары экспортты әртараптандыруға ерекше мән беріліп отыр. Бұл бағытта шикізат өңдеу, жоғары қосымша құнды өнімдерді шығару салалары қарқынды дамып келе жатыр. Жүргізіліп жатқан реформалар елдің…
Таяуда Ұстаздардың тамыз конференциясы аясында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ұйымдастыруымен «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік» республикалық панельдік секциясы өтті. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың қызметкерлері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Секцияда Қазақстандағы арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер, аймақтық тәжірибе және инновациялық шешімдер талқыланды. Спикерлер мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шаралары, мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы мен инклюзивтілік, барлық балаларға тең қолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін көмекші технологиялар, «Пионер+» инклюзивті шешімдерінің экожүйесі, әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтері, арнайы мектептерді…
Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешовтің ұсталуы әкім орынбасары Руслан Берденовтің атышулы мәлімдемесімен байланысты емес деп хабарлайды Ertenmedia дереккөзі. Сайтымызға жеткен инсайдқа сәйкес, Әбдешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс оның бұған дейінгі қызметіне Жамбыл облысындағы жұмыс кезеңіне қатысты. Арман Әбдешов 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. Дәл сол кезеңде жасалған ықтимал заңсыздықтар енді ғана анықталып, қазіргі тергеуге негіз болып отыр. Бұған дейінгі хабарымызда Берденовтің жиналыстарда басқарма басшыларын Антикор және экономикалық тергеу қызметінің тексерісімен қорқытып келгенін жазған едік. Күні кеше ғана қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің көмекшісі сотта куәлік етіп, Берденовтің әр басқосуды тексеріс туралы қатаң ескертуден бастайтынын айтқан…










