Автор: editor

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кеше болған қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл түрде Үлкен Нарын ауданына барды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері — дәнекерлеуші Ержан Айтпаев (1983 жылы туған) және слесарь Сергей Кастерин (1970 жылы туған) қаза тапты. Оқиға орнында облыс әкімі арнайы комиссия мүшелеріне өндірістік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы регламенттерді түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. — Бейбіт, тұрақты уақытта өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан адам өлімінің орын алуы мүлде жол берілмейтін жағдай. Қызметкерлердің өмірі…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарының және вегетациялық кезеңнің барысы талқыланған Үкімет отырысы өтті. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды  Ertenmedia.kz «Биыл Қызылорда облысында 193 700 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Үкіметтің Жол картасына сәйкес, күріш 80 900 гектарға жоспарланған, өткен жылмен салыстырғанда 4700 гектарға қысқартылады. Шаруашылық құрылымдары тұқыммен толық қамтамасыз етілген, 4046 ауыл шаруашылығы техникасы жөнделген, 10 мың тонна дизель кестеге сәйкес облысқа жеткізіліп, таратылуда. Бүгінде ерте егілетін ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып болды. Күріш себу 21 сәуір күні басталып, бүгінгі күні 37500 гектары егілді, 26700 гектары суға бастырылды. Ауа райы ерте…

Толық оқу

Алаяқтық бойынша сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтініш биылғы жылдың 2 мамырында сотқа келіп түскен. Абылай Мырзахметов 2023 жылғы 10 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің арнайы операциясы нәтижесінде ұсталған еді. Тергеу органдарының мәліметінше, ол кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермелеген және оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесемін деп алдап, алаяқтыққа барған. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, параның көлемі 30 миллион долларды немесе 13,3 млрд теңгені құраған. «Әшкере» телеграм арнасының жазуынша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы отандық истиблешмент тарихында ең үлкен пара алған. 2024…

Толық оқу

Алматының Алмалы ауданында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 56 аула көріктендірілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі таңда Панфилов көшесі, 30; Шагабутдинов көшесі, 30; Төле би көшесі, 160; Қабанбай батыр көшесі, 91 және Шәріпов көшесі, 68 мекенжайларындағы бес ауланың жұмысы аяқталды. Мұнда ойын және спорт алаңдары жаңартылып, резеңке жабын төселді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Шәріпов көшесі, 68 мекенжайында тұрғындардың өтініші бойынша спорт алаңына үлкен қалқа орнатылды. «Спорт алаңының көркейтілгеніне қуаныштымын, үлкен қалқа орнатылды, бұл ашық ауада спортпен айналысатындарға ыңғайлы. Күн сәулесі мен жаңбырдан жақсы қорғаныс. Мен үстел теннисін жиі ойнаймын немесе көшедегі жаттығу құрылғыларында жаттығамын. Енді…

Толық оқу

Журналист Мая Бекбаева әлеуметтік желіде өзі туралы тараған даулы видеоға қатысты арнайы мәлімдеме жасап, жағдайдың анық-қанығын түсіндірді деп жазады Ertenmedia.kz. КОНТЕКСТ Айта кетелік, бұған дейін журналист Мұхтар Түменбай медиа алаңдағы әріптесінің Алаш қайраткерлері туралы түсірген контентіне наразылық білдірген еді. Айтуынша, Мая Бекбаева қазақ әйелдерін кемсітетін пікір білдірген. «Мадам Майя Алаш арыстарының не себепті орыс әйеліне үйленгенін түсіндіруге тырысыпты. Бекбаеваның ойынша, «сол тұстағы қазақ әйелі орыс әйелдерімен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болған, талапқа сай келмеген. Алаштықтар өзіне тең келетін жар іздеген…». Мұны Қазақстанда атап өтілетін «Аналар күні» қарсаңында айтып отыр. Қазақ әйеліне тіл тигізуге сізге кім құқық берді?», — деген еді Түменбай.…

Толық оқу

Қазақстанда некеге мәжбүрлегендер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жария етті деп жазады Ertenmedia.kz Оның айтуынша, елде некеге мәжбүрлеу деректері жиі кездескенімен, полицияның әрекетсіздігі салдарынан көптеген жәбірленушілер заңмен қорғалмай отыр. Жаңа заң жобасына сәйкес, некеге мәжбүрлеген азаматтарға қатаң жаза тағайындалып, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Жазаның ең жоғарғы мөлшері – 7 жылға бас бостандығынан айыру. Әбенов бұл мәселенің елімізде қаншалықты өзекті екенін көрсететін статистика келтірді. Соңғы үш жылда полицияға некеге мәжбүрлеу бойынша 214 шағым түссе, оның тек 10-ы ғана сотқа дейін жеткен. «Бұл полиция мен құқық қорғау органдарының жағдайға немқұрайлы қарағанын айқын дәлелдейді. Жәбірленушілер қорғаусыз қалып,…

Толық оқу

Биылғы көктемнің жаңбыры бұрынғыдай емес. Қазақ даласындағы бұлттар ғасырлар бойы батыстан шығысқа қарай көшетін. Бірақ қазір Маңғыстауға түскен жауын Шымкент пен Алматыға жетпей, жол-жөнекей жоғалып жатыр. Неге? Өнертанушы ғалым Алтай Айнабек осы бір ерекше құбылысты бір ай бойы зерттеп, тың тұжырым жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пайымынша, бұл Ресейдің құпия климаттық қаруының салдары. Ғалымның айтуынша, Ресей «СУРА» деп аталатын құпия климаттық кешенді белсенді пайдалануда. Бұл Батыста танымал HAARP климаттық қаруының ресейлік баламасы. СУРА атмосферадағы бұлттардың қозғалыс бағытын өзгертуге және оларды белгілі бір аумаққа жасанды түрде бұруға қабілетті. «Маңғыстауда жаңбыр мол жауса да, биыл ол жауын еліміздің оңтүстігіне жетпей жатыр. Бұрын…

Толық оқу

Саясаткер Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап етіп, митинг ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Боқаев пен Адамның айтуынша, Досаев басшылыққа келгелі Алматы қаласының дамуы кері кеткен. Белсенділердің пікірінше, қалада бұрыннан жақсы тұрған жиектастар қайта-қайта жаңартылып, бюджеттің қыруар қаржысы тиімсіз игерілуде. Сонымен қатар қаладағы ретсіз әрі тығыз құрылыстың қарқыны артқан, жасыл желек аяусыз оталып жатыр, жаңа автобустардың қаңқасы қоқыс алаңында тұр. Митинг ұйымдастырушылары метроның жаңа станцияларын салу мерзімінің созылып кету қаупі бар екенін де еске салды. Олардың айтуынша, қалада жемқорлық деңгейі еселеп өскен. «Алматыда жүйелі қателіктер орын алып отыр, басқару тиімсіз, коррупциялық тәуекел жоғары.…

Толық оқу

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның өмірден өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Ertenmedia.kz. Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара апа тірі, жағдайы тұрақты және дәрігерлердің ұдайы бақылауында. Совминканың маңында шоғырланған қарақұрым қауым экс-президенттің күзет қызметі екен. Соңғы күндері Нұрсұлтан Назарбаев зайыбының жағдайын білуге жиі-жиі келіп кетіп жүр. Аурухананың алдындағы бүгінгі абыр-сабыр да Назарбаевтың келісімен байланысты болған. Айта кетелік, бұған дейін бірқатар БАҚ «Сара Алпысқызы өмірден озды» деген ақпарат таратқан. «Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», — деген еді бұған…

Толық оқу

Алматыда Jas Gala — 2025 қалалық студенттік көктем фестивалінің жабылуына арналған гала- концерт өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Фестиваль Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті және оны «Алматы Студенттер Альянсы» ұйымдастырды. 5 наурыздан 13 мамырға дейін қатысушылар бес бағытта бақ сынасты: вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр өнері. Фестивальге қатысуға 27 ЖОО және 25 колледж студенттерінен барлығы 608 конкурстық өтінім берілді. Қатысушылардың жалпы саны 2971 адамды құрады. Фестивальдің жүлде қоры — 7 500 000 теңге. Jas Gala-2025 бірқатар атаулы күндерге орайластырылды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, жұмыс істейтін жастар жылы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, көрнекті композитор, күйші…

Толық оқу