Түркістанда «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» атты ХII өңірлік азаматтық форумы өтті. Ең алдымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестік туралы «Елге еткен еңбек» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, арнайы бейнеролик көрсетілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Келелі басқосуға Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Шымкент, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа облыстардан делегация өкілдері қатысты. Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмыс істеуі керек екендігін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елордада жасанды интеллект пен тоғызқұмалақ чемпиондары арасындағы сайыста жеңімпаздар анықталды. Қазақстанда алғаш рет тоғызқұмалақтан ел чемпиондары мен жасанды интеллект арасында тарихи ойын өтті. Бұл адамзат ақылы мен цифрлық алгоритмді тоғыстырған зияткерлік бәсеке болды. «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЧЕМПИОНДАРЫ vs ЖИ» атты ерекше іс-шара 2025 жылдың 7 тамызында Астана қаласындағы Денешынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) алаңында ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақтың Әлем чемпионадары Асылхан Қожанәсіп (ХДСШ) пен Аяна ИСАХАН (ХДСШ) жасанды интеллектке қарсы тоғызқұмалақтың классика түрінен сайысқа түсті. Олардың әрқайсысы бір ойыннан жеке кездесіп, нәтижесінде 2:0 есебімен жасанды интеллектке есе жіберді. «Біз бүгін тоғызқұмалақ тарихындағы ерекше тарихи сәтті басымыздан кешіріп тұрмыз. Тұңғыш рет тоғызқұмалақтың үздік ойыншылары…
«Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia 06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50-де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде. – Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28…
Бүгінгі күні Алматы облысында жастар саясаты нақты жобалар мен күнделікті тірлікте жүзеге асып жатқан ауқымды жұмысқа айналған. Орталықтағы сәнді конференция мен жалынды сөздің заманы өтіп барады – қазір жұрт нақты нәтижеге, көзге көрінетін іске сенеді. Алматы облысының жастармен жұмысын зерделеп, өңірдің ел ішіндегі ең өзекті мәселелерге қалай жауап беріп отырғанына көзімізді жеткіздік. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының үштен бірі – жастар, оның ішінде ауыл жастары басым. Осыдан-ақ жергілікті биліктің бағыты мен саясатының қай бағытта ойысатынын бағамдауға болады. Жергілікті билік орындары ауылдағы баланың қаладағы замандасымен тең жағдайда өсіп, білім алуы үшін бар жағдайды жасайтыны анық. Қазір Алматы облысының әр ауданында заманауи…
2025 жылғы 7 тамызда «Ғылым ордасы» РМК Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Мәдени өкілдігімен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет – достық көпірі» атты көрме ұйымдастырды,- деп хабарлайды Ertenmedia Іс-шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов, Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Суна Ахмади, Иран Мәдени өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазаде, сондай-ақ Ирандағы қазақ диаспорасының өкілдері, зиялы қауым мен ғалымдар қатысты. Халықаралық шараның басты мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани-мәдени мұрасын дәріптеп, оның терең мазмұнды шығармалары мен адамзаттық құндылықтарға негізделген идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар, бұл мәдени бастама қазақ және иран халықтары…
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Аида Балаева ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ertenmedia. Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді. Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: 705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды; 176 ұсақ бұзақылық тіркелді; түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында…
«Даму» қоры – Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Жобаның мақсаты – экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қолдау. Бұл туралы Түркістан облысындағы «Даму» қорының директоры Мұғазан Нұрмаханұлы баяндады. – Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің 2025 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысына сәйкес, кәсіпкерлікті қаржыландырудағы негізгі кедергілердің бірі – кепілзаттың жеткіліксіздігі мәселесін шешу мақсатында екі жаңа кепілдік құралы енгізілді. Енді кәсіпкер банктен несие аларда кепілзат жетпеген жағдайда төмендегідей қолдау ұсынылады. Кепілдік қоры шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес нысандары қатыса алады. Негізгі шарттары – кепілдік берілетін жоба аясында қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды. Кепілдіктің ең…
Елордада өткен «Бірлік жүгірісі – 2025» шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған маңызды оқиға ретінде есте қалды. 3000-нан астам тұрғын мен қонақ бір мақсатқа бірігіп, салауатты өмір салтын, бірлік пен достықты қолдауға шықты. Жарыс жолына жасөспірімдер де, тәжірибелі желаяқтар да, ерекше қажеттілігі бар азаматтар да, түрлі этностардың өкілдері де қатар тұрды. Қатысушылар Астананың символына айналған «Бәйтерек» маңынан бастап, ЭКСПО алаңын басып өтіп, Түркістан мен Ақмешіт көшелері арқылы қайтып оралды. Бұл жай ғана спорттық шара емес, ұлттар достығы мен қоғамдық келісімді бейнелейтін үлкен азаматтық іс болды. Марафон кезінде бірқатар қашықтықтар ұсынылып, әр адам өз мүмкіндігі мен қалауына сай жарыс форматын…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба аясында қашықтығы 74 шақырым болатын «Кеген – Нарынқол» жолының 0-37 және 37-74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 8,002 млрд теңге. Қазіргі уақытта нысанда 7 мың текшеметр қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған. Аймақ…
Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген спортшылар қатысуда,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған шараның мақсаты – ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының дамуына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті. «Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады» деп спорттың дамуына…










