Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Жастар күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын тапсырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға «Абай жолы» романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты…
Автор: Асылхан Бөрібай
Президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен әңгімеде Қазақстан халқының Украина тарихына, мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын жеткізді деп жазады Ertenmedia. Ол қақтығыс басталғалы бері Қазақстанның ұстанымы өзгермегенін еске салды: Астана әділеттілікке негізделген тұрақты бейбітшілікті қолдайды. Қазақстан БҰҰ Жарғысының орындалуын, мемлекеттердің шекараы мен аумақтық тұтастығының бұзылмауын басты қағида санайды. Тоқаев қазіргі күрделі жағдайда салмақты әрі ақылмен әрекет етудің маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, ең басты міндет Украинаның мемлекет ретінде сақталып қалуына кепілдік беру. Ол қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару керектігін ескертіп, аумақтық дау-дамайдың тіпті уақытша келісімдердің де жүзеге асуына қиындық туғызатынын атап өтті. Екі ел басшысы өзара тиімді бағыттар бойынша…
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. 2024 жылы өңірде 36 спорт нысаны пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Олардың қатарында төрт спорт кешені бар: Петропавл қаласында үстел теннисі орталығы мен «Береке» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы және Тайынша ауданының Келлеровка ауылындағы кешендер. Үш жабық хоккей корты салынды – Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында, Жамбыл ауданының Пресновка ауылында және Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында. Бұдан бөлек, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында және Петропавл қаласында 23 мини-футбол алаңы ашылды. Сондай-ақ Ақжар, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов…
Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Мемлекет басшысының құттықтауында Абай әлемдік ауқымдағы ғұлама екеніне және оның рухани мұрасы келер ұрпақ үшін де өзекті болып қала беретініне баса мән берілген. «Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетамымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін…
Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекет басшысының құттықтауында Абай әлемдік ауқымдағы ғұлама екеніне және оның рухани мұрасы келер ұрпақ үшін де өзекті болып қала беретініне баса мән берілген. «Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетамымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және…
Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қазақ халқының ұлы перзентіне тағзым етті. Салтанатты шарада Нариман Төреғалиев Абайдың рухани мұрасының қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес бағдар екенін атап өтті. «Абай Құнанбайұлы – даналықтың, адамгершіліктің және білімге ұмтылудың символы. Оның сөзі мен идеялары бүгін де өзекті, бізді өрлеуге, ұлттық рухты нығайтуға және мәдени құндылықтарды сақтауға шабыттандырады», — деді Н. Төреғалиев. Сонымен қатар, салтанатты жиында аймақ басшысы жуырда…
Тамыздың екінші жексенбісі құрылысшыларға көрсетілер құрметтің ерекше белгісі. Ел экономикасын алға сүйрейтін, қаланың көркін кіргізіп, ауылдың ажарын ашатын да осы саланың мамандары. Кейінгі алты жылда елімізде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, 871 мыңнан аса отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген. Биылдың өзінде алғашқы жарты жылда 7,9 млн шаршы метр баспана салынды, бұл көрсеткіш саланың тұрақты өсу динамикасын айғақтайды. Осы сандардың артында қаншама сәулетші мен инженердің, құрылысшы мен қарапайым жұмысшының қажырлы еңбегі жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі де артып келеді. Соңғы алты жылда бұл салаға 15,4 трлн теңге тартылса, биылғы…
Жыл басынан бері Алматы облысында 622 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жылдық жоспардың 64,8 пайызы. Аталған көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орынға шығып, құрылыс қарқынын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Соның айқын дәлелі – Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында салынған жаңа көппәтерлі тұрғын үй. Ауылдың қақ ортасында орналасқан заманауи тұрғын үйден 60 отбасы өз баспанасына қол жеткізді, олардың ішінде 20 жетім бала жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында салтанатты түрде табысталды. Үйдің құрылысы 2022 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұратын бұл…
Тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұл саласы – ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі. Құрылысшылар – қала мен ауылдың көрікті сәулетін, келісті келбетін қалыптастыратын өрісті, өнімді еңбек саласының бірегей буыны,- деп хабарлайды Ertenmedia Кейінгі алты жылда ел көлемінде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 871 404 пәтер пайдалануға берілді. 2025 жылдың алғашқы алты айында ғана 7,9 млн шаршы метр, 72 300 тұрғын үй тапсырылды. Бұл да болса – тұрақты өсу динамикасының нақты көрсеткіші. Сандардың сыртында қолайлы да заманауи өмір сүру ортасын жасайтын инженерлердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің, құрыш қолды қарапайым жұмысшылардың ересен еңбегі тұр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев:…
Ринат Серікұлының мамандығы – заңгер. Бірақ жоғары оқу орнын тәмамадаған соң еңбек жолын құрылыс саласында бастады. «Бұған ұзақ жыл құрылыста жемісті жұмыс істеген әкемнің тәлімі әсер етті», дейді өзі. Бүгінде іргелі BI-group құрылыс компаниясында бөлім басқаратын маманмен зауыттағы қарбалас жұмыс арасында тілдестік. Біз барғанда жұмысшылар кезекті блокты құйып, жөнелтуге даярлап жатты. – Әңгімемізді күнделікті жұмыс жайынан бастасақ. – Бригада екі ауысыммен жұмыс істейді. Күндізгі ауысымдағылардың кешке дейін әзірлеген блогын түнгі ауысымға шығатын жұмысшылар жалғастырады. Ең алдымен блоктың, яғни көп қабатты үй пәтерлері бөлмесінің қалыбына арматура тоқылады. Одан кейін бетон құйылып, кептіріледі. Есік, терезесі салынып, жинақтаушы топ кем-кетігін бүтіндеп, әрлейді де…










