Автор: editor

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов әлеуметтік желіде өзіне қарсы жазылып жатқан сыни пікірлерге жауап беріп, тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ол бұл мәлімдемесін желідегі арнасында жариялады. «Бәріміз қазақпыз ғой! Мен туралы жазылып жатқанның бәріне жауап ретінде айтарым: менің болмысым – қазақ. Осы уақыт ішінде мені «ватник» та деді, «шетел агенті» де деді, «прокремльшіл» деп те айыптады. Бірақ бұлардың ешқайсы шындыққа жанаспайды. Барлығын өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарымды мұқият зерттеуге шақырамын. Кейінгі кезде мен туралы түрлі қауесет көп тарап жүр. Біреулер өмірбаянымда туған жерім ретінде Қазақ КСР-ін әдейі көрсетті десе, біресе ресейлік БАҚ менің сөздерімді контекстен жұлып алып, бұрмалап, оларды мүлде басқа…

Толық оқу

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында бағдарламаның шарттары туралы айтып берді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін өтінім 6 наурыздан бастап қабылданады. 2024 жылдың соңында жергілікті мәслихат шешімімен «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына 1 260 000 000 теңге қаражат бөлінген. Бағдарлама аясында 70 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. «Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000 теңге. Несие беру уақыты – 19 жылға дейін болса, пайыздық мөлшерлеме – 5%. Ал бастапқы жарна — 10%, яғни 1 800 000 теңге болса тұрғын үй бағдарламасына қатыса аласыз», — деді басқарма…

Толық оқу

8 наурыз қарсаңында мұғалімдерге сыйлық іздеп, мессенжерлерде әбігерге түсетін ата-аналарға арналған маңызды ақпарат жарияланды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақпаратқа сүйенсек, ұстаздарға гүл сыйлауға рұқсат, бірақ оның құны заңмен шектелген. Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді мерекемен құттықтау заң бұзу болып саналмайтынын хабарлады. Алайда қымбат сыйлық жасау үшін ұжымдасып ақша жинауға болмайтынын ескертіп отыр. Сыйлықтың құны 5 АЕК-тен аспауға тиіс, бұл — биыл 19 660 теңгеге тең. Айта кетейік, 2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережелерге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, 10 наурызға ауыстырылады. бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап шықты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі алдымен «Bi Global» серіктестігі қолға алған, ғимаратының аумағы 3820,43 шаршы метр шығармашылық-инновациялық орталыққа барды. Орталық қолданысқа берілгеннен кейін балаларға спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағытта қызмет көрсетеді. Волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдарында, соңғы үлгідегі бассейнде жаттығу мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналыса алады. Қазір болашақтағы сәулетті ғимараттың бой тіктегенін, орталықты межелі мерзімде табыстау үшін жұмыс қарқыны жылдамдағанын байқауға болады. Әрі қарай аймақ басшысы 2023 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысымен танысты. Жоба бастамашысы «Қызылорда Нан»…

Толық оқу

«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Дөңсебаевқа үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі Залал толық өтелуіне және ауыр сырқат болуына байланысты Дөңсебаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен қатар, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Толық оқу

Алматы әкімдігі 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтінішті қабылдау басталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары: Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін; Пайыздық мөлшерлеме – 5%; Бастапқы жарна – 10%; Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі; Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары. Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар: Өтініш беруші мен…

Толық оқу

6 наурыз күні таңертең Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында сүзу алаңдарын (кәріз тұндырғышын) нығайтудың серпіні туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға нәтижесінде Ынтымақ көшесіндегі он жеке тұрғын үйдің ауласы су астында қалды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Дәурен Оразбеков жедел келді. Салдарды жою үшін Алматы облысы ТЖД және ТЖД № 28237 әскери бөлімінің жеке құрамының 62 адамы мен 7 техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 9 қызметкері мен 4 техникасы тартылды. ТЖД күштерімен тұндырғышты нығайту, инертті материалдарды пайдалана отырып, аула аумақтары бойында қорғаныш үйінділер салу,…

Толық оқу

Алматыда асқан қатігездікпен күзетшіні өлтірген адамды прокурор 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұм Нұрбол Қайыпбаевтың жесірі мұндай жазамен келіспейтінін айтты. Ол қоғамға қауіп төндіретін қандықолды өмір бойы түрмеге қамауын талап етіп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia «КТК» телеарнасына сілтеп. Нұрбол Қайыпбаев қаза тапқанына бір жылдай уақыт болды. Бірақ күдікті ұсталған бойда психикасында ауытқуы бар деген желеумен тергеу бір тоқтатылды. Шу шыққаннан кейін ол аяқ асты сау болып шыққан. Тіпті ол бұрынғы депутаттың баласы деген қауесет те желіде жүрді. Түбінде күдіктінің үстінен тағы бір айып тағылып, іс енді аяқталуға жақындап келеді. Тағылған айыптың бірі — қақпадан шығармай қойған күзетшіні асқан…

Толық оқу

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеше Парламент Мәжілісінің баспасөз конфренциясында болған жайтқа қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтауға шақырды. «Құрметті әріптестер! Журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді жұмысы қоғамның негізгі құқықтарының бірі – объективті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алайда, осы бірлескен жұмыс кезінде кез келген өркениетті қоғамда басты қағидаттардың бірі саналатын сыйластық, этика және мәдени қарым-қатынас толық сақтала бермейді. Мәжіліс қабырғасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады. Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер…

Толық оқу

Түркістандағы «Достық үйінде» Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен, аға буын мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңның орындалуы жөнінде мәжіліс өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заң 13 баптан тұрады. Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына 44 қосымша құзыреттілік беріледі. Өңір басшысы бұл құжат Түркістанның дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді. «Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойды. Аталған заң барша түркі елдері мен Түркістан қаласының тұрғындары…

Толық оқу