Қазақстан билігі ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі Астанадағы зәулім вилланы әлі күнге дейін сата алмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia Bloomberg-ке сілтеп. Басылым журналистері Кәрім Қажымқанұлының зәулім үйі не себепті өтпей тұрғанын зерттеген екен. Жалпы ауданы 2878 шаршы метрлік вилланың бағасы бастапқы құнынан 40 пайызға төмендеген. Соған қарамастан, үйге «құда түсушілер» жоқтың қасы. Басылымның дерегінше, аталған виллада диско-бар, джәкузи, бәссейн, жеке театр және 30 бөлме бар. Бір қызығы, жатын бөлмелердің біріндегі төсектің өзі бірден төрт адамға арналған екен. «Үйдің бағасы бастапқыдан 3 миллион долларға арзандаса да, саудасы жүрмей тұр. Биыл мамыр айында үшінші рет өтпей қалды. Активтерді басқару компаниясы зәулім үйден…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элемент болады. Орталықтың негізгі міндеттері: жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару; азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету; ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту. Ақпараттық қанықтыру жағдайында фактілерді қасақана бұрмалаудан ажырату өте маңызды. Жаңа орталық ақпарат ағынында навигация құралына айналады. Жұмыс мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, журналистер және азаматтармен ынтымақтастықта жүргізіледі. Орталықты құру — бұл нақты фактілерге, жауапкершілікке және ақпаратқа деген сенімге негізделген тұрақты коммуникациялық ортаны қалыптастыруға қисынды қадам. Орталық фейктерге тұрақты шолулар,…
Мемлекет басшысының бастамасымен ел аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 тамыз күні Маңғыстау спортшылары теңіз жағалауын қоқыстан тазалады. Экологиялық науқан аясында 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Экологиялық іс-шараға 37 спорт мекемесінен 450 спортшы қатысты. Қатысушыларға қалалық әкімдік тарапынан қажетті құрал-жабдықтар берілді. -Өңір спортшылары тазалық жұмыстарын жиі жүргізеді. Бүгін 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарда бар, — деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Мангубаев. Тазалық науқанына қатысқан еркін күрестен Азия чемпионы Маис Алиев барша өңір тұрғындарын теңіз жағалауын ғана…
Ұлттық банк теңгенің құлдырауын тежеу үшін нарыққа 125,6 млн доллар қаржы құйды. Бұл туралы реттеуші органның валюта нарығы жөніндегі ақпараттық есебінде айтылған, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресми дерекке сүйенсек, шілде айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 4 пайызға төмендеп, бір доллар 540,72 теңгеге дейін өскен. Ай бойы KASE қор биржасындағы валюта саудасының жалпы көлемі 5,7 млрд долларды құраған. Бұған қоса, өткен айда Ұлттық қордан нарыққа 700 млн доллар бөлінген. Қаражат бюджет тапшылығын жабуға және Талдықорған–Үшарал газ құбырының құрылысын қаржыландыруға жұмсалған. Тамыз айында Ұлттық қордан қосымша тағы 400–500 млн доллар көлемінде валюта сату көзделіп отыр. Сонымен қатар, «айырбас операциясы» шеңберінде тағы 290 млрд…
Air China әуе компаниясы Бейжің мен Алматы арасындағы жаңа бағытты іске қосты. Қытай астанасы мен Қазақстанның ең ірі қаласын тікелей жалғайтын рейс аптасына төрт рет қатынайды. Осы арқылы екі ел арасындағы туризм, сауда-саттық, логистика және инвестициялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілмек, деп хабарлайды Ertenmedia. Қытайлық әуе компаниясы бұл қадамға стратегиялық мән беріп отыр. Air China-ның Бейжің–Алматы бағытындағы алғашқы рейсі Алматы халықаралық әуежайына жақында қонды. Boeing 737 ұшағымен орындалатын рейс дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Тікелей рейс екі қаланың арасын қысқартып, бұрынғыдай басқа қалалар арқылы ұшудың қажеттілігін жойды. Осы бағытты ашу арқылы Air China Орталық Азиядағы ықпалын арттыруды көздеп отыр.…
Назарбаев мектептерінде жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдердің жалақысы жергілікті ұстаздардан 5 есе көп болып шықты. Аталған жайт Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia. 2024 жылғы бюджеттің орындалуын қадағалау барысында Смайыловтың «сарбаздары» жергілікті және шетелдік мұғалімдердің жалақысы арасындағы жер мен көктей айырмашылықты анықтаған. Былтыр қазақ ұстаздардың орташа жалақысы 508,1 мың теңге (шамамен 934 доллар) болса, шетелден келген мұғалімдердің орташа табысы 2 млн 281 мың теңгені (шамамен 4195 доллар) құраған. Аудит барысында шетелдік мамандардың жалақысынан бөлек, олардың баспана шығыны мен әуе билетіне дейін мектеп есебінен төленетіні белгілі болды. Шетелдік мұғалімдер білім сапасын жақсартуға нақты қандай үлес қосқаны әзірге…
Сақтандыру нарығында жұмыс істейтін «Еуразия» компаниясының дерегінше, Қазақстанда жол-көлік оқиғасы соңғы бір жылда 40 пайызға өскен. Бұл ресми статистикадан бірнеше есеге артық деп хабарлайды Ertenmedia. Сақтандырушылардың мәліметтері мен Бас прокуратураның статистикасы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Қадағалау органы тек адам зардап шеккен немесе қайтыс болған апаттарды ғана тіркейді. Ал шын мәнінде, жолдағы апаттардың басым бөлігінде адам емес, көліктер зардап шегеді. Бұл айырмашылық әсіресе Астана қаласында анық байқалып отыр. Елорданың жол апаты бойынша статистикасында сақтандыру компаниялары ұсынған дерек пен ресми мәліметтің арасындағы айырмашылық 11,59 есеге жеткен. 2024 жылы 250 мың автокөлік жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккен. Бұл – Қазақстандағы жалпы көлік паркінің…
Қазақстан 2025 жылға дейінгі жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді 25%-ға азайтып, Ғаламдық мониторинг жүйесінің мақсаттарына қол жеткізген ДДСҰ-ның Еуропалық өңіріндегі 9 елдің қатарына кірді. Осылайша Қазақстан аталған жетістікке жеткен Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Бұл туралы ДДСҰ баяндамасында айтылды деп жазды БҰҰ ресми сайты. «Жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітімнің алдын алу, қауіп факторлары және күрес стратегиялары» баяндамасында Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікпен күрес саласындағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда қолданған тәжірибесі мен шаралары қарастырылған. Аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға, емдеуді жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға ерекше назар аудара отырып, Қазақстан өңір елдеріне үлгі болып отыр. «ДДСҰ…
Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді және өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Премьер-Министр заманауи су үнемдеу технологияларын іске қосқан Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқаптарында болды. Шаруашылықта күріш, күздік бидай және жоңышқа өсіріледі, ал суару үшін суды ұтымды тұтыну жүйелері қолданылады. Қолданылған шешімдердің тиімділігі осы жылдың вегетациялық кезеңінің мысалында көрсетілді. Олжас Бектенов өңірдің негізгі гидротехникалық нысандарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Сырдария ауданында орналасқан «Әйтек» су торабының жұмысын тексерді. Су торабы 2004 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген. «Әйтек» арқылы 13 мың гектар егіс алқабы мен 3…
Нақтыланған деректер бойынша 2024 жылы ЖІӨ нақты көлем индексі 105% құрады. Өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 136,6 трлн теңге. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,9%, қызметтердікі – 58%. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлес Өнеркәсіп саласына тиесілі – 26,1%. Ең жоғары өсім Құрылыс (15,3%), Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (13,7%), Көлік және қойма (9,4%), Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (8,9%), Өңдеу өнеркәсібі (6,8%) салалары көрсетті. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2024 жылы 14 444,6 АҚШ долларын құрады. Динамикада бақыланбайтын экономика үлесі 2020 жылғы 20,2%-тен 2024 жылы 16,7%-ке дейін төмендеген, оның ішінде заңсыз қызмет үлесі ЖІӨ-нің 1,18%. ЖІӨ – нарықтық…










