Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қаладан көшіп келген медицина саласы мамандарына тұрғын үй кілттері салтанатты түрде табысталды,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған іс-шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов ауылға келіп, халық саулығы жолында еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне тұрғын үйлердің кілтін табыстады. – Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірімізде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – қалада тұратын ауыл азаматтарын туған ауылына қайта оралту арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу. Осы бағытта облыс көлемінде…

Толық оқу

Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр. Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі. Маңызды жетістіктердің бірі халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі.…

Толық оқу
Транскаспий

Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы. Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада он мыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктер мен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар. Көлік саласының жалпы дамуына да теміржол саласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз…

Толық оқу

«Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты. Көшелер мен саябақтарды тазалауға Мәжіліс, жергілікті мәслихат депутаттары, жастар кеңесінің мүшелері мен партия белсенділері шықты. Өз үйіміз – өлең төсегіміз Қазақстанымызды өзімізден басқа ешкім таза әрі одан жақсы ете алмайды. Әрине, қалалардағы, ауылдардағы, көшелер мен аулалардағы тазалық пен тәртіп күн сайын сақталуы тиіс, сенбіліктер тұрғындардың сапалы өмір сүруге деген күнделікті ұмтылысы мен күш-жігерін алмастыра алмайды. Сондықтан Президент Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы — бұл ең алдымен әркімнің өз үйіне, өмір сүретін ортасына деген жауапкершілігі. Бұл біздің сүйікті қалаларымыз бен ауылдарымыздың тартымды келбетіне әркімнің үлес қосуының маңыздылығын бағалаудың тағы бір жақсы, тіпті жаһандық…

Толық оқу

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында 2025 жылдың 1 тамызында Бейбітшілік және келісім сарайында «Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өз жұмысын бастады. Қос көрменің басты мақсаты – түрлі діни конфессиялардың тарихи және рухани мұрасын кеңінен таныту арқылы қоғамда дінаралық түсіністік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ көрмеге келушілердің рухани-танымдық көкжиегін кеңейту. Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрмеде ұсынылған артефакттер жай ғана тарихи жәдігер емес, адамзаттың рухани және мәдени мұрасын жеткізуші, ұлы оқиғалардың куәсі екенін атап өтті. Алда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі – Қазақстанның бейбітшілік, келісім мен гуманизм…

Толық оқу

Қазақстанды әлемге таныту – мыңдаған сөзден гөрі, әсерлі бір көрініспен әлдеқайда оңай жүзеге асады. Алматы облысының табиғи байлығы мен экотуризм әлеуетін халықаралық дәрежеде паш ету мақсатында, биыл жазда өңірге Ресей, Италия, Оңтүстік Кореяның ірі түсірілім топтары арнайы келді. Бұл – туризмнің тек бизнес қана емес, елдің мәртебесі мен ұлттың имиджін көтеретін медицина тәрізді стратегиялық салаға айналғанының айқын көрінісі. Соңғы жылдары Алматы облысы Орталық Азияда табиғи рекреация мен денсаулық туризмінің флагманына айналуда. Әсіресе, экологиялық туризм бағытындағы медициналық-биологиялық кластер дамып келеді. Шетелдік БАҚ бұл үрдіске тұрақты қызығушылық білдіруде. Ал ағымдағы шілдеде өткен түсірілімдер – соның жарқын дәлелі. 2025 жылғы 26-27 шілде күндері…

Толық оқу

Ұлытау облысында бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды. Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Жаңа оқу жылына дайындық ретінде биыл облыстың 7 мектебінде күрделі, 2 білім ошағында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Оған қоса, 24 мектеп 28 пәндік кабинеттерімен оның ішінде физика – 6, химия – 6, биология – 5, STEM – 6,…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары ретінде атады. – Мемлекет үшін көлік саласының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл – айқын нәрсе. Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі. Онсыз экономиканың алға басуы мүмкін емес. Сондықтан бұл салаға біз аса маңызды басымдық ретінде қараймыз. Көлік құралдары – экономиканың қозғаушы күші, өсіп-өркендеу кепілі десек, артық болмайды. Еліміздің осы саладағы мүмкіндіктері мол, тіпті, бірегей деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Салтанатты жиында еліміздің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан…

Толық оқу

2025 жылдың 6 айында Әділет департаментіне 3907 құжат түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 3697, заңды тұлғалардан – 210. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұржан Әлиханұлы мәлімдеді. «Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 993 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 820-і –қағаз түрінде, 173-і – электронды түрде. Сондай-ақ, 590 заңды тұлға бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп, бюджетке 1 612 750 теңге қаражат түсті. Жыл басынан бері  мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша департамент тарапынан 110 адвокат және 23 заң консультантпен келісім жасалып, 3592 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Ал алимент өндіру санаты бойынша 22 813 құжат орындалу барысында. Бұдан өзге, 499 борышкерге іздеу жарияланып,…

Толық оқу

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті. Премьер-министр өз сөзінде көлік-логистика секторының ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға көлік секторының әлеуетін арттырып, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту міндетін қойды. Бұл орайда, жолаушылар мен жүк тасымалын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етіп отырған көлік қызметкерлерінің қажырлы еңбегі қашанда маңызды. Отандық көлік саласы биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 22,7% деңгейінде қарқынды өсім көрсетті. Мұның барлығында өздеріңіз сияқты сала мамандары мен ардагерлерінің маңдай тері, адал еңбегі жатыр, –…

Толық оқу