Автор: Асылхан Бөрібай

2025 жылды еліміз Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы тегін емес. Бүгінде ел дамуы – тек шикізатқа немесе қаржылық капиталға ғана емес, адам капиталына, білікті мамандарға тікелей тәуелді. Оған жету жолдарының бірі – кәсіби білім беру ұйымдарының жаңа деңгейге шығуы, халықаралық серіктестікті күшейтуі. Елімізде осы бағытта қадам басып отырған мекемелердің бірі – APEC PetroTechnic жоғары колледжі. Бұл оқу орны соңғы жылдары кәсіби білім беру саласында ерекше серпіліс жасап, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесін бағындырғанын білеміз. Жақында колледж Қытайдың Zhejiang Business College оқу орнымен және Швейцарияның Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship (SITE) ұйымымен екіжақты маңызды келісімдерге қол қойды. Мұндай меморандумдар – жалаң…

Толық оқу

Өскеменнің қақ ортасында пайда болған жаңа муралды көрген әрбір жанның ойына ең әуелі батырлық, тәуекелшілдік, жанқиярлық сынды асыл қасиеттер келері хақ. Қызыл түсті өрт сөндіру көлігінің жанында сәбиін құшақтаған құтқарушы бейнесі көпшілікке ой салары сөзсіз. Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен дүниеге келген бұл муралдың артында терең мән жатыр. Оның салынуына себеп болған да кездейсоқ емес – биыл құтқарушылар күні ұлттық күнтізбеде пайда болғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде талай өрттің ортасына кірген, талай су тасқынында адам құтқарған, талай апатта өмірін қатерге тіккен боздақтардың еңбегі халықтың көз алдында. Сондықтан дәл осындай көркем ескерткіштің…

Толық оқу

Бүгін ҚР Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне отандық мұнай-газ-химиясы саласын дамыту стратегиясының өзекті мәселелері және мұнай өнімдерінің маусымдық тапшылығын болғызбау жөніндегі шаралар, мұнай өнімдерін әділ және ашық бөлудің электрондық тетігін енгізу, сондай-ақ мұнай өнімдерін мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы ақпарат берілді. Отырысқа «Самрұқ-Казына» АҚ, «Бутадиен» ЖШС, «KMG Petrochem» ЖШС, «Силлено» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Толық оқу

Отанға опасыздық жасаған ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген құнды заттар сатуға шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Активтерді қайтару жөніндегі басқарушы компания электронды сауда алаңына ерекше лоттар қойды. Тізімде моншақтары меруертпен безендірілген білезіктерден бастап, кавказдық қанжар мен естелік монеталарға дейін бар. Саудадағы заттардың бағасы назар аудартады. Мәселен, «Montegrappa Italia» жазуы бар қаламның құны 628 мың теңге. Тұтқасы бұғы мүйізінен жасалған қылыш 582 мың теңге болса, әшекейлі қаптамадағы кавказ қанжары 198 мың теңгеге бағаланған. Тіпті қолтырауынның басына ұқсатып жасалған, жүзі дамаск болатынан құйылған пышақты 95 мың теңгеге иеленуге болады. Лоттардың ішіндегі ең бағалысы номиналы 200 долларлық, ІІ Елизавета бейнеленген коллекциялық монета. Оның сатылымдағы…

Толық оқу

Бүгін сағат 08:50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Боралдай кентіндегі пәтерге жарқанат кіріп кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағынан 3 құтқарушы 1 техника бірлігімен дереу жолға шықты. Шақырту орнына дейінгі қашықтық – 70 шақырым. Сағат 09:49-да құтқарушылар оқиға орнына жетіп, барлау жұмыстарын бастады. Сағат 10:02-де жарқанат ұсталып, тұрғын үйлерден алыс жерде табиғатқа жіберілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жаз мезгілінде жарқанаттар сияқты жабайы жануарлардың тұрғын үйлерде пайда болу жағдайлары жиілейді. Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД келесі ескертулерді ұсынады: Жан-жаққа үрейленбеңіз және жануарды өз бетінше ұстауға тырыспаңыз. Жануар кірген бөлмені оқшаулап, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Жарқанатқа…

Толық оқу

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР елінің ірі Funde Holding Group Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіру жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Бұл өңірге шамамен екі миллиард АҚШ доллар инвестиция тартуға және жаңадан мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Ertenmedia Қытай елінің компаниясы халықаралық тәжірибеге ие және бүкіл әлем бойынша ауқымды энергетикалық бастамаларды жүзеге асырып келеді. Инвесторлар жобаны жүзеге асырмас бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жасаған. Кездесу аясында ынтымақтастықтың алдын ала жоспары, сондай-ақ жобаны талқылауға бейінді басқармалар мен сарапшылардың қатысуы келісілді. «Жобаның жүзеге асуы Зайсан ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік.…

Толық оқу

ЦДИАӨМ пен Astana Hub бірлесіп, жасөспірімдерден бастап ересектер мен мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі барлық санаттағы азаматтар үшін жасанды интеллект (ЖИ) саласында ауқымды және тегін білім беру жобаларын жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Ertenmedia 2025 жылдың қазанында Астанада TUMO шығармашылық технологиялар орталығы ашылады — 12-ден 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған тегін білім беру алаңы. Бағдарлама генеративті ЖИ, ойындар жасау, анимация, 3D-модельдеу, робототехника және тағы басқа 11 бағытты қамтиды. Орталық Alem.ai халықаралық ЖИ орталығының 2 және 3-қабаттарында орналасады және жылына 5000 оқушыға тегін білім беру жоспарлануда. Қабылдау талаптары жоқ, өтінімдерді hamar сайтында snart.kazakhstan/alem.ai жақында бастайды. Келесі 3–5 жыл ішінде жоба Қазақстан бойынша, оның…

Толық оқу

Түркістан облысының орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен Президент кеңесшісі университет жанындағы Ботаникалық бақты аралап,  ғылыми құрылым жетекшілері мен бақ қызметкерлерімен пікір алмасты. Университеттің ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ботаникалық бақтың жер көлемі  88 гектар аумақты құрайды. Мұнда 127-ден астам өсімдік түрі бапталады. Сондай-ақ, өңір климатына бейімделген коллекция қалыптасқан. Сирек кездесетін ағаш-бұталар мен…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында азаматтық батылдық пен адал еңбек лайықты бағасын алды,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табыстады. Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылында ит шабуылына ұшыраған 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалды. Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында орын алған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған. Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын…

Толық оқу

Астана сотында атышулы Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста жәбірленуші Олжас Садық айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның жазасын жеңілдетуді сұрап, өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia. Блогер 2023 жылы Газа халқына қолдау ретінде ел азаматтарынан ерікті түрде қаражат жинап, жиналған 83 млн теңгені «Biz Birgemiz» қорына аударған. Қаржының мақсатты жұмсалғанына көз жеткізу үшін ол Перизатпен бірге Әбу-Дабиге барған. Алайда сапар нәтижесіз аяқталған. «Қаржыны қорға аударған соң Перизаттың байланысы сиреді. Уәде етілген есеп-қисаптың орнына түрлі себеп айтып, сылтауратты. Уақыт өте келе халықтың сеніп тапсырған ақшасы қайырымдылық емес, айыпталушының жеке шығындарына жұмсалғаны белгілі болды», – деді Олжас Садық соттағы сөзінде.…

Толық оқу