Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуды қолдауға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Соның аясында 31 шілдеде Іле ауданында «Бүгін тазалық – ертең саулық!» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шараға 150-ден астам адам эковолонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты. Акция барысында қоғамдық аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектер отырғызылды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды ұтымды басқару бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға Іле аудандық мәслихатының депутаты Алмасбек Қожабекұлы Сатыбаев құттықтау сөз арнап, әрбір азаматтың мұндай бастамаларға қатысуы — еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен дені сау болашағына қосқан нақты үлесі екенін атап…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жазда суға шомылу кезінде қуаныш пен қауіп қатар жүретіні жасырын емес. Биылғы маусымда жазатайым оқиғалардың басым бөлігі рұқсат етілмеген, жабдықталмаған су айдындарында болып жатқанын ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажкенов Ertenmedia.kz сайты берген сұхбаттанда қадап тұрып айтты. Білікті маман шомылу маусымында рұқсат етілген жағажайдың артықшылығын, буйкадан аспау, алкогольден аулақ болу, жартастан секірмеу сияқты қарапайым ережелердің өмір сақтайтынын ескертті. Маманның өзге де ақыл-кеңестерін сұхбаттан оқып, біліп алыңыз. – Дидар мырза, жаз басталса болды жағажайлар мен өзен-көлдерге ағылатын адамдар күрт көбейеді. Биылғы маусымға қандай көңіл-күймен кірдіңіздер? – Құтақарушылар үшін жаз дегеніңіз тәуекел мол маусым. Соңғы жылдары жазатайым…
Алматы облысында, соның ішінде Талғар ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуда жаңа кезең басталды. Бұрынғы коммуналдық кәсіпорын «Талғар су» қайта ұйымдастырылып, Алматы облысы әкімдігі 100% қатысатын Alatau Public Utilities бірыңғай операторы болып құрылды. Бұл шешім Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы бастаған жергілікті атқарушы органның бастамасымен қабылданды,- деп хабарлайды Ertenmedia Компания 2024 жылдан бастап саланы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауысу арқылы компания даму стратегиясын түбегейлі өзгертті. Бас директор Асқар Тұтұбаев кәсіпорын қызметін ашықтық, айқындық және инвестициялық тиімділік қағидаттарына негізделе отырып кешенді түрде қайта құруға бағытталғанын мәлімдеді. Компания стратегиясының негізінде Мемлекет басшысының тарифтік саясатты…
Қазақстан – Орталық Азиядағы негізгі энергия өндіруші елдердің бірі – ішкі нарықтағы газ бағасына көпжылдық субсидиялау саясатын кезең-кезеңімен тоқтатуға кірісті. Бұл қадам – күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет реформа. Себебі, ұзақ жылдар бойы Қазақстан әлемдегі ең арзан жанармай тұтынушылар үштігіне кіріп, жасанды төмен баға жүйесі экономикада үлкен бұрмалаушылық пен жүйелі тәуекелдерге әкеп соқты. Экономикалық дисбаланс: субсидия мен шындықтың арасы Қазақстандағы газ өндірісі көп жылдар бойы тиімсіз модельге сүйеніп келді: зауыттар ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын және мұнай өнімдерін өзіндік құнынан әлдеқайда төмен бағамен сатуға мәжбүр болды. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, өндірістің өзіндік құны тоннасына $128-147 болса, сатылым бағасы $82-96 ғана…
Түркияның TPAO ұлттық мұнай компаниясы Қазақстан нарығына қайта оралады, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаевтың Түркия сапары барысында «ҚазМұнайГаз» бен TPAO арасында мұнай-газ саласында барлау және кен орындарын игеру бойынша өзара әріптестік туралы келісім жасалды, деп жазады oilgazKZ. TPAO Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция құйған алғашқы шетелдік компания болатын. 1993 жылдың 9 қаңтарында, «Теңізшевройл» құрылғанға дейін үш ай бұрын, TPAO мен Қазақстанның Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісіміне қол қойған еді. Бір айдан кейін, 4 ақпанда, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ресми тіркелген. Бірлескен кәсіпорынның 51 пайызы «Қазақойл» ұлттық компаниясына, 49 пайызы TPAO-ға тиесілі болды. 2014 жылдың 23 қазанында «Қазақойлдың»…
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгін семсерлесуден ұлттық құрама Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы — Италия құрамасын жеңді. Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды. Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде отандық спортшылар тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп…
Сыр өңірінде биылғы егіс маусымы бұрын-соңды болмаған сын-тегеуріндермен бетпе-бет келді. Су тапшылығы, климаттың күрт өзгеруі шаруаның тынысын тарылтқаны анық. Осындай жағдайда күріш егетін шаруаның әр күні есепке құрып, әр литр суды бағалауға итермеледі. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау, көрші елдермен жүргізілген су дипломатиясы, жаңа технологияларды енгізу жұмыстың кері кетпеуіне септескені анық. Осы ретте Ertenmedia.kz сайтының аймақтағы тілшілері Қызылорда облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті, «Қазақстанның Еңбек Ері» Абзал Ералиевпен сұхбаттасып, су тапшылығының салдары, жаңа ғылыми ізденістер, егіс көлемін оңтайландыру, кадр дайындау мәселесі жайында сұрап, тартымды сұхбат алған еді. Енді сол сұхбатты оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз. – Абзал Жұмашұлы, биылғы егіс…
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Яғни, контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өссе, пайдаланушы 379 312, қашықтықтан 746 056 пайдаланушы кіріп, 44% артты. Сондай-ақ авторлардың рұқсатымен құжаттарды жүктеу саны 1 миллион 600 мыңнан асты. Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейді. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланды. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған, 64 тілдегі құжаттармен еркін танысу мүмкіндігі бар. ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал.…
Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 550 теңгеден асып, соңғы уақыттағы ең жоғары межеге жетті. Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреуіне жол бермеу үшін валюталық интервенция бастады деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, теңге шілде айының басынан бері 5,8%-ға арзандаған. Жыл басынан бері ұлттық валюта 4,7%-ға құлдырады. Бас банк валюта нарығында доллар тапшылығы байқалып, оған қоса алыпсатарлардың қысымы күшейген соң осындай қадамға барғанын жеткізді. Ұлттық банк теңгенің қазіргі әлсіреуі негізсіз, нарықтағы жағдай жасанды деп есептейді. «Экономиканың негізгі көрсеткіштері тұрақты. Мұнай бағасы барреліне 70 доллардан жоғары тұр. Дүниежүзінде доллар бағамы әлсіреп барады. Осы жағдайға қарамастан, теңгенің төмендеуі ешбір экономикалық негізге сүйенбейді. Ұлттық валютамыздың…
Қазақстанның рухани мұрасын сақтау – ұлттық болмысты танудың, тарихи сабақтастықты қамтамасыз етудің және мәдени-өркениеттік құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызды алғышарты болып табылады. Уақыт өте келе табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың ықпалынан көне құжаттар мен сирек қолжазбалар түрлі дәрежеде зақымданып, жойылып кету қаупіне ұшырайды. Мұндай тарихи жәдігерлер – халқымыздың мәдени-тарихи дамуын айқындайтын, ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары дереккөздер. Оларды сақтау, қалпына келтіру және түпнұсқа қалпында келешек ұрпаққа жеткізу – аса күрделі әрі жауапты міндет. Осы бағытта жұмыс істейтін отандық мекемелердің қатарында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Реставрация және консервация орталығы маңызды рөл атқарады. Бұл орталық – Қазақстанда жазба мұраны ғылыми негізде қалпына…










