Қазіргі заманғы құқықтық жүйе жаңа тәсілдерді талап етуде. Дауларды тек сот арқылы шешу – уақыт пен қаражатты көп қажет ететін, кәсіпкерлер үшін тиімсіз механизмге айналып отыр. Осы тұста медиация – яғни бейбіт, келіссөз арқылы дауларды реттеу тетігі – өзекті әрі тиімді шешім ретінде алдыңғы қатарға шығып келеді. «Қазақстан темір жолы», BІ Group және басқа да ірі ұлттық және жекеменшік компаниялар соңғы жылдары соттан тыс дауларды шешу жолын жиі пайдаланып келеді. Бұл олардың құқықтық дауларды шешудегі жауапкершілікті әрі стратегиялық көзқарасқа негізделген таңдауын көрсетеді. Ірі компаниялар тәжірибесі көрсеткендей, медиация – бұл әлсіздердің емес, ақылды, уақытын бағалайтын, қарым-қатынасты қадірлейтін компаниялардың таңдауы. Бүгінгі таңда…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елімізде бүгін, 5 тамыз – Медиация күні аталып өтіледі. Қоғамда дау-дамайсыз келісімге келудің мәдениеті ретінде қалыптасып келе жатқан бұл институтқа биыл 14 жыл. Осы аралықта медиация саласында қандай өзгерістер болды? Кәсіби және қоғамдық медиатордың айырмашылығы неде? Бұл сұрақтарға Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Жанар Үсіпбекова жауап берді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Baq.kz»-ке сілтеме жасап. — Жанар Жолдасбайқызы, оқырмандарға түсінікті болу үшін: медиатор кім және ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіріп өтсеңіз? Медиатордың қоғамдағы рөлі қандай? — 2011 жылы 5 тамызда «Медиация туралы» заң қабылданды. Осы 14 жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Медиатор дегеніміз – жеке тұлға.…
Елімізде медициналық қызмет бағасы өсіп барады. Energyprom сарапшыларының есебінше, бір жылдың ішінде қарапайым дәрігер қабылдауының өзі 22 пайызға қымбаттаған деп жазады Ertenmedia. Жыл басынан бері ақылы медицинаның бағасы жалпы алғанда 16,1 пайызға көтерілген. Әсіресе зертханалық сараптама мен медициналық тексерулер бағасы (21,5 пайыз) және алғашқы дәрігерлік қабылдау (19,5 пайыз) құны күрт артқан. Бұдан бөлек, мамандар кеңесі 8,6 пайызға, ал стоматологиялық қызмет 12 пайызға қымбаттаған. Дегенмен, дәрігер қабылдауы мен анализдердің бағасы көтерілгенімен, медициналық мекемелердің халық пен компаниялардан түсетін табысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1,5 пайызға төмендеген. Сарапшылар мұны ауруханалар табысының бірден 39,4 пайызға қысқаруымен түсіндіреді. Табыстың төмендеуіне мемлекет пен МӘМС қорының медициналық…
Мыңдаған сайт, миллиардтаған айналым, том-том қылмыстық іс. Бүгінгі таңда қазақстандық ойын нарығының ішкі жағдайы дәл осындай. Бұл мәселені аз да болса бақылауда ұстау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар мемлекеттік органдармен тұрақты түрде жұмыс істеп және де тиісті шараларды қабылдап келеді. Мәселен жыл басынан бері заңсыз құмар ойындары бар 15 мың сайт бұғатталды, жалпы айналым 2,3 млрд теңгені құрайтын 12 онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды, 10 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде онлайн-казино мен лотерея жарнамасы үшін 156 әкімшілік хаттама жасалып, 113 адам жауапқа тартылды, олардың ішінде блогерлер де бар. Маңғыстау облысында 2000-ға жуық адамның қатысуымен 162 млн теңгеге «лотерея» ұйымдастырған блогерге қарсы…
Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бастама алдағы бес жылды қамтиды. Жоспарға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Құжат бойынша, 2025–2029 жылдары өңірде жүзден астам іс-шара атқарылады. Туризмнің түйткілін тарқататын 9 бағыт айқындалған: инфрақұрылым, логистика, цифрландыру, қауіпсіздік мәселелері, кадр даярлау және инвестор тарту соның негізгілері. Үкіметтің хабарлауынша, өңірдегі туризмнің тынысын ашатын негізгі нысан Кендірлі аймағы болмақ. Мұнда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, туристік орындарға электр қуаты мен су жеткізіледі. Жол қатынасы реттеледі. Бұған қоса, Кендірлі ауылында инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсынысымен әуежай салынбақшы. Ақтауда халықаралық деңгейдегі теңіз вокзалы мен заманауи стадионның құрылысы қолға алынады.…
ERG корпорациясының төңірегінде тартыс қыза түскендей… Алып компанияны дамытуды көздеген Шухрат Ибрагимовтың жолын кесіп, елдің байлығына қол салғысы келетіндер ашық күреске шықты. Олар ескі заманды көксейтін Патох Шодиев пен оның айналасы… Патох Шодиевтің бар ойы мемлекет арқа сүйеп отырған кәсіпорындар мен активтерді арзанға сатып, ақшаны шетел асыру. Бұдан кейін өзі, қызы, құдасы, күйеу баласы бәрі-бәрі Лондонның шырайлы көшелерінде шалқып өмір сүруді ғана ойлайды. Бірақ Шодиевтің көксегені бола қоймас. Жас менеджер Шухрат Ибрагимов дәл осы қасіретке қарсы күресуде. Ол корпорацияның ресурсын акционерлерге дивиденд таратпай, өндірісті жаңғыртуға, жұмысшының жалақысын көтеруге бағыттауды таңдап отыр. Алайда дәл осы адамгершілікке Патох Шодиев миы жетер емес.…
Доналд Трамп Ақ үйдің сыртқы саясаттағы ұмытыла бастаған ескі жоспарын қайта жаңғыртыпты. Байденнің тұсында аса қажеті болмай, шаң басып жатқан құжат қайтадан кәдеге асуы мүмкін. Әмірика Қазақстан бастаған Орта Азия елдерін Израильмен жақындастыратын әйгілі «Авраам келісімдеріне» қоспақшы деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters агенттігіне сенсек, Трамп әкімшілігі келісімді кеңейтуге өте-мөте мүдделі. Мәміленің басты мәні мұсылман елдерін Тель-Әвивпен белсенді дипломатиялық қатынас орнатуға көндіру. Келісім алғаш рет (тағы да сол Трамптың тұсында) 2020–2021 жылдары жүзеге асып, төрт бірдей ислам мемлекеті Израильмен ресми түрде татуласқан болатын. Трамптың екінші мерзімінде мәміленің аясы кеңейіп, оған Орта Азия мен Қапқаз елдері қосылуы мүмкін. Уашингтонның тізіміндегі алғашқы кандидат Әзербайжан.…
Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумы мен ел билігі арасындағы миллиардтаған долларлық дау инвесторлардың пайдасына шешілді. Әңгіме жалпы құны 4 млрд доллардан асатын, экологиялық заңнама талаптарын бұзуға қатысты айыппұл туралы деп жазады Ertenmedia. Bloomberg-тің хабарлауынша, дау-дамайға себеп болған негізгі мәселе кен орнында өндірілетін күкірттің сақталу тәртібі. Қазақстан тарапы инвесторларды күкіртті нормадан тыс, экологиялық талаптарға қайшы түрде жинап, қоршаған ортаға орасан зиян келтірді деп кінәлаған болатын. Алайда NCOC консорциумына кіретін әлемдік алпауыт компаниялар Eni, Shell, Exxon Mobil мен TotalEnergies мұнымен келіспей, өз әрекеттерінің заңға қайшы еместігін мәлімдеп, сотқа жүгінген еді. Жақында ғана апелляциялық инстанция шетелдік инвесторлардың әрекетінде заңсыздық жоқ деп…
Қазақстан ұзақ жылдар бойы ел экономикасының басты қозғаушысы саналған энергетика саласындағы ережені түбегейлі өзгертуге кірісті. Жылдар бойы жалғасқан газ бағасын төмен деңгейде ұстау саясаты бірте-бірте тоқтатылмақ. Бұған себеп ел ішінде арзан отынның салдарынан орын алған экономикалық теңгерімсіздік пен инфрақұрылымдық тәуекелдер, деп хабарлайды Ertenmedia Oilreview-ге сілтеп. Қазақстан газ қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Алайда, ішкі нарықта сұраныстың күрт өсуі мен өндіріс инфрақұрылымының тозуы елді энергия тапшылығына әкеліп отыр. Осыған байланысты, ел үкіметі газ саласындағы экономикалық саясатты толығымен қайта қарауды бастады. Бұрын зауыттар сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа өндіріс шығынынан төмен бағаға сатуға мәжбүр болатын. Мамандардың дерегінше, 128-147 доллар тұратын өнім…
Қазіргі таңда Алматы қаласы тек қызмет көрсету, сауда және білім орталығы ғана емес, нағыз өндірістік қала ретінде танылып келеді. Қала маңындағы жаңа зауыттар, логистикалық тораптар мен инновациялық өндіріс ошақтары бүгінгі күннің басты трендіне айналып, экономиканың жүрегіне айналған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы біраз уақыт өнеркәсіптік әлеуетін жоғалта бастаған еді. Кеңес кезіндегі алып кәсіпорындар тоқтап, индустрия саласы тоқырады. Қала, көбінесе, сауда-саттық пен нарықтық қызметтерге икемделді. Бірақ жаһандану мен урбанизация үдерісі Алматыны қайта өндіріс қала болуға итермеледі. Соңғы жылдары осы бағыттағы өзгерістер айрықша байқалады. Қазір Алматы қаласы әкімдігі өнеркәсіптің дамуына айрықша мән беріп отыр. Әсіресе қала маңындағы индустриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар –…










