7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, әскери қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары және ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматтарға жылы лебізін білдірді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz “Ата-бабаларымыз аманаттаған қасиетті жеріміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – әр азаматтың асыл парызы. Президентіміз, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет». Бұл – ел қорғау ісінің маңыздылығын айшықтайтын терең ойлы сөз, – деді өңір басшысы. Облыс әкімі өз құттықтауында Мемлекет басшысының Отан қорғаушыларға…
Автор: editor
Бүгін Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 7 мамыр — Отан қорғаушы күніне және 9 Мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс — ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шарада Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев майдангерлер мен сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. «Президентіміз, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу», – деп атап өтті. Еліміздің аумақтық тұтастығын…
2025 жылғы 6 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға жеке құрам, ардагерлер және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Қатысушылар соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады. ТЖД бастығының м.а. подполковник Даурен Оразбеков пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Кабылов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, оның ішінде “Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен арнаулы атақтар табысталды. Ардагерлерге «Ардагер – Ветеран» және «Құрметті ардагер» төсбелгілері берілді. Шара патриоттық әндермен және бейнероликпен аяқталды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады. 1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға…
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды. Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов…
Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың 169 км учаскесіне жөндеу жүргізілуде, соның 29 шақырымы күрделі жөндеуден, ал 140 км орташа жөндеуден өткізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осы жылы жоғарыда аталған 169 шақырым автожол учаскелерінің 103 шақырымы жөнделіп, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, атап айтқанда «Сарыөзек ауылының айналма жолы» 0-7 км, «Сарыөзек-Көктал» 110-141, 142-178 км (67 км), «Айдарлы – Көктал» 291-306 км (15 км) және «Қонаев – Талдықорған» 124-169 км (13 км) жолдары. Мәселен, өткен жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Сарыөзек ст. айналма жолы» 0-7 км (7 км) автожолын күрделі жөндеу — осындай маңызды жобалардың бірі. Бүгінгі таңда қолданыстағы асфальтбетон жабынының 6000 м2 фрезерленді, жобалық 56…
Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді», — делінген хабарламада. Шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысқан. Ал Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспеген. «Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның…
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйіне барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ардагерлерді арнайы марапаттап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медаль табыс етті. Аудан басшысы өз сөзінде ардагерлерге ерліктері үшін алғысын білдірді. Бүгінде ардагерлердің бірі — 90 жастан асқан Ысқақ Әбдіқайым. Ол — ұстаздық қызметті абыройлы атқарып, «Үздік еңбек әулеті» марапатына ие болған қария. Сондай-ақ, 95 жастағы Рахия Кемелбек — жастайынан колхоз жұмыстарына белсене араласқан тыл ардагері.
«Алматы Қала Жарық» МКК қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және кеңейту бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда. 2025 жылдың 4 айында мамандар 12 мыңнан астам жарық нүктелерін ауыстырып, 450 жаңа тірек орнатып, 110 шақырым кабель жүргізді. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик баспасөз туры барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оның айтуынша, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл 15 мыңнан астам жаңа шам орнату жоспарлануда. Саябақтарда, жаяу жүргіншілер көшелерінде және тротуарлардың бойында 5700 — ден астам торшер шамдары пайда болады-қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін. Сондай-ақ, Алматының 70 көрнекті нысанында сәулеттік жарықтандыру қамтамасыз етіледі. «2025 жылы қалада…
Жетісу өңірінен Ұлы Отан соғысындағы майдан даласына 120 мыңнан астам адам аттанып, оның 47 мыңы ұрыс далаларында мәңгілікке көз жұмды. Жетісулық 38 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, 5-еуі Даңқ орденінің толық иегері, 58-і ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанды. Осы және басқа да құнды деректер Жетісуда облыс әкімдігінің қолдауымен Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітапта кеңінен жазылып көрсетілген,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен кездесу барысында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жаңа жинақ таныстырылды. Атап өтсек, облыстық мемлекеттік архив құрастырған жинақ 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Жетісудан шыққан Кеңес Одағының…
