Бас прокуратура Арғын Нығматулин қандай күдікке ілінгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қадағалау органы Арғын Нығматулинге және Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. «Соталды тергеп-тексеру шеңберінде А.З. Нығматулин күдікті деп танылды, сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты іздеу жарияланды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатқаны хабарланды. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура. Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы…
Автор: editor
Абай облысында көктемгі су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1 400 адамнан тұратын арнайы топ құрылып, қажетті техника әзірленді, қорғаныс дамбалары салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сонымен қатар, мамандар өзендер мен жолдардың, су қоймаларының жағдайын бақылап, су басу қаупін азайту үшін инженерлік жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель мәлімдеді. «Облыста су тасқыны наурыздың екінші онкүндігінде басталып, маусымның ортасына дейін жалғасады. «Қазгидромет» мәліметтері бойынша, топырақтың қату деңгейі 22-115 сантиметр аралығында, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Синоптиктердің болжамына сәйкес, наурыз айындағы орташа температура климаттық…
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура. Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы. Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.
Қазақстанда инфляция үдей түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,5 пайыз болған (қаңтарда — 1,1%). Бір ай ішінде ақылы қызметтер 2,1%-ға, азық-түлік тауарлары 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 1%-ға өскен. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Астанада байқалған: 2,9%, ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда 0,7%. Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы — 9,4%. Жыл ішінде ақылы қызметтер 14,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7%-ға, азық-түлік тауарлары 6,5%-ға қымбаттаған. Бір жыл ішінде баға былай өзгерді: Суық суға тариф – 70,7%, Электр энергиясына – 21%, Жылуға – 18,2%, Су бұруға – 17,3%, Ыстық суға – 14,5%, Тарату желілері…
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Анас Баққожаев әріптесі Жигули Дайрабаевтың партия төрағасының орынбасары қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттың сөзінше, Жигули Дайрабаевтың партиядағы қызметінен босатылуы ол жасаған мәлімдемеге байланысты болуы мүмкін емес. «Жоқ, о не дегендеріңіз?! Бізде әрбір адам кез келген мәлімдеме жасай алады. Менің ойымша, бұл оның себебі емес. Жеке себептері бар деп ойлаймын. Мүмкін ол шаршаған шығар, мүмкін депутаттық жұмысымен айналысқысы келеді», — деді мәжілісмен. Оның айтуынша, мұндай шешім Жигули Дайрабаевтың Парламенттегі заң шығару қызметіне көбірек уақыты жетуі үшін қабылданған да болуы мүмкін. 27 ақпанда өткен «Ауыл» партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында Жигули Дайрабаев партия…
Қарағанды облысында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында жемқорлық үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев, сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенко сотталды. Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласында жол берілген заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ақбиев пен Мұқашевқа 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Осы үкіммен пара берушілер А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенкоға 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік…
Алматыда Алғыс айту күніне орай қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы басталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл іс-шара әлеуметтік ауызбіршілікті нығайтып, аға буынға қамқорлықтың маңыздылығын айқындайды. Еріктілердің ардагерлер мен зейнеткерлерге көрсеткен көмегі: 102 жастағы ардагер, шекара әскерінде қызмет еткен Николай Таратуниннің үйін жинап, оның жеңіске қосқан үлесі мен бейбіт өмір үшін алғыс білдірді. 90 жастағы Тамара Уфимцеваның ауласын қар мен мұздан тазартты. Көру қабілетінен айырылған зейнеткер Виктор Саковичке жиһаз орнатып, жөндеу жұмыстарына көмектесті. Еріктілер қарт адамдарға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетті, ал ардагерлер мен зейнеткерлер оларға көмектескендері үшін алғыс айтты. Акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» бағдарламасы…
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қауіпті аймақтарда өзендердегі мұзды әлсірету үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылып, су өткізу жүйелері тазартылып жатыр. Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылы маңында мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жеткендіктен, мамандар арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл шара өзен арнасында мұз кептелістерін болдырмау үшін қажет болды. Нәтижесінде 10 692 шаршы метр аумақтағы мұз қабаты әлсіретілді. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, «KazExploService» ЖШС мамандары және жергілікті билік өкілдері қатысты. Глубокое ауданында да осындай шаралар жүргізілді. Глубочанка өзенінің сағасында 3 232 шаршы метр аумақта мұз қабаты бұзылды. Сарапшылардың айтуынша, мұзды алдын ала бұзу – судың…
Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аудару бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Прокуратура әлеуметтік шарттың міндеттері орындалмағанын және тұрғын үй құнын асыра бағалау мақсатында қолданыстағы заңнама өрескел бұзылғанын анықтаған. «Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл аудандарында қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар Әлеуметтік кодекс талаптарына және адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының талаптарына қарамастан, тұрғын үй сатып алу шығынын өтеу үшін мемлекеттік өтемақыны барынша көп көлемде алу мақсатында нақты құнын асыра көрсеткен», — деп жазылған мәліметте. Бас прокуратура мәліметінше, заңсыз әрекеттерден мемлекетке жалпы сомасы 11,3 млн теңге шығын келген. Прокуратура Қылмыстық кодекстің 190-бабына «Алаяқтық» сәйкес соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Аудандық сот үкімдерімен бағдарламаның…
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, академияның басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер және мұнай-химия саласының өкілдері қатысты. Жиында Атырау облысында ғылымды дамытудың жаңа бағыттары талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Серік Шәпкенов университеттерден, зерттеу ұйымдарынан, индустриядан және аймақтық даму институттарынан ғалымдарды тарту арқылы ғылыми ұсыныстар әзірлейтін, басталған жобаларға сараптама жүргізетін, қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ғылыми-техникалық кеңестің маңызына тоқталды. «Кеңес Ұлттық ғылым академиясымен тікелей байланыста белсенді және жүйелі түрде жұмыс жасайтын болады.Біз үшін ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы қолданбалы шешімдер, экологиялық зерттеулер…