Халық денсаулығы – мемлекетіміздің басты байлығы. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында оңалту қызметі жаңа серпінмен дамып келеді. Осы бағыттағы ілкімді істердің бірі – 2009 жылдың 29 қарашасында ашылған «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының қызметі. 15 жыл ішінде орталық 27 784 тұрғынға медициналық оңалту көмегін көрсетіп, ел алғысына бөленіп отыр. Орталық ересектерге арналған III кезеңдегі қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін ұсынады. Қызмет түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №116 және №65 бұйрықтарына сәйкес неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бағыттарда жүргізіледі. Бүгінде аталмыш орталық – облыс халқының сауығуына ықпал ететін маңызды медициналық мекемелердің бірі. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Сұлукөл ауылында Agrofest Batys – 2025 мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр. Ауқымды шара – еліміздегі жаңа буын фермерлер мен агроинноваторлардың басын қосып, аграрлық саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірегей алаңға айналып отыр. Agrofest көрмесінің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласында жинақталған тәжірибе мен заманауи жетістіктерді ортаға салып, осы бағыттағы даму траекториясын нақтылау. Көрме барысында қатысушылар агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимылды нығайтып, бірлескен шешімдер арқылы саланың серпінді дамуына жол ашуды көздейді. Қазір көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары, агросекторға қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы техникаларын, тұқым, тыңайтқыш және пестицид өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың…
Францияның Палестинаны мемлекет ретінде тануға бет бұрғаны – халықаралық күн тәртібіндегі символдық мәні зор шешім болды. Эммануэль Макронның «ең әуелі – Газадағы соғысты тоқтату және бейбіт тұрғындарды құтқару» деген ой-пайымын осыған дейін айтып келгенін білеміз. Ресми Париж ұзақ уақыт бойы «екі мемлекет» формуласына адал болғаны да әмбеге аян. Алдағы уақытта БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаны мемлекет ретінде тану мәселесін көтерсе, бұл бастаманы Франция Батыс Еуропадағы ең ықпалды мемлекет ретінде мойындауға дайын. Макрон соғыстың алғашқы айларында Израильге саяси қолдау білдіріп, 7 қазандағы террорлық шабуылдан кейін антисемитизмге қарсы қатаң риторика ұстанғаны есімізде. Бірақ айлар өткен сайын Газадағы гуманитарлық апаттың ауқымы, халықаралық құқықтың іргелі…
Астанада QOSYMSHA.KZ жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жоба қосымша білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізуге бағытталған. Аталған бастама аясында елорданың 6 ауданында ата-аналар мен заңды өкілдерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін консультациялық пункттер жұмысын бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia Консультациялық пункттерде ата-аналарға жаңа цифрлық платформаны пайдалану тәртібі мен кезеңдері туралы ақпарат тегін ұсынылады. Жауапты кеңесшілер ата-аналарға жүйені түсіндіруге, қажетті ұсыныстар беруге және тіркеу процесін егжей-тегжейлі түсіндіруге көмектеседі. Ата-аналарға қолайлы болу үшін бұл пункттер сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істейді. Консультациялық пункттердің мекенжайлары: Алматы ауданы – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғылы, 5) Байқоңыр ауданы – №1 өнер…
Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Бұл модельдің ерекшелігі – қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекеттің жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын болады: 65% – МӘМС жүйесі арқылы, 35% – республикалық бюджет есебінен. Мақсат – халықтың 90%-ын МӘМС жүйесімен қамту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Келер жылдан Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Қазіргі таңда облыстағы тұрғындардың 83,1%-ы МӘМС жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған мәртебе 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна…
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы істің нүктесі қойылды. Сот екеуіне де нақты мерзімге жаза кесті деп жазады Ertenmedia. Перизат Қайратқа алаяқтық жасап, миллиардтаған теңгені заңсыз иемденді және аса ірі көлемде қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырды деген айып тағылған еді. Ол қазақтар зардап шеккендерге көмек ретінде жинаған қыруар ақшаны жеке басының игілігіне жұмсаған. Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылса, оның анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жыл түрме жазасы кесілді. Прокурор бұған дейін Перизатқа 10 жыл, анасына 8 жыл жаза сұраған болатын. Судья Сабыржан Кәрімов сот үкімін оқып, Перизат Қайратты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы…
Қазақстандағы сүт шаруашылығы жайлы сөз қозғасақ, ең алдымен ойға келетін дүние экономикалық тәуелсіздік. Күнделікті дастарқанға келетін азық-түліктің отандық болғанын жұрттың бәрі қалайды. Біздің ел ондаған жыл бойы сырттан келетін ұнтақ сүтке, ұзақ сақталатын қораптағы импортталған сүт өнімдеріне тәуелді болғаны жасырын емес. Енді дүкен сөрелерінде тұрған әрбір литрдің артында жергілікті фермердің маңдай терін байқауымыз керек. Соңғы жылдары жағдай өзгеріп, Қазақстан сүт нарығында жаңа кезең басталды. Мемлекет сүт өндіруді арттырудың бірден-бір жолы – тауарлы сүт фермаларын құру екеніне көз жеткізді. Биылдың өзінде 65 жаңа ферма салуға несие мен субсидия берілген. Ал агроқаржы институттары 100 млрд теңгені 10 жылға небәрі 2,5 пайыздық мөлшерлемемен…
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум жағалауында демалып жүріп, суға батып кете жаздады деп жазады Ertenmedia. Куәгерлердің айтуынша, бес жұлдызды қонақүйдің жағажайында суға түскен Қадыров бір сәтте малти алмай, бата бастаған. Мұны байқап қалған қонақүй қызметкерлері бірден құтқарушылар мен дәрігерлерді шақырған. Жедел әрекет еткен мамандар жағажайда Қадыровқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жеке клиникаға жеткізген. Дәрігерлер жағдайы бірқалыпты екенін, өміріне қауіп жоқтығын айтып, кейіннен ауруханадан шығарып жіберіпті. Бір қызығы, бұған дейін мамыр айында Кадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «өлім мен ақыреттің сөзсіз болатыны туралы» философиялық толғауымен бөліскен еді. Осы жолы Эгей теңізі оған «философияның теория емес, практика екенін» еске салғандай…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарын ашық әңгімеге тартып, еңбек нарығының шынайы бет-бейнесін боямасыз баяндады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялауы бекер емес екенін баса айтқан аймақ басшысы мұнайдан басқа да бағыттардың мол екенін тұспалдап жеткізді. Үш сағатқа созылған ашық диалогта әкім жастардың мұнай саласына ғана үміт артып, басқа кәсіпке қырын қарауы келешегіне тұсау боларын сөз арасына салмақтап қосты. «Жастардың көпшілігі мұнай саласында табыс тауып, жұмыс істеуді қалайды. Бірақ бұл салада бәсеке көп, орын тапшы. Ақиқаты табысқа жеткен талай азаматтар мансап жолын мұнай мұнарасынан емес, қарапайым кәсіптен бастаған. Табанды бола білсең, төзімділік пен…
Алматы облысы Орталық Азиядағы туризмнің тартымды орталықтарының біріне айналуда. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірге 162 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық. Сарапшылар бұл серпінді өсімді халықаралық деңгейдегі Алматы тау кластерінің қарқынды дамуымен байланыстырады. Бүгінде ол жыл он екі ай жұмыс істейтін, жан-жақты инфрақұрылымы бар жаңа туристік хабқа айналып келеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда облыс аумағында 270 туристік орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олар 161,5 мың төсек-орынмен қамтылған. Соның ішінде тек таулы аймақтың өзінде 140 туристік база бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық көрсеткіш. Алайда туризм саласындағы…










