Қазақстанда алғаш рет жарияланған, бас жүлдесі 15 миллион теңгені құрайтын «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби байқауы қазақ әдебеитінің жаңа сапаға көтірілуіне ықпал ететін байқау болары сөзсіз. Ең алдымен мына мәселені анықтап алсақ, байқау – әдеби процесс емес, мемлекеттің идеологиялық өрісін кеңейту жолындағы маңызды бағыт. ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың жеке капиталының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан бұл жоба – жай ғана жазушылар арасындағы шығармашылық сайыс емес. Бұл – ұлттың баяндылығы үшін мәдениет пен капиталдың түйіскен нүктесі. Әдебиеттің жаңа толқынын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам. Неліктен бұл байқау ерекше? Себебі мұнда ескі әдеби жарыстардағыдай қолжазба немесе дайын туындымен емес, бірден идеямен бастайсың.…
Автор: editor
Маңызды шараның ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Әділет Омаров пен белгілі режиссер Талғат Теменов, аймақтағы мәдениет саласының өкілдері мен зиялы қауым қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев отандық кинематографияны насихаттау жөніндегі жұмыстың маңызын атап өтті: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда киноиндустрияны дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударған болатын. Бұл бағыт – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды тетігі. Өңірлерде мемлекет қаржыландыратын фильмдерді ұлттық киноны кеңінен насихаттауға көмектеседі, – деді өңір басшысы. Сонымен қатар…
Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар Рухы» корпоративтік қоры» қорының ұйымдастыруымен Оралда «STUD Премия – 2025» фестивалі өткізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Фестивальдің мақсаты – өңір жастарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастар арасындағы қоғамдық маңызға ие бастамаларды ынталандыру. Фестиваль аясында «Ең жасы үлкен студент», «Ең алыстан келіп оқитын студент», «Ең арзан буфет», «Блогер студент», «Ең бай студент», «Ең порожняк студент», «Ең қызық оқиға», «Әскерден келген студент», «Дипломы бар студент» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, премия тапсырылды. Фестиваль қорытындысында Жанбота Ешимова (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Мирас Қоблан (М.Өтемісов атындағы БҚУ),…
АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон Silk Way телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында америкалық дипломатияның Орталық Азиядағы негізгі басымдықтары, екі ел арасындағы сауда байланысы және Қазақстанның тәуелсіздігін қолдау мәселелері жөнінде кеңінен баяндады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол Вашингтонның Орталық Азияда басқа әлемдік державалармен бәсекелесуді көздемейтінін, керісінше ортақ құндылықтар мен мүдделерге негізделген өзара тиімді серіктестікті дамытқысы келетінін атап өтті. Дипломат Қазақстандағы ең ерекше тәжірибесі ретінде жуырда елдің оңтүстігіне жасаған сапарын айтты: «Мен үшін қызықты жаңалықтың бірі – қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін білдім. Осыны естігеннен кейін екі апта бұрын елдің оңтүстігіне барып, жабайы қызыл қызғалдақтарға толы алқаптарды көрдім. Бұл көрініс мені ерекше таңғалдырды»,…
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларға пәтер кілттерін табыс етті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бес спортшы жаңа пәтер иегерлері атанды. Спорттық гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер алды. Қола жүлдегерлер — бокстан спортшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтер иегерлері атанды. Қола медаль иегерлері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев және пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда. Оларға пәтерлер кілттері Алматыға оралғаннан соң беріледі. «Сіздің жеңістеріңіз-көп жылғы қажырлы еңбектің нәтижесі және спортшылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі. Алматы Сіздердің жетістіктеріңізді жоғары бағалайды және Сіздерді жаңа жетістіктерге…
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Чанцзи мемлекеттік жоғары технологиялар индустриялық аймағынан келген делегация мүшелерімен кездесті. Делегация құрамында құрылыс, тау-кен өндірісі, электроника және көлік құрастыру, көпір салу бағытында жұмыс істейтін компания өкілдері болды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы қытайлық тарапқа облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы айтып, өңірде көлік-логистика, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға болатынын атап өтті. «Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан көлік-логистикалық әлеуеті зор. Семей мен Аягөз қалалары аумағындағы темір жол бойында логистикалық хабтар ашуға толық мүмкіндік бар. Облыс орталығына көпір керек. Семей қаласында машина құрастыратын зауыт бар. Осы бағытта да бірлесе…
Орал қаласындағы жылу электр орталығында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Осы турбинаның 100 пайыз тозығы жетіп, 10 жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған болатын. Нәтижесінде ескі турбинаның орнына 3,2 миллиард теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа турбинаның іске қосылуы өз кезегінде энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жылу электр орталығындағы өндіріс 46 МВт-ты құрайды. Жаңа турбинаның арқасында өндірілетін электр энергиясының қуаты 12 МВт-қа артады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі екенін атап өткен болатын. Облысымызда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артуда. Соңғы 10 жыл ішінде электр…
Шығыс Қазақстан облысында Шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығы – Өскемен қаласына тікелей автобус жолға шықты. Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған мәселенің бірі болатын,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Қалелов жолаушыларды құттықтады. Ауыл тұрғындары үшін бұл оқиғаның маңызы зор. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм салаларына оң әсер етпек. Ауыл халқы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановқа шын жүректен алғысын білдіруде. Жаңадан ашылған бағыт ауыл тұрғындарының ғана емес, Марқакөлге бағытталған ішкі туризмді де дамытуға серпін береді деп күтілуде.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тараптар Түркістан облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын, соның ішінде сауда, туризм, және екі ел арасындағы көлік тасымалы, сондай-ақ Түркістанмен өңіраралық қатынастарды орнатудың бағыттарын талқылады. Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының еліміздің сыртқы сауда қатынастарындағы маңызды рөлін атап өтті. Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін жеткізді. – Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! 2018 жылы құрылған Түркістан облысының аумағы пайдалы қазбалар мен кен орындарына бай, өңірдің табиғи — климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен…
Таяуда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталған болатын. Алматы қаласы Мәслихат жергілікті өкілетті орган ретінде бұл процесті заңнамаға сәйкес барынша ашық, жария түрде және қоғаммен диалог форматында ұйымдастырғанын Мәслихаттың төрағасы Мейіржан Отыншиев мәлім етті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бірнеше кезеңдік конкурс пен ашық трансляциямен өткен сұхбаттасулар нәтижесінде Кеңес құрамына 42 адам енді, олардың арасында 39 – азаматтық қоғам, коммерциялық емес сектор мен сарапшылық қауымдастық өкілдері, 3 – мемлекеттік органдардың өкілдері болған. Өз кезегінде Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев Қоғамдық кеңестің қалай жасақталығаны айтып берді. – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесіне мүше болуы үшін қаламыздың белсенді азаматтары тарапынан барлығы 165…
