Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді. Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді. Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз. Облыста индустриалды аймақтар, өндірістік парктер, арнайы экономикалық аймақ бар. Ауыл шаруашылығынан бөлек өндіріс, туризм және өзге де бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Нұралхан Көшеров. Шанхайлық делегация өкілдері мен ірі кәсіпкерлері Түркістан өңіріне қызығушылық жоғары екенін айта келе, жобаларды талқылауға…
Президент Тоқаев Алакөлдегі сервистің нашарлығын сынағаннан кейін Үкімет пен Абай облысының әкімдігі арнайы комиссия жасақтап, демалыс аймағына аттандырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мен Абай облысы әкімдігі хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасымен оның орынбасары Ермек Көшербаев пен Мәдениет және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алакөлге жол жүреді. Олар туризм инфрақұрылымының сапасын тексеріп, олқылыққа жол берген жауапты тұлғаларды анықтап, оларға қатысты шара қолданады. Сонымен қатар, Берік Уәлидің тікелей тапсырмасы бойынша Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов те аудан басшылары және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге жағалауда шұғыл жиын өткізді. Жиын барысында жағажайдың тазалығы, демалушыларға жайлы орта қалыптастыру, туристер қауіпсіздігі мәселесі…
Мемлекет басшысының Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымға қатысты сынынан кейін облыс әкімінің тапсырмасымен оның орынбасары Серік Туленбергенов аудан басшылығының және жауапты мемлекеттік мекемелердің қатысуымен көл басында шұғыл жиын өткізді. Онда демалушыларға қолайлы жағдай жасау, санитарлық тазалық пен қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Көл жағасына құқық қорғау органдарымен бірге рейд жүргізіп, тәртіптік шараларды күшейтеді. Соның ішінде моторлы қайық иелерінің қызмет көрсетулері қатаң тексеріліп, тазалық мәселесі қарастырылады. Бұдан басқа қоқыс тастаған сауда орындары мен демалыс үйлеріне айыппұл салынады. Алакөлдің Абай облысындағы жағалауына биыл ерекше көңіл бөлінуде. Бұған дейін наурыз айынан бастап, облыс әкімі Берік Уәли туристік орынға 3 рет барып, көшпелі жиындар өткізген-ді. Алакөл…
Ауылдағы азаматтық бастамалар – қоғамның тамырына тірек болатын құбылыс. Орталықтан жырақта жатқан елдімекендерде халықтың азаматтық белсенділігін көтеру мақсатында «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы қолға алынған болатын. Жоба ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауды, жаңа буынды оқыту мен ынталандыруды көздейді. Осы тақырып төңірегінде біз Жетісу облысына қарасты Әулиеағаш ауылдық окургінің әкімі Ермек Нұрахметовпен аз-кем сұхбаттасып, ауылдағы азаматтық қоғамды дамытудағы басты тетіктер мен халықаралық тәжірибелер жайында ой бөлістік. – Ермек мырза, ауылдағы азаматтардың белсенділігін сіз қалай бағалайсыз? – Ауылда белсенділік дегеніміз меніңше көрші-қолаңның бір-біріне қол ұшын беруінен басталады. Біреу мектеп ауласын көркейтіп жүрсе, екіншісі кітапханаға кітап жинап береді,…
Президент Тоқаев Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесті өз қолына алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаңтар трагедиясына дейін аталған кеңеске экс-президент Назарбаев төрағалық еткен. Енді жаңа жарлыққа сәйкес, кеңес тікелей Мемлекет басшысының жанындағы ресми орган ретінде қызмет атқарады. Жаңартылған кеңестің өкілеттігі де айтарлықтай кеңейді. Енді аталған орган Ұлттық қордың қаржысын басқару саясатын жүргізумен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін бақылауға да тікелей араласады. Ұлттық қор қаражатының республикалық бюджетке трансферт түрінде аударылатын көлемі, нысаналы мақсаты және нақты бағыттары бойынша ұсыныс әзірлейді. Сонымен бірге, ірі ұлттық жобаларды қаржыландыру және мемлекеттік активтерді қандай инвестициялық құралдарға салуға болатынын анықтау секілді стратегиялық шешімдерді дайындайды. Президент Тоқаев…
Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен ауылдық округтердегі ветеринар мамандарға 106 бірлік қызметтік автокөліктің кілтін табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұл көліктер заманауи ветеринариялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған және елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдам әрі тиімді болуын қамтамасыз етпек. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының ветеринария саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Ветеринариялық ұйымдарға жаңа автокөліктерді табыстау – ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мал ауруларының алдын алуға және ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады. «Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен, автокөліктермен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың…
Президент Тоқаев Алакөлдің туристік маусымға дайын еместігін айтып, демалушылар тарапынан түскен сансыз шағымға байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мемлекет басшысы Алакөлдің танымал туристік орын екенін атай келе, оның туристік маусымға мүлде дайындықсыз қалғанын сынға алды. Әсіресе, туристерге қажетті инфрақұрылымның жоқтығы, сервистің төмендігі және демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені айтылды», – деді Руслан Желдібай. Президент бұл мәселеге кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырған екен. Сонымен қатар Тоқаев бүкіл ел аумағындағы туристік инфрақұрылым мен сервистің сапасын түбегейлі жақсарту жөнінде Үкіметке нақты міндет қойған. Алакөлдегі сервистің нашарлығы, қонақүйдегі антисанитария, дәретхананың тапшылығы туралы талай…
2025 жылғы 10 маусымда Ғылым ордасында парсы тілін оқыту курсын сәтті аяқтаған қатысушыларға салтанатты түрде сертификат табысталды. Аталған курс «Ғылым ордасы» РМК мен Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени орталық арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Сертификат табыстау рәсіміне «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Ұлар Мұқажанов, директордың орынбасары Азамат Нұршанов, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади, Бас консулдық жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хоссейн Ақазадэ, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шараның ашылуында Ұлар Мұқажанов курсқа қатысушыларды құттықтап, Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. «Жақында Ғылым ордасы мен Иран елі арасында әріптестік орнатылып,…
ERG-дің ішкі құрылымында жүріп жатқан трансформация – Қазақстандағы жаңа индустриялық капитализмгет бет бұрудың жарқын үлгісі. Ал осы күрестің эпицентрінде тұрған Шухрат Ибрагимовке қазір сырттан ақпараттық шабуылдар үдей түскенін көріп отырмыз. Машкевичтер мен Шодиевтерден мұра болған ERG – кезінде елден миллиардтаған долларды сыртқа шығарып, Африка мен Еуропадағы тәуекелі жоғары жобаларға қаржы шашты. Олар Евразия табиғи ресурстар империясын ұзақ жылдар бойы сырттай бақылауда ұстап, ішкі басқару мен стратегиялық шешімдер көбіне Лондон мен Мәскеудің ақпарат алаңында шешіліп келді. Бүгінде ол кезең келмеске кетті. ERG-ның қазіргі жеткшісі Шухрат Ибрагимов бүгінде ескі жүйенің көлеңкесінен шығып, Қазақстан экономикасын өркендетуге бет бұрып отыр. Оның қадамы Қазақстан үшін…
