Бүгін, 24 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қаралды. Басқосуға экология белсенділері, тәуелсіз сарапшылар мен табиғат жанашырлары қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Бақытгүл Жақсылықова Каспий итбалығы мен оны қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Сарапшының пікірінше, итбалықтардың қырылуы теңіздің ластануы, браконьерлік және өндірістік жұмыстардың салдарынан болып отыр. «Теңіздің ластануы итбалықтың физикалық жағдайына әсер етіп, оны Каспийдің экологиялық жағдайының тірі индикаторына айналдыруда. Каспий итбалығы Каспий теңізінің эндемигі болғандықтан, яғни ол әлем бойынша басқа еш жерде кездеспейтіндіктен, оны сақтау маңыздылығы аса өзекті», — деді Бақытгүл…
Автор: editor
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қоғамдық кеңістіктерді аралап, алдағы уақытта шаһарды абаттандыру бағытында қолға алынатын жобалармен танысқан, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қала басшысы облыс әкіміне шаһардағы қоғамдық кеңістіктердің қазіргі жағдайы туралы баяндаған. Өңір басшысы, әсіресе, қаланың тарихи нышандарының бірі саналатын балалар теміржолына ерекше көңіл бөліпті. Бұл нысан жаңғыртудан өткеннен кейін жыл бойы, үздіксіз жұмыс істемек. Облыс әкімі бұл нысанның мүмкіндігін ұлғайтып, теміржолдың шақырымын ұзартуды тапсырған. «Бейбітшілік аралы — семейліктердің сүйікті демалыс орны. Қала қонақтары да жиі келеді. Сондықтан мұнда қысы-жазы жұмыс істейтін, кемі 50 метрлік шолу дөңгелегін салуымыз керек» — деген Берік Уәли. Облыс әкімі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде…
24 ақпанда Семей қаласындағы «Алатау» сауда орталығында «Экологиялық мәдениет: экосөмке таңда!» экологиялық акциясы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы. Акцияның басты мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аударту. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына бір реттік полиэтилен пакеттеріне экологиялық таза балама ретінде көп мәрте қолдануға болатын шоппер сөмкелері таратылды. Шопперлерді тарату барысында саналы тұтынудың маңыздылығы мен пластикалық ластануды азайту жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Бүгінгі таңда жастар мен жалпы халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды. Бір реттік пластик…
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергеновпен кездесті. Кездесуде су тасқынының алдын алу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақта тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы бекеттер мен тораптардағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте. Облыс бюджетінен қаржы бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісім-шарт жасалған, соған сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару бойынша да арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт бар. Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, бюджеттен…
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Руслан Берденов — Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар»тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады. 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі. 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің…
Шығыс Қазақстанда екі аудан «өзіндік уақыт белдеуіне» көшті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Марқакөл және Үлкен Нарын аудандары 24 ақпаннан бастап «өзіндік уақыт белдеуіне» ауысты. Енді бұл аудандарда жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін жалғасады. Мұндай кесте күндізгі уақытты тиімді пайдалану мақсатында енгізілген, себебі бұл өңірде күн ерте шығып, ерте батады. Ақпаратты жергілікті билік те растаған. «24 ақпаннан бастап мекемелерде жұмыс уақыты таңғы 08:00-де басталды. Бұл шешім халықпен бірге талқыланып, ортақ келісіммен қабылданды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдады, өйткені таңертең бәрі ерте тұрады, ал кешкі уақытты отбасы мен тұрмыстық шаруаларға арнауға мүмкіндік туады», – деп…
Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз конференциясын өткізді. Ол соғысты тоқтату мен бейбітшілік орнату мүмкіндіктері, АҚШ-пен арадағы келіссөздер, Дональд Трамппен қарым-қатынасы және Украинадағы сайлау мәселелері жөнінде пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Президенттік өкілеттіктен бас тартуға дайынмын» Зеленский бейбітшілік орнату үшін өз лауазымынан кетуге дайын екенін мәлімдеді. “Егер бұл әрекетім расымен Украинаға бейбітшілік әкелетін болса, қызметімнен кетуге дайынмын”, – деді ол. АҚШ-пен арадағы келіссөздер Зеленский АҚШ-тың Украинадағы минералды ресурстарға қол жеткізу туралы келісімі әлі талқылау кезеңінде тұрғанын мәлімдеді. Бұған дейін бірнеше ұсыныс болғанымен, Киев оларды қабылдамаған. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамптың “Украинаның 500 миллиард доллар қарызы бар” деген мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізді.…
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және…
Алматыда магистральдық көшелерді көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл Бостандық ауданында 11 магистральдық көшеге техникалық тротуарлар төселеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Техникалық тротуарлар магистральдық көшелерде орналасып, топырақтың жылжуының алдын алуға және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай тротуарлар судың ағуын реттеп, нөсер жауын кезінде көшелердің су басу қаупін азайтады. Жұмыстар Садықов, Мұстафин, Исиналиев, Тілендиев, Радостовец, Ғабдуллин, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Марков, Өтепов көшелері мен Бұқар Жырау бульварын қамтиды. Былтыр ауданда алты көше көріктендірілген болатын, ал биыл шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасады. Жөндеу жұмыстары байқау өткізілгеннен кейін және мердігермен келісімшарт жасалған соң басталады.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қандай іс-шаралар жүзеге асып жатқаны туралы жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қаламызда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетін кәсіпорындар ашуды ары қарай жалғастырамыз. Бүгін тамақ өнеркәсібін, логистиканы, сауданы және т.б. дамытатын жаңа әрі салынып жатқан кәсіпорындарды аралап шықтым. «RnR Group» ЖШС (Сарайшық ауданы) кәсіпорындар кешенінің жұмысымен таныстым. Ол – тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын нан зауыты және көкөніс қоймасы (6 мың тонна). 2026 жылы тәулігіне 100 тонна сүт өңдейтін зауыт ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаға тартылған жеке инвестициялар сомасы 8,1 млрд теңгені құрады. Қазірдің өзінде 250-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «SAIANUR…
