Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы – Сталинград шайқасының ең жақын тылы болған, соғысты бастан өткерген бірден бір аудан. Биыл сұм соғыстың аяқталғанына, Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр – деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Аудан орталығы Сайқын ауылында ата-бабаларымыздың маңдай тері мен ерлігіне арналған «Бөкей Ордасы: майдандағы данқ, тылдағы ерлік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда аудан әкімі Нұрлыбек Даумов барша қатысушыларды алдағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Конференцияның бастауы алдымен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, аудандық демалыс орталығында фойесінде қойылған көрме мен көріністі тамашалады. Одан әрі Хан ордасы тарихи – мәдени, архитектуралық – этнографиялық музей – қорығының ғылыми хатшысы Н.Уразгельдиеваның модератор конференцияның негізгі жұмысы басталды.
Конференция спикерлері Ресей Федерациясы, Волгоград облысы, Волгоград қаласының «Қорған» іздестіру-зерттеу тобының жетекшісі Алексей Медведев «Поисковая работа, как сохранение памяти всех народов», Қазақстан Журналисттер Одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі, Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов «От кешкен ордалықтар», Хан ордасы тарихи – мәдени, архитектуралық – этнографиялық музей – қорығы директорының тарихи-мәдени орындарды сақтау және инновациялық даму жөніндегі орынбасары Мереке Рушанов «Сталинград шайқасының от-жалынына шарпылған Орда», «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» қорының жетекшісі Айболат Құрымбаев «М.Мәметованың алғашқы ескерткіші туралы архивтік деректер», Жалпақтал мемлекеттік архивінің директоры Миржан Карабалин «Орда өңірі – Жалпақтал архивінде», Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, өлкетанушы Жұбан Гумаров «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Бөкей ордасы ауданы» тақырыптарында баяндамалар жасады.