Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың 169 км учаскесіне жөндеу жүргізілуде, соның 29 шақырымы күрделі жөндеуден, ал 140 км орташа жөндеуден өткізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осы жылы жоғарыда аталған 169 шақырым автожол учаскелерінің 103 шақырымы жөнделіп, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, атап айтқанда «Сарыөзек ауылының айналма жолы» 0-7 км, «Сарыөзек-Көктал» 110-141, 142-178 км (67 км), «Айдарлы – Көктал» 291-306 км (15 км) және «Қонаев – Талдықорған» 124-169 км (13 км) жолдары. Мәселен, өткен жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Сарыөзек ст. айналма жолы» 0-7 км (7 км) автожолын күрделі жөндеу — осындай маңызды жобалардың бірі. Бүгінгі таңда қолданыстағы асфальтбетон жабынының 6000 м2 фрезерленді, жобалық 56…
Автор: Асылхан Бөрібай
Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді», — делінген хабарламада. Шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысқан. Ал Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспеген. «Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның…
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйіне барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ардагерлерді арнайы марапаттап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медаль табыс етті. Аудан басшысы өз сөзінде ардагерлерге ерліктері үшін алғысын білдірді. Бүгінде ардагерлердің бірі — 90 жастан асқан Ысқақ Әбдіқайым. Ол — ұстаздық қызметті абыройлы атқарып, «Үздік еңбек әулеті» марапатына ие болған қария. Сондай-ақ, 95 жастағы Рахия Кемелбек — жастайынан колхоз жұмыстарына белсене араласқан тыл ардагері.
«Алматы Қала Жарық» МКК қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және кеңейту бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда. 2025 жылдың 4 айында мамандар 12 мыңнан астам жарық нүктелерін ауыстырып, 450 жаңа тірек орнатып, 110 шақырым кабель жүргізді. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик баспасөз туры барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оның айтуынша, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл 15 мыңнан астам жаңа шам орнату жоспарлануда. Саябақтарда, жаяу жүргіншілер көшелерінде және тротуарлардың бойында 5700 — ден астам торшер шамдары пайда болады-қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін. Сондай-ақ, Алматының 70 көрнекті нысанында сәулеттік жарықтандыру қамтамасыз етіледі. «2025 жылы қалада…
Жетісу өңірінен Ұлы Отан соғысындағы майдан даласына 120 мыңнан астам адам аттанып, оның 47 мыңы ұрыс далаларында мәңгілікке көз жұмды. Жетісулық 38 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, 5-еуі Даңқ орденінің толық иегері, 58-і ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанды. Осы және басқа да құнды деректер Жетісуда облыс әкімдігінің қолдауымен Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітапта кеңінен жазылып көрсетілген,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен кездесу барысында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жаңа жинақ таныстырылды. Атап өтсек, облыстық мемлекеттік архив құрастырған жинақ 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Жетісудан шыққан Кеңес Одағының…
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Бас хатшысының Қазақстанға алғашқы сапарына екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп баға берді. То Лам қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді. Жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімдігі мен Хынг Йен провинциясының Халық Комитеті…
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Заңсыз су пайдалану фактілерінің анықталуына және бақылау шараларының күшеюіне байланысты көлеңкелі нарықпен күресте алғашқы нақты нәтижелер байқалуда,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен…
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс басшысы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, мерейтойлық медальдар және Қонаев қаласынан жаңа жайлы пәтерлердің кілттерін табыстады. Айта кетейік, облыстағы барлық Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілген болатын. Марат Сұлтанғазиев соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шын жүректен алғысын айтып, ардагерлерге қамқорлық көрсету — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған, ерлік көрсеткен жандардың есімі ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрқашан Сіздерді…
Жаһандану жағдайында Шығыс Қазақстан облысы халықаралық әріптестікті белсенді дамытып, әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар үшін тартымды алаңға айналуда. Өңір Аустрия, Беларусь, Израиль, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Өзбекстан сияқты елдермен ынтымақтастық туралы келісімдер мен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды. Әріптестік аясында экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және өнеркәсіп сияқты салалар қамтылған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін облыста инвесторлармен өзара әрекеттесу процесін жеңілдететін «бір терезе» қағидаты енгізілді. Ұлттық жобалар пулына жалпы құны 875,4 млрд теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың жетеуі шетелдік компаниялардың қатысуымен іске асырылуда. Бұл халықаралық бастамалардың жалпы құны — 346 млрд теңге, ал іске…
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы еліміздегі ер педагогтердің статистикасын ұсынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Олардың ішінде 14 055-і колледждерде, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етеді», — делінген хабарламада.










