Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда қандай мәселелерді көтергенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық құрылтайдың бірінші күнінде «Руханият. Өнер. Мәдениет» секциясының отырысы өткен. Осы отырыста құрылтайдың 21 мүшесі өз ой-пікірін бөліскен. Депутат мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі көтеру бойынша мынадай ұсыныстар жасады. «Мемлекеттік қызметке қабылданушыларға қатысты тестте қазақ тілінің нәтижесі бірінші кезекте ескерілуі қажет. Қазіргі жағдайда тест тапсырушы тұлға қазақ тілінен нөл нәтиже алса да мемлекеттік қызметке қабылдана береді. Тұрғындарының 90% астамы қазақ ұлтынан тұратын өңірлерден бастап, мемлекеттік органдарда іс-қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізу процесін бастау. Басқа өңірлердің мемлекеттік органдарында іс-қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізуді, қазақ ұлтының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының биылғы қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде Премьер-министр «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ Премьер-министр әлемдегі алғашқы токамак (магнитті катушкалары бар тороидты камера) «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жұмыс сапары барысында Премьер-министр Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа…
Қазақстанда салық органдарының блогерлерге көзі түскелі біраз болды. Десе де блогерлер сән-салтанаты келіскен өмірін көрсетуден танбайды. Бұл жолы танымал блогерлердің тойындағы торт қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстандық танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың тойы желіде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа айналды. Даудың басы той емес, торттан шығып отыр. Себебі қонақтардың бірінің айтуынша, тойда құны 40 миллион теңге тұратын торт болған. Контенті миллиондаған қаралым жинайтын танымал блогерлер 12 жыл отасқаннан кейін той жасап отыр. Тойда танымал өнер жұлдыздары Қайрат Нұртас, Мот, Тұрар Ыдырыс, Amre, т.с.с. төбе көрсетті. Бәрінен бұрын бірнеше қабатты торт төңірегінде сын пікір көп. «Бұл — енді шектен шығу. Оның…
Депутат Нартай Сәрсенғалиев такси жүргізушілерін өзін-өзі реттейтін ұйымға (ӨӨРҰ) міндетті түрде біріктіру және жарна төлеу талабын қарастыратын заң жобасы Мәжілістің қарауынан өтпей, мұрағатқа жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ErtenMedia. Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр жаңа заң аясында өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨӨРҰ) құрылатынын айтқан еді. Оның сөзінше, бұл ұйымдар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тарифтерін белгілеу құқығына ие болуы қажет еді. Алайда Мәжіліс депутаттары бұл бастаманы қолдамады. «Заң жобасы екінші оқылымға өтпейді. Егер министрлік пилоттық жоба жасап, оның тиімділігін дәлелдей алса, біз оны қайта қарастыруымыз мүмкін. Әйтпесе бұл құжат мұрағатта қалады. Қарапайым таксистерді қиын жағдайға қалдыруға болмайды», – деді Сәрсенғалиев. Неге…
Қазір Қазақстандағы біраз азаматтар қарыз алып өмір сүріп жатыр. Кредиттік қиындықтардан туындаған күйзеліс, күнделікті телефондағы банк өкілдерінің қоңыраулары, блокталған шоттар мен мәңгілікке ұйқыға кедергі болатын моральдық қысым – бұлардың бәрі үйден шықпай-ақ жүріп жатқан нағыз қаржылық апатқа айналды. Бірақ шешім бар! «Қарызсыз қоғам» жобасы – бұл қарыздан шаршаған адамдарға үміт сәулесі. Жоба аясында әркімге тегін заңгерлік көмек көрсетіліп, қарызды қайта құрылымдау, яғни ай сайынғы төлемді жеңілдету мүмкіндігі ашылды. Мысалы, Алматы облысынан келген ерлі-зайыптылардың бес түрлі ЕДБ мен бес МФО-да 14 борыштық міндеттемелері бар еді. Жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты, ал ай сайынғы төлем 1 млн 70 мың теңгені құрады.…
Қазақстанда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет қазақ тілінде жазылған түпнұсқа болуымен ерекшеленеді. Іс-шара барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен ai-hub.kz сайты таныстырылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматыда өткен кітаптың таныстырылымына халықаралық сарапшылар ғалымдар, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, медиа, білім және технология саласының белгілі тұлғалары мен мамандары қатысты. «Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының тиімділігі жыл өткен сайын арта түспек. Сондықтан алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан Еуразиядағы аса ірі цифрлық хабқа айналуға тиіс. Цифрлық даму мәселесіне тың, жаңаша көзқараспен қарау қажет», — деді Президент…
2024 жылы Қазақстанға сырттан келгендер саны 15,3%-ға артты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны 12 732 адамға жетті. Көші-қон сальдосы — 16 550 адам. Осылайша қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып келеді. «2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3%-ға артты, ал сыртқа көшіп кеткендер саны 20,9%-ға азайды», — деп жазылған ақпаратта. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада жүрген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8% болды. Басқа елдер ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым…
13 наурызда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі Республикалық штаб отырысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы ықтимал су тасқынын болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, облыстағы өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен болады деп болжануда. Дегенмен, өңірлік билік ахуалды бақылау үшін қосымша шаралар қабылдады. Облыстағы 22 гидробекетке қосымша 7 жаңа бақылау бекеті орнатылды. Сонымен қатар, Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде үш автоматтандырылған бақылау жүйесі іске қосылмақ, олар наурыз айының соңына дейін толық жұмыс істейді. Бұл жүйелер су деңгейін жедел қадағалап, ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Облыс…
Таразда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан 7 адам сотталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2023 жылы қыркүйекте полиция жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдарды әшкереледі. МХҚКО-ның 2 қызметкері, 1 бағдарламашы маман, 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәлігін жасаған. Олар бұрын емтихан тапсыра алмай жүрген, сондықтан көлік жүргізу құқығын алмаған. Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері сыбайласы саналатын Алматы қалалық МХҚКО-ның бағдарламашы маманы арқылы Түркістан облысының тұрғыны практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, оның емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйемен растаған. «Емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге…
Алматы облысы, Ұйғыр ауданында алғаш рет пластик жәшік өндіретін өндірістік цех іске қосылды. Кәсіпорын қайта өңделген шикізаттан сапалы өнім жасап, жылына 600 мың дана жәшік шығаруға қауқарлы. Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге инвестиция салынып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны өнімнің беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Мұнда жәшіктер халықаралық стандарттарға сай құйылып, барлық тасымалдау және сақтау талаптары қатаң сақталады. Қазіргі өндірістік қуаты ауданның жәшікке деген қажеттілігінің 50 пайызын өтей алады. Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жаңа құрылғылар орнатылып, жылдық өнім көлемін 1,2 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде.…
