Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бүгін CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорнында дуалды оқыту бойынша оқу орталығы ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ерекше маңызға ие. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  пен CLAAS компаниясының Шығыс аймағы бойынша аға вице-президенті Михаэль Риттер бастаған Германиядан келген делегация оқу орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Кәсіпорын мен «Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби педагогикалық колледжі» дуалды білім беру туралы келісімге қол қойды. Бағдарлама студенттерге заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге бірегей мүмкіндік береді. Ол 60/40 принципі бойынша құрылып, студенттер көп уақытын практикада өткізеді. «Қаңтарда колледждің алғашқы 8 студенті зауыт аумағында арнайы жабдықталған оқу сыныбында практикалық сабақтарын…

Толық оқу
Перизат Қайрат соты қор

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Іс материалдарына сәйкес қор 2021 жылғы 11 қазанда бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің құрылтайшылары — 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізілген, ал қорытындысына сәйкес 10 құрылтайшының 9-ының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойғаны анықталған. «Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заңбұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы сотының «Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері…

Толық оқу

Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарына мониторинг жүріп жатыр. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне аса мән берілді. Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша арнайы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қолға алынады. Осыған байланысты «Жол картасы» әзірленеді. Ол балалардың өмір сүру сапасын арттыруға, инклюзивті білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше колледжге инклюзивті…

Толық оқу

«Қазақмыс» кейінгі кезде жиі айтылып жүрген ақпараттарға қарсы жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Қазақмыс» кен орындарын сатып жатқан жоқ, «Қазақмыс» ресейлік компанияларға сатылып жатқан жоқ және сирек кездесетін жер металдарын елден шығарып жатқан жоқ. Корпорация бүгін осындай мәлімдеме жасалды. Компания мәіметінше, кейінгі кезде нақты деректермен расталмаған қауесеттерге тап болып жүр. «Компания бұл жазбаларды бірнеше рет жоққа шығарды», – деп түсіндірді корпорация өкілі. Бұған дейін қандай қауесеттер тарады? Айта кетейік, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұшақ сатып алғаны» туралы ақпарат тарады. Алайда кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды. Ал жуырда «Ақ жол» партиясы сирек жер металдарын игеруде ұлттық мүддені қорғау…

Толық оқу

Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым нысандарын салып жатыр. Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Қ.Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазір ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қосқанда жалпы 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. «Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі…

Толық оқу
Дрон

Кешегі түн Ресей аспаннан қара бұлт емес, жойқын дрондар төнген күн болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Түнімен көз ілмеген Кремльдің генералдары карта үстінде әбігерге түскені анық. Көздері қызарып, еңселері түскен де болуы мүмкін. Оларды да түсінуге болады. Путиннің үш күнде бітіреміз деген соғысы үш жылдан асып барады, бітетін түрі жоқ. Қалай шаршамасын? Кеше Ресейде әуежайлар жабылып, жолаушылар ұшақтары түгелдей жерге қонуға мәжбүр болды. Украинаның авиация сарапшысы Богдан Долинце бұл жағдай Ресейдің қазіргі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің мүшкіл халін айқын көрсетіп бергенін айтты. Бұрынғыдай емес, дрондар қаптаған сайын, Ресейдің қорғаныс жүйелері сарқылып түсуде. Мәскеуге қарай жөңкіген жүздеген дронды тоқтату – «Панцирь-С»…

Толық оқу

Ағымдағы жылдың басынан бері ШҚО-ның бірнеше ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл өзгерісті алғаш болып Катонқарағай ауданы пилоттық жоба ретінде сынап көрді. Көп ұзамай бұл жүйеге тағы 8 аудан қосылды: Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай. Жаңа ережеге сай, осы аудандардағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастыра береді, өйткені олардың жұмыс уақыты осындай форматта қалыптасқан. Алтай ауданында бұл өзгерістер тек мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, әлеуметтік саланы да қамтыды. Аудандық мәслихат төрайымы Лариса…

Толық оқу

Алматы облысының білім басқармасы мен «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі арасында жасалған меморандум аясында 2025 жылғы 13 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылында І аймақтық Тұманбай Молдағалиев оқулары өтеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараның мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оқушыларға оның шығармаларын жатқа оқыту арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу. Байқау Алматы облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр. Оған Тұманбай Молдағалиевтың жұбайы мен ұрпақтары, ақын-жазушылар арнайы шақырылған. Шараның салтанатты ашылуы мен көрме ұйымдастырылып, қатысушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түседі. Оқу шарасы «ALTYN ADAM» инновациялық мектебінде өтеді, мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…

Толық оқу

Түркістан облысында 2025 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 44,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 180,7%-ға орындалды. Қаржы саласындағы мәселелер, облыстың өзіндік табысы мен кіріс көздерін ұлғайту жоспары облыс әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл – республика деңгейінде 5-ші нәтиже. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағытта жұмысты жандандыра түсуді тапсырды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту міндетін жүктеді. Қаржы және салық саласындағы жұмысты жандандыра түсу қажет. Кіріс көздерін ұлғайтыңыздар. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе жұмыс атқарсын. Біз Түркістан өңірінің өзіндік табысын арттыруымыз керек», – деді…

Толық оқу

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған 7263 тазалық іс-шарасының алғашқылары басталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен көктемгі ағаш егу және көгалдандыру жұмыстары бойынша баяндады. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда, сондай-ақ, арнайы техника алу жұмыстары да бақылауға алынды. Қазіргі таңда «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 1 527 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 505 өтінім орындалған, 22 өтінім орындалу барысында. Сондай-ақ биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 4487 хаттама толтырылған. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және…

Толық оқу