БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Ташенбаевқа, оның қарамағындағы бас маман Н.Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А.Көпбаевқа үкім шығарды. Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиз жобаларын келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін, Көпбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Көпбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыссыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілетін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Санақ өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданған. Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады. Бүгін ұлттық…
Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Мән-жай 2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында болған қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатыспақ. Күдіктілер туралы Айта кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын. «Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде…
Алматы хайуанаттар бағы келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Соңғы 37 жылда алғаш рет бір жыл ішінде келушілер саны 1 097 236 адамға жетті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Айта кетейік, қалалық хайуанаттар бағында 361 түрге жататын 3 838 жануар бар. Олардың күтімімен 223 қызметкер айналысады. 2024 жылы жалпы зообаққа келген халықтың 250 мыңы тегін кірді. Бұл – 6 жасқа дейінгі балалар, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасындғы балалар (аудан әкімдіктерінің хаты бойынша), сондай-ақ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал, қалғандары билет сатып алып кірген. Жалпы билет бағасы да қолжетімді болып қала береді: ересектер үшін – 800 теңге,…
Наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында жұмыс кестесі өзгерді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Енді Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарының тұрғындары жұмысты таңғы 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайды. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген. Бұл жаңашылдық өңірдің табиғи ерекшеліктерімен – ерте таң атып, күннің ерте батуымен байланысты. Жаңа кесте тұрғындарға күндізгі жарықты тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Өзгерістер мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер етпейді, себебі олар бұған дейін осы кесте бойынша жұмыс істеп келген. Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсəлімқызы бұл шешім жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданғанын атап өтті. «Бұл шешімді қабылдамас бұрын, біз әр ауылдық округте жиналыстар өткіздік, тұрғындар…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Адайбек Қалиевтің айтуынша, өңірде «Маңғыстау» және «Бейнеу» теміржол вокзалын реконструкциялау жобасы жүзеге асырылмақ. Жоспарға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары биыл басталады. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 2025-2026 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасына «Маңғыстау-Бейнеу» және «Маңғыстау-Өзен» теміржол учаскелерін дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар енгізілді. Бүгінде облыстағы теміржол желілерінің өткізу қабілеті төмен. Атап айтқанда, «Маңғыстау-Бейнеу» учаскесінде тәулігіне 12-14 пойыз ғана өтеді, ал қажеттілік 20-22 пойызды құрайды. Кешенді жоспар аясында облыстың теміржол…
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 10 наурызға дейін ұзарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Бас прокуратура «Курсивке» берген жауабында мәлімдеген. Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзарды, соңғы рет 21 ақпанға дейін ұзарды. Бұрынғы шенеунік 1,5 жылға жуық қамауда болды. Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратқа сүйенсек, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.
Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Олардың қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғарғы оқу орындары бар. Сондай-ақ, Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow сынды білім ордалары арыстық оқушыны өз қатарларынан көргісі келеді. «Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы…
Жарнама жасауға бойы үйренген блогерлер желіде тағы шағымданып жатыр. Олар Қаржы министрлігінің бастамасына наразы. Бартермен алынған астың салығы қалай есептелмек деп бас қатырған олар «заңды негізсіз» дейді. Ал комитет өкілі жарнама табыс көзі, сондықтан оған да салық салынуға тиіс деп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia «КТК» телеарнасына сілтеп. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдесінен кейін желіде осындай видеолар қаптап кеткен. Көбі жарнамаға келген дүниені табыс көзіне теңеу дұрыс емес дейді. Қаржы министрлігі «мейрамаханадағы ас болсын, азық-түлік, киім-кешек болсын, бартер арқылы келген заттың бәрі кіріс ретінде қаралады», — дейді. Сондықтан одан мемлекетке қаржы түсуге тиіс екен. «Бартер — ақшаны пайдаланбай, жарнамаға тауар мен…
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Барменқұлов тергеу назарына ілінгенін растады, — деп хабарлайды ErtenMedia. БАҚ тарапынан түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растады. «Барлық тергеу әрекеті заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр», — деп жазылған ақпаратта. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.
