Автор: Асылхан Бөрібай

Бүгін — Рамазан айының төртінші күні. ErtenMedia 2025 жылғы оразаға қатысты ең маңызды сауалдардың жауабын ұсынады. Рамазан қандай ай? Ислам күнтізбесінде Рамазан — бүкіл әлемдегі мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайтын тоғызыншы ай. Рамазан – ең қасиетті айлардың бірі. Ораза тек аштықты сезіну емес, сонымен қатар, рухани тазару кезеңі. Рамазан айында мұсылмандар Құран оқып, дұға жасап, ізгі істерге көңіл бөледі. Кешке ауызашар жасап, отбасымен және жақындарымен бірге уақыт өткізеді. Бұл ай – мейірімділік пен кешірімнің, сабыр мен ықыластың белгісі. Рамазан – жүректі тазартатын, адамды сабырға, шүкіршілікке үйрететін ерекше уақыт. Ораза 2025 қашан басталды? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және…

Толық оқу

ШҚО-да Глубокое ауданы Предгорное ауылында 21 жылдан астам уақыт бойы ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан кәсіпкер Алексей Дегтярев бүгінде тек жергілікті нарықта ғана емес, көрші елдерде де жоғары сұранысқа ие табиғи бал өндіріп келеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алексей Дегтяревтің кәсібі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, өңірдің экономикалық өсіміне және туристік тартымдылығын арттыруға зор үлес қосып отыр. 2024 жылы Алексей Дегтярев өз кәсібін кеңейтіп, крем-бал өндірісі мен өнімдерді фасовкалауға қажетті жабдық сатып алу үшін «AMANAT» партиясының филиалына жүгінеді. Партияға келген кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы естіп оған қатысатындығын жеткізеді. Арада көп уақыт өтпей тиісті құжаттарды жинақтап бағдарламаның қатысушысы атанады. «Ауыл аманаты» сияқты нақты…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бюджеттік ұйымдардағы техникалық қызметкерлердің, соның ішінде еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик секілді қарапайым еңбек адамдарының жалақысын көтеруді ұсынды. Депутаттың бұл бастамасы халық тарапынан қолдауға ие болды. Осы тұста ErtenMedia депутаттың өзімен тілдесіп, бұл жұмыстар алда қалай жалғасын табатынын сұрады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2025 жылдар аралығында жалпы азаматтардың, оның ішінде азаматтық қызметшілер және техникалық қызметшілердің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Біздің депутаттық сауал осы тапсырманың орындалуын қоғамдық бақылау деп тану қажет», — деді Мәжіліс депутаты. Жұлдыз Сүлейменова азаматтар тарапынан шағым, сұрақ болғанын да жасырмады. «Мектептерді аралаған кезде осы мектептердегі еден жуушылар,…

Толық оқу

Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Қайырымдылық» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді. «14 наурыз — «Көрісу күні – амал мерекесі» күні Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Шәмші» аллеясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көрісу рәсімі өтеді. Аталған шарада қос өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, этнос өкілдері мен өнерпаздары кездесіп, көрісу күні орындалатын барлық рәсімдерді бірлесе атқаратын болады. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады. Ал, 15 наурыз…

Толық оқу

Арғын Нығматулин – белгілі қазақстандық кәсіпкер және спорт қайраткері, Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы. Оның Қазақстандағы және шетелдегі негізгі активтері белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia Shishkin like арнасына сілтеп. Спорттағы активтері: “Сарыарқа” хоккей клубы: Арғын Нығматулин 2009-2018 жылдары Қарағандының “Сарыарқа” хоккей клубын басқарды және Қазақстан хоккей федерациясының тең құрылтайшысы. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері атағына ие.   Doszhan Sport мұз айдыны: Арғын Нығматулинге тиесілі “Nbn Inc.” ЖШС арқылы Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында орналасқан Doszhan Sport мұз айдыны және оның астындағы 0,5 гектар жер телімі бар. Компания 2018 жылы тіркелген және өз меншігіндегі…

Толық оқу

Маңғыстау облысында бір отбасы ажал құшты. Ерлі-зайыпты бес баласымен газға тұншығып қалған. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болды. Марқұмдардың уланып өлгенін түс уақытында үйіне келген көршілері көріп, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ ол кезде бәрі кеш болған. Жылыту пешінің мұржасына қатқан мұздан улы газ сыртқа шықпай, үйдің ішіне жайылған деген болжам бар, — деп хабарлайды ErtenMedia «КТК» телеарнасына сілтеп. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, оқыс жағдай жылыту пешінің мұржасына қатқан мұздан болған. Улы газ үй ішіне жайылып, жеті адам тіл тартпай кеткен. Көршілерінің шақыртуымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үйден жеті адамның газға уланып ісініп кеткен мәйітін тапқан. Оның бесеуі…

Толық оқу

Олжас Бектенов мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесін қарау барысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар бизнес мәселелерін жедел шешіп, кедергі жасамауы керек екенін баса айтты. «Біз ұзақ келісу рәсімдері мен бюрократиялық кедергілердің кесірінен немесе ведомствоаралық өзара байланыстардың жоқтығынан болашағы зор бастамалардың баяулап қалғанын көріп жүрміз. Жақында мен инвестициялық ахуалға арналған кеңес өткіздім. Көп уақыт бойы созылып келген сұрақтар сол арада бірден шешімін тапты. Барлық мемлекеттік органдар “бюрократияға мүлде жол жоқ” қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс», — деді Олжас Бектенов. Бектеновтің айтуынша, Үкіметтің міндеті –…

Толық оқу

Астанада Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл орталықтың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдап, әлеуметтік ортаға қалыптасу үшін мүмкіндік жасау. Сондай-ақ олардың мектепке бейімделуіне, оқу процесіне толыққанды қатысуына, қауіпсіз ортада тең дәрежеде білім алуына жағдай туғызу. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен логопед, дефектолог, мектеп психологтары,педагог-ассистенттер түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Ашылған кабинет — лого массажы, тілашар, ақылды айна, ұсақ моторикаларымен жұмыс істеуге қолайлы орын. Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» ЖШС қорының демеушілігімен ашылды. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36,…

Толық оқу

Алматыда мониторинг барысында 500-ге жуық заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандары (бұдан әрі – СЕСН) анықталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылы 4 ақпаннан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп көше саудасы нысандарын жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 290 СЕСН бұзылды. Қалған 210 СЕСН-ді бұзу жұмыстары биыл 15 наурызға дейін аяқталады. Коммуналдық қызметтер бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратуды жалғастырып отыр. Сондай-ақ, осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (силомерлер) жойылды. Бұған қоса, қалада жер учаскелеріне мықтап бекітілген 32 күрделі құрылыс анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде бұзуды ұйымдастыру мақсатында сотқа талап-арыз жіберуге бастамашылық жасады.…

Толық оқу

2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жоба толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқыланып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. «Жезқазған – Қарағанды, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор жаңа жобалары, сондай-ақ, Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар. Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», — деді министр.

Толық оқу