«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Дөңсебаевқа үкім шығарды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Жөргекпұл өсті. Қазақстанда бала туған отбасылар қанша алады?«Бір Барни үшін ұрды». Меркіде қаза тапқан Мәдинаның соңғы хатты елді есеңгіреттіМаңғыстаудан Астанаға дейін: Джо Хаттаб Қазақстанды өзгеше қырынан көрсеттіСот үкімі
Залал толық өтелуіне және ауыр сырқат болуына байланысты Дөңсебаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен қатар, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







