Автор: Асылхан Бөрібай

Марат Сұлтанғазиев

Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алматы облысының жастарына арналған «Есірткісіз өмір – мықтылардың таңдауы» форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру, деп жазады Ertenmedia.kz. Форум жұмысына Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Жұмкенұлы Әбікеев, спортшылар, қоғам белсенділері, жастар және танымал блогерлер қатысты. Модератор қызметін актер, блогер Марселен Камате атқарды. Өз сөзінде облыс әкімі жастардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыру қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі…

Толық оқу
сынып Түркістан облысы

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс алатын жалпы 157 жекеменшік мектеп бар. Аталған білім беру ұйымдары 2024-2025 оқу жылының соңына дейін «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан қаржыландырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жекеменшік мектептерге жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыру бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын оқу орнында тіркелген балалардың іс жүзінде басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Түйіткілді мәселелерді шешу мақсатында елімізде жекеменшік мектептерді қаржыландыру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Енді төлемдер ҚР Қаржы министрлігінің «e-Qazyna» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Өңірдегі 157 жекеменшік мектеп ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ның «e-Qazyna» порталында тиісті құжаттарын жүктеп,…

Толық оқу

Қазақстандық таеквондо шебері Бейбарыс Қаблан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Жарыс Кенияда өтіп жатыр. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнмен кездесіп, таза жеңіске жетті. Таеквондоның отаны саналатын Корея өкілін ұту оңай емес екенін спортпен шұғылданатындар жақсы біледі. Сондықтан бұл нәтиженің салмағы бөлек. Ресми мәліметке қарағанда, Бейбарыс Қазақстан үшін осы жас санатында таеквондо (WT) бағытында тарихтағы алғашқы алтын жүлдені алып отыр. Яғни U21 деңгейінде әлем чемпионы болып тұрған қазақстандық таеквондошы бұған дейін болмаған. Спортшы аса ауыр салмақ дәрежесінде, 87 келіден жоғары санатта күресті. Бұл категорияда бәсеке әдетте қатты, қарсыластардың дене күші мен тәжірибесі жоғары болады. Финалға…

Толық оқу
Экс-депутат Гаухар Танашева

Экс-депутат Гаухар Танашева Мәжілістен шеттеуіне билікті ашық сынауы себеп болғанын мәлімдеп, Парламент ішіндегі цензураның жай-жапсарын жария етті, деп жазады Ertenmedia. Azattyq арнасына берген сұхбатында Танашева Мәжілістегі соңғы күндерінің қысым мен қудалауға толы болғанын жайып салды. Оның сөзінше, мандатынан айырылуына Үкімет пен халық арасындағы байланыстың жоқтығын өткір сынаған сауалы түрткі болған. Танашеваның айтуынша, қарапайым халықтың тұрмысын көтеріп, қоғамның шынайы мәселесін айтуға тырысқанымен партия басшылығы оның соңғы депутаттық сауалын мінберден оқуға мүлде рұқсат бермеген. «Соңғы депутаттық сауалым Халық партиясының басшылығына ұнамады. Сауалдың мәтіні алдын ала вице-спикер Әлберт Рауға жолданыпты. Ол маған төтесінен: «Айналайын, мына сауалды оқымайсың» деген шарт қойды. Бірақ мен ешкімнің…

Толық оқу
«Севоран» препаратына қатысты

Денсаусамин Ақмарал Әлназарова Астанадағы стоматологиялық клиникада үш жасар қыздың қайғылы өлімінен кейін қоғамның күдігін тудырған «Севоран» препаратына қатысты ұстанымын жеткізді, деп жазады Ertenmedia. Министрдің айтуынша, балалар және ересектер стоматологиясында «Севоран» препараты әлі күнге дейін кеңінен қолданылады және оған тыйым салуға әзірге негіз жоқ. «Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, баланың өлімі мен «Севоран» препараты арасында тікелей байланыс анықталған жоқ. Бүгінге дейін осы препараттар тобына қатысты медицина мекемелерінен жағымсыз әсер туралы ресми шағым түскен емес. Біз тек ресми тіркелген, түпнұсқа препараттарды ғана пайдаланамыз. Егер тергеу барысында препарат пен қайғылы оқиға арасында қандай да бір байланыс анықталса, тиісті шешім қабылдаймыз», – деді Ақмарал Әлназарова.…

Толық оқу

Шымкентте медицина саласындағы баға саясатын реттеуге қатысты маңызды қадам жасалды. Қала әкімдігі жетекші медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен бірқатар меморандумға қол қойды. Негізгі мақсат ақылы медициналық қызметтердің, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын негізсіз өсірмеу, инфляциялық қысымды азайту және емделуді халыққа қолжетімді ұстау, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімдерге «Лечебный центр №14» ЖШС, «Медициналық орталық “Ай-Нуры”» ЖШС, «КАМЕЯ Pharm Group» ЖШС, «Otau Med» ЖШС, «Медициналық орталық “Атамекен”» ЖШС, «ЗЕРДЕ-ФАРМА» ЖШС, «МУРАТ-ФАРМ» ЖШС және «ЗЕРДЕ» ғылыми-өндірістік бірлестігі секілді ұйымдар қосылды. Бұл компаниялар қаладағы негізгі жеке клиникалар мен дәріхана желілерінің бір бөлігі саналады. Меморандум аясында олар бағаны тұрақтандыруға, ашық есеп беруге және қызмет сапасын сақтауға міндеттеліп…

Толық оқу
реформа

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында болашақ бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ азаматтардың е-Otinish және E-gov платформалары арқылы келіп түскен бастамалары қаралды. Отырыста жаңа Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, саны мен сапалық құрамы, өкілеттілік мерзімі және квотаға қатысты тәсілдер сараланды. Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан парламенттік реформа жөнінде азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардан жинақталған ұсыныстар негізінде әзірленген жалпы тәсілдер туралы…

Толық оқу
отын өрт

Алматының Жетісу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы биыл тұрғындардан қатты отынды пайдаланып, айналаға қою түтін тарататын кәуапханаларға қатысты бірнеше шағым түскенін хабарлады. Шағымдардың бірі Назарбаев көшесі, 28А мекенжайындағы нысанға қатысты болды. Тұрғынның айтуынша, онда антисанитарлық жағдай орнап, мангалдан түтіннің тым көп шыққан. Жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында «Аяна» ЖК нысанында жұмыс туралы тиісті хабарлама берілмеген, қатты отын жағатын мангал қолданылған, қоқыс контейнері мен дератизация шаралары болмаған, нысан ішінде ұшатын жәндіктер анықталды дегендей бірқатар санитарлық талаптың бұзылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерге 68 810 теңге айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда қайталама тексеріс барысында талаптардың орындалмағаны анықталып, сот нысан иесіне…

Толық оқу
әуе билеттері

Президент Тоқаев елдегі жүк авиациясының қазіргі ахуалына көңілі толмайтынын жеткізіп, саланы дамытудағы нақты кедергілерді атады, деп хабарлайды Ertenmedia. Тоқаевтың айтуынша, әлемде әуе тасымалы нарығы жылдам қарқынмен дамып жатыр. Қазақстан дәл қазір осы мүмкіндікті пайдаланбаса, халықаралық транзиттік тасымал бағыты басқа елдерге, әсіресе Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ мемлекеттеріне ойысып кетуі әбден мүмкін. «2040 жылға қарай Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 20 пайызы әуе арқылы жүретін болады. Мұндай жағдайда Қазақстанның мультимодальды логистикалық жүйесін құруға толық мүмкіндігі бар. Ол әуе, теміржол және автокөлік тасымалын бір жүйеге біріктіруі тиіс. Біз бүгін нақты әрі батыл шешім қабылдамасақ, осы мүмкіндіктен айырылып қалуымыз ғажап емес», –…

Толық оқу
оқушылар

Елордада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында оқушылардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ерекше жоба өтіп жатыр. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Білім басқармасы бірлесіп, қаланың барлық 120 мемлекеттік мектебінде және 9 мемлекеттік колледжінде «Qarzhy Saqshysy» атты компьютерлік ойынды іске қосты. Ойынға 10–11-сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қатысып жатыр. Жобаны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен AML Academy және Қаржылық мониторинг агенттігі дайындағаны атап өтілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір жасөспірімдер үшін негізгі қатер тек көшедегі қауіп емес, телефон мен интернет арқылы келетін қауіп болып тұр. Құмар ойындар, фишинг, жалған сілтемелер, телефон арқылы алдау, қаржы пирамидалары, картасын немесе шотын «уақытша пайдалануға…

Толық оқу