Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Назарбаевтың әмияны

Ресейдің Әрктикадағы алып жобасының артында Назарбаевпен байланысты қалталы тұлғаның тұрғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia. Осыдан жеті жыл бұрын Кремль көсемі Чукоткідегі Байым мыс кенішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастауға пәрмен берген. Құны 14 млрд доллар тұратын кешенде теңіз үстіндегі АЭС, порт және 400 км жол салынуда. Жоба іске қосылғанда Мәскеудің мыс өндірісі 25 пайызға, ал алтын өндірісі 4 пайызға артуы тиіс дейді. Алғашында Роман Абрамовичтің иелігінде болған кенішті кейіннен қазақстандық KAZ Minerals компаниясы сатып алған. Соңғы жылдары жоба АҚШ санкциясының құрсауында қалып, жабық инвестициялық қорға өткен. “Система” барлаушыларының мәліметінше, Байым жобасы әлі күнге дейін KAZ Minerals-тың ірі акционері Владимир Киммен…

Read More
Серік Шәпкенов

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шараларды қысқа да нақты баяндады. Оның айтуынша, жалпы құны 36 млрд теңгелік 254 кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілген. Соның нәтижесінде 1725 жаңа жұмыс орны ашылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға биыл 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл жай сөз емес, жоспарлы түрде шағын және орта бизнестің салмағын арттыруға бағытталған нақты қолдау. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш облыстың жалпы өңірлік өнімінің 21 пайызына тең. Яғни әр бес теңгенің бірі – шағын және орта бизнеске…

Read More
Нұралған Көшеров

Түркістанда балаларға арналған қалалық оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Маңызды нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, орталықтың ашылуына атсалысқандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ осындай игі жобалардың жүзеге асуы қоғамның бірлесіп атқарған жұмысының жемісі екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын қорғау, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне үнемі назар аударып келеді. Бұл бастамалар балалардың құқықтары, қауіпсіздігін, әлеуметтік-психикалық дамуы, өмір сүру жағдайы мен денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мәселелерін кешенді қамтамасыз етуге арналған. Балалар біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мықты, мүмкіндіктері кең, өмір сапасы жоғары болуы мемлекет үшін басты міндет. Сондықтан…

Read More
цифрландыруға бет бұрды

Астанада коммуналдық саланы цифрландыру инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағытына айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде қалаға қар қалың түсіп, жел ұйытқып соққанда көпшілікке біршама қолайсыздық туғызады. Осындай маусымда көшені уақытылы тазалау үшін техника ғана жеткіліксіз, жұмыс тәртібі мен есеп те нақты болуы керек. Сол себепті «Астана Тазалық» кәсіпорны қысқа дайындық кезінде енгізілген цифрлық шешімдерін таныстырды. Негізгі жаңалық «Цифрлық жол парағы» жүйесі. Ол нақты уақыт режимінде қай техника қай көшеде жүргенін, қандай маршрутпен қозғалғанын, жұмыстың қай уақытта басталғанын, қанша реагент себілгенін көрсетеді. Яғни, диспетчер де, басшылық та қағаз жинап отырмайды, көріп отырып шешім қабылдайды. Қазір технология 393 арнайы техникаға енгізілген. Нәтижесінде есепті…

Read More
құлдықта ұстаған

Жамбыл облысы Талас ауданында үш бірдей жеткіншекті ұзақ жыл бойы азаптап, құлдықта ұстаған азамат сотталды, деп жазады Ertenmedia. Іс материалына сәйкес, айыпталушы өгей ұлдарын 6 жыл бойы ұрып-соғып, таңнан қара кешке дейін малдың соңына, қара жұмысқа жеккен. Балаларды қоғамнан оқшаулап, аш қалдырып, телефон ұстатпай, коллежде оқитын үлкен баланың шәкіртақысына ортақтасып отырған. «Сот отырысында балалардың берген куәлігі және іс бойынша жиналған өзге де айғақ арқылы айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпкердің жауапкершілігін жеңілдететін фактырлар анықталмады. Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деп хабарлады Талас аудандық сотының баспасөз қызметі. Контексті айта кетейік… Оқиға тамыз айында Көктал ауылы тұрғындарының үш баланың…

Read More
Шымкент

Шымкентте ірі жылыжай кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен поляк инвесторлары – Fabe-Agro компаниясының басшылығы Мартөбе тұрғын алабында капсула қою рәсіміне қатысты. Жоба құны 137 миллион АҚШ долларын құрайды. Әкімдік дерегінше, қазіргі кезде құрылыс алаңын дайындау және қажетті инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның жалпы аумағы 144 гектарды қамтиды. Кешен толық іске қосылғанда жылына 36 мың тоннаға дейін көкөніс өндіру жоспарланған. Негізгі өнім қызанақ пен қияр. Сонымен қатар шамамен мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде. Бұл тек ауыл шаруашылығы емес, жергілікті халық үшін де маңызды әлеуметтік эффект беретін жоба. Салтанатты рәсімде Ғабит…

Read More
Ұлттық банк

Ұлттық банк 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін базалық мөлшерлемені төмендетуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia. Реттеушінің ақша-несие саясаты туралы жарияланған есебінде қазіргі 18 пайыздық базалық ставка инфляциялық қысымды азайту үшін сақталатыны айтылған. Банк шешімді базалық инфляцияның әлі де жоғары болуы, инфляциялық болжамның тұрақсыздығы және салық реформасы мен квазибюджеттік ынталандырудың сұранысқа ықпал ету ықтималдығына байланысты қабылдаған. Сонымен қатар, Ұлттық банк елдің 2025 жылғы жалпы ішкі өнімінің өсу болжамын жақсартып, 6-6,5 пайызға дейін көтерді. Алдағы жылдары экономикаға квазибюджеттік сектордың инвестициясы, ішкі тұтынудың тұрақтылығы және мұнай өндірісінің артуы оң ықпал етеді. Дегенмен… Биылғы мұнай өндірісінің рекордтық көрсеткіштері мен ішкі нарықтағы күшті сұраныс…

Read More

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бүгін өзінің Facebook парақшасында Экономика комитетінің отырысында мемлекеттік сатып алудағы тәртіпті босатып жіберетін бастама үнсіз өтіп кетуге шақ қалғанын жазды. Оған  әріптесі, депутат Анас Баққожаев назар аударып, мәселені көтергеннен кейін бәрі ретімен шешіліпті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұрат Әбенов еске салғандай, бір жыл бұрын Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға Анас Ахатұлы ұсынған маңызды өзгеріс қабылданған. Ол өзгеріске сәйкес, «қара тізімге» енген компания басшыларының жақын туыстары да тендерге қатыса алмайды деген талап енгізілген еді. Себебі бұрыннан белгілі схема бар. Бір мердігер ұйым мемлекеттік тапсырысты алып, жұмысты толық орындамайды, орындаған күнде де жұмысты сапасыз атқарады. Содан кейін компаниясы қара…

Read More
жаңа заңға қол қойды

Президент Тоқаев бірнеше салаға ауқымды өзгеріс әкелетін жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа құжатқа сәйкес, мәдениет, білім, отбасы институты және мемлекеттік бақылау бағытында бірқатар маңызды жаңалықтар енгізілмек. Өзгерістер оннан аса заң мен кодексті қамтиды, оның ішінде Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік кодекстері, «Неке және отбасы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі», «Қазақстандағы тілдер», «Балалар құқығы», «Мәдениет», «Білім туралы» заң бар. Қабылданған заңның басты мақсаты жетім балалардың құқығын қорғауды күшейту. Енді бала асырап алуға немесе қамқорлыққа алуға бірінші кезекте туыстарының құқығы болады. Егер ағайын-туысы табылмаса, басымдық ресми некедегі ерлі-зайыптыларға беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттен қаржыландырылатын, балаларды тамақтандыру, емдеу, оқыту және жатын орынмен…

Read More
жол

Жол экономиканың күретамыры. Күре жолының жағдайы жақсы өңірлердің дамуы да жеделдей түседі. Сондықтан да елімізде жаңа жол салып, ескісін қайта жаңғырту ісі қарқынды жүріп жатыр. Биылдың өзінде 13 мың шақырым жол қамтылады деп жоспарланған. Соның басым бөлігі орындалып та қалды, деп жазады Ertenmedia.kz.  Сапаға мән беріледі Еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін, транзиттік әлеуетін арттыру туралы айта келіп Президент: «Сондай-ақ негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға баса мән берген жөн. Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Жол салған кезде транзиттік дәліздердің мән-маңызына баса көңіл аударған жөн» деді. Сонымен биыл 13 мың шақырым жол қамтылмақ. Оның ішінде республикалық 2 мың…

Read More