Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыстың нәтижесінде мейрамханаиесіне 46 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан…
Автор: editor
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Антикор мәліметінше, нәтижелер отандық спорттың дамуына және әлемдік спорт аренасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін жүйелі жемқорлық тәуекелдері барын айғақтайды. «Тек соңғы 6 жылда спорт саласын қаржыландыру шамамен 1,4 триллион теңгені құрады (2018 ж. – 165 млрд теңге, 2019 ж. – 204 млрд теңге, 2020 ж. – 177 млрд теңге, 2021 ж. – 223 млрд теңге, 2022 ж. – 296 млрд теңге, 2023 ж. – 340 млрд теңге). Бюджеттен ағымдағы және алдағы екі жылға тағы 1,3 триллион теңге бөлу…
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Марбург вирустық ауруы — адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін. Марбург қызбасының табиғи ошақтары — Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения. Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады. Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып,…
Қостанай облысындағы ұн зауытында төрт адам жан тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Рудныйда жұмысшылар ұн комбинатындағы шанақта қаза тапты. Оны тазалау кезінде төтенше жағдай болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Төрт жұмысшы шанаққа түсіп, қайта көтерілмеген. Оның тереңдігі – бес метр. Оқиға туралы 112-ге хабарланды. «Төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі дереу оқиға орнына жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері жұмыскерлер қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Орталық сайлау комиссиясында АЭС құрылысы бойынша референдумның алдын-ала қорытындысы жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Орталық Төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, референдумге 5 миллионнан аса қазақстандық қатысқан. «7 қазан таңындағы алдын ала дауыс беру нәтижелері келесідей көрінеді: 71,12 пайыз азамат қолдады, ал 2 452 071 азамат қарсы дауыс берді», — деді ол. Кеше Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Референдум 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске құрылды. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды. Жергілікті атқарушы органдар республика…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ел арасында тараған ақпараттарға жауап берді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Көпшілік өңір әкімінің түрлі лауазымдарда басшылық қызмет атқаруын «билікте бұрыннан отырған шенділердің арқасы» деп топшылайды. Алайда әкім мұның бәрі қауесет екенін жеткізді. «Теміржолдың ішінде жұмыс істеп жүргенде, көлік министрі Әбілғазы Қалиақпарұлы деген ағамыздың қабылдау бөлмесінен телефон шалып, «сағат 15.00-де сізді министр күтіп отыр» деді. Барып едім, жаңа комитеттің төрағалығына жұмыс ұсынды. Әрине, келісемін. Мемлекеттік қызметке тестілерден, емтиханнан өтесің. Сөйтіп кірісіп кеттім. Сол жақта жасап жүргенде өзімнің туған Бейнеуімнен бір таныс ағам телефон соғады. «Жаңа садақадан шықтық» деді. «Қабыл болсын» десем, «айтайын деп отырғаным, садақа емес.…
Прокурорлар Жетісу облысындағы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкереледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады. 2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған. Келтірілген шығын 34 млн теңге болады. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. «Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді», -…
«Қазақмыс» тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеп. Шахтада көміртегі газы бөлінген. Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. «Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі», — деп жазылған хабарламада.
Алматы облысының Полиция департаментін басқарған Бауыржан Әленов жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Президент Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындаған болатын. Ал Бауыржан Әленов 2022 жылы 2 тамызда Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі. 2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистратурасын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.…
АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда өткен референдумның exit poll мәліметтері белгілі болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс-А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев exit-poll нәтижесін жариялады. «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2%-ы қарсы шықты. Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3%-ы АЭС салуға келісім берген, 27,7%-ы қолдамаған. Кеше Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Референдум 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де…
