Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады. Бұл туралы Tenrginews жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты: DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған. Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар. YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген. Айта кетейік, бұған дейін құны бір-бір үйдің бағасына…
Автор: Асылхан Бөрібай
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларын бөлісті. Оның айтуынша, Кендірлі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды түзету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады. Кендірлінің туристік және экономикалық әлеуетін арттыру үшін көлік қатынасын жақсарту мақсатында «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы» бағыты бойынша автожолды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын бұл жол IV техникалық санатқа жатады. Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемін нығайту және жаңарту жоспарланған. Аймаққа қолжетімділікті…
Алматы облысында су тасқыны жағдайына байланысты күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жаңадан әзірленген «Tasqyn» ақпараттық жүйесі енгізіліп, мамандар арнайы оқытылуда, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген. Облыста су деңгейін бақылау үшін 42 гидропост орнатылды, оның ішінде 27-сі «Қазгидрометке», ал 15-і «Қазселденқорғау» мекемесіне тиесілі. Бақылау нәтижесінде өзен арналарының су өткізу қабілеті тұрақты екені анықталды. Аймақтағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» су қоймаларында су толтыру штаттық режимде жүргізілуде. Бүгінде су толтыру деңгейі 31%-дан 92%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды: Бестөбе – 30,5% Күрті – 53,9% Бартоғай – 78,3% Қапшағай – 92,6% Қалған…
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады. «Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен…
Түркістан делегациясы Иран инвесторларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, облыстық делегация Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация құрамымен Тегеран қаласында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы экономикалық белсенділерінің форумына қатысты. Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу. Іссапар барысында ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация құрамы Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кен және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабеккпен кездесті. Форум аясында, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы Н.Мырзахметов Түркістан облысында 25 млн. АҚШ…
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мерекелік іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға, игі бастамаларға тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» — деген болатын. Былтыр Қызылорда облысында «Руханият жылы» жарияланды. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауы және ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды ErtenMedia Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауы және ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарының алғашқы күні өңір делегациясы Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты одан…
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерге, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді тұрақты түрде жүргізеді. Тексеріс нәтижесінде 594 тұлғаға 53,3 млрд. теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, нәтижесінде 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді», — деп жазылған хабарламада. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет. «Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есебін тапсырады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсынуы қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі — 30 жұмыс күні», — деп…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Қонаев әкімдігі түрлі салада қызмет етіп жүрген кейіпкерлермен оқырманды таныстыруда, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгінгі Еңбек адамы – Гүлбаршын Қамбарова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған ана. Бұдан бірер уақыт бұрын үйінен тосап, салат жасап, елге сата бастаған. Кейіннен мемлекеттік грант алып, өз ісін ашқан. «Жасаған тағамдарға «Ayim» деген ортақ атау беріп, бренд еттім. Мемлекеттік грант алған соң, дүкен ашып, қолдан жасалған тосап, салаттарымды, сусындар, жеміс-жидек сата бастадым. Қазір айлық табысымыз жақсы шығып жатыр. Жұбайым да, балаларым да көмектеседі», – дейді әйел. Сонымен қатар ол мемлекеттік қолдауды барынша қолданып,…
Абай университетінің бастамасымен 2022 жылы өмірге келген «Педагогикалық сынып» жобасы бүгінде өз жемісін беріп келеді. Өйткені бұл жоба орта мектеп түлектерін кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуға және үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіне бағытталған педагогикалық мамандық туралы түсініктері қалыптастыруына зор мүмкіндік береді. Яғни болашақ маман мектеп қабырғасында жүріп, өзін болашақ педагог ретінде қалыптастыра алады. Осы мақсатта және орта мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша әдістемелік қолдау көрсету үшін Түркістан облысы Білім басқармасының Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы А.Ауелбековтың және Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбековамен бірлескен семинар 2025 жылдың 13 ақпанында Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицей базасында өтті.…










