Полиция 2000 жылдары Оралда болған кісі өлімі қылмысын ашты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қайғылы оқиға 2000 жылы желтоқсанда болған. Оқиға салдарынан екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына ақша мәселесі себеп болған. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталған. «Тікелей дәлелдер болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Соталды тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бесқарағай ауданы Нұрлыбек Баймұратов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Дидар Баталов көпқабатты үйлердің су құбырындағы ағын арқылы электр энергиясын өндіруге арналған шағын гидроэлектростанция әзірледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаның жетекшісі – Мейрамғали Жексенаев. Оқушы су құбырларында тұрақты түрде қалыптасатын қысымды тиімді пайдалану арқылы оны электр энергиясына айналдыруға ұмтылған. Бұл үшін ол су есептегіштеріне ұқсас мини-турбиналарды құбырларға орнатуды ұсынды. Құрылғының қарапайымдылығы оны кез келген су құбырына орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай шағын гидроэлектростанциялар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдарын жарықтандыруға қажетті электр энергиясын өндіре алады, сондай-ақ пәтерлерге жеке орнатуға да болады. Құрылғы экологиялық таза әрі…
Бүгін облыс Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Мерекелік іс-шараға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рәсім үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады. – Бүгін елі ырысты, жері күрішті, берекесі тасып, бірлігі асқан Жалағаш ауданындағы бірқатар нысанды ел игілігіне табыстауға жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз…
Бүгін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ. Жеке…
Ақмола облысының прокурорлары мектепке дейінгі білім беру ұйымынан бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жақсы ауданы прокуратурасы «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесінде балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. «Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеуді экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды», — деп жазылған хабарламада..
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталуына 30 күн қалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2025 жылы ораза қашан басталады? ҚМДБ бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес 2025 жылы Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша биыл ораза 29 күнге созылады. Қадір түні наурыздың 27-сіне қараған түнге сай келуі мүмкін. Алайда жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер жылжуы мүмкін. Рамазанда қандай амалдар орындаған жөн? Рамазан – мүмкіндіктер айы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айы келгенде жұмақтың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылды және шайтандар шынжырланады», – дейді. Ханафи мәзһабының фақихы Шихаб әд-Дин әтТурибишти…
Астананың Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты. Астана соты мән-жайды баяндады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қызмет бабын пайдалана отырып, адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) М.-ға, сондай-ақ оған көмектескені үшін (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) К.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады. М. Астана қаласының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы бола тұра, Э.-мен бірге және К.-нің көмектесуімен 2016 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы «Күн» субұрқағының құрылысын, оған қоса «Су сиқыры» және «Есіл өзеніндегі жарық…
Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астананың Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов сотталды, — деп хабарлайды Ertenmedia. Сот үкімімен Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды Еске салайық, экс-шенеунік Болат Мажағұловтың ұсталғаны туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. 2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.…
Құран сүресін рэп етіп оқып, желіде қызу талқыға түскен блогердің әрекетіне ҚМДБ баға берді, — деп хабарлайды Ertenmedia. «Отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді», — деп жазылған хабарламада. ҚМДБ Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейтіндерін мәлімдеді. «Бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген. Құран Кәрім – Алла Тағаланың…
Энергетика министрлігі АЭС-құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia. Қазақстан атом электр станциясына қатысушы вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайтыны айтылды. Министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді», — деп жазылған хабарламада. 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі болған. 2024 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай…
