Алматының әскери соты Қаңды Қаңтар кезінде археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке үкім шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот ақпаратына сүйенсек, Әубәкіров 2022 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановқа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылып, 30-дан аса куәгерлерден жауап алынған. Айта кетейік, алғашқы сот отырысы былтыр 19 желтоқсанда басталды. Алайда бірнеше сот процесінен кейін сот жабық режимге ауыстырылды. Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ерлан Жағыпаров археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қаржы мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз иемденгенін анықтады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тергеу дерегіне сәйкес, фермер 2019 жылдың мамыры мен 2020 жылдың наурызы аралығында жалған құжаттар арқылы сүт өңдеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты заңсыз алған. Ол жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алынғаны туралы құжаттарды қолданып, сары май өндірілгенін де жалған мәлімдеп отырған. Сот бұл келісімдердің бәрін жарамсыз деп тапты. Тергеу барысында күдіктінің алынған қаржыны өз мақсатына пайдаланып, Toyota Land Cruiser Prado көлігін сатып алғаны, оны сенімді өкілдің атына рәсімдегені анықталды. Сот қаулысымен аталған автокөлікке арест қойылды. Күдіктінің өзі қамауда отыр, оған…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысына 1,4 млрд теңге бөлді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазір елді мекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Дегенмен оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. «Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысан құрылысы мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала бар», — деп жазылған хабарламада. Бүгінде Үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 млрд теңге бөлді. Оның ішінде 5 мектеп,…
Нұрлан имам деген атпен танымал Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына барды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Имам қандай іс-шараға барды? Қайырымдылық таңғы асына 2500 адам жиналған. Іс-шарада АҚШ-тың президенті Дональд Трамп та болған. Имам әлеуметтік желіде осы сапары туралы жазба жариялады. «Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері: «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл — елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына…
Кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер Талғат Мұсабаев жуырда өткен Digital Almaty 2025 форумында қызық мәлімдемелер жасаған. Соның бірінде америкалық кәсіпкер, миллиардер Илон Масктың аты аталады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Маск туралы Мұсабаевтың «одасы» Мұсабаев өз сөзінде жоғалтатын ештеңесі жоғын, себебі зейнетте екенін айта келіп, өзін қазақ журналистері жақтыртпайтынын жеткізіпті. Оның сөзінше, бұған себеп — бетің бар, жүзің бар демей тіке сөйлейтін мінезі, ал бізде (Қазақстанда — еск.) мұндай әдет жоқ. Ол тек шындықты айтатынын мәлімдеп, «елімнің батырымын» деуді де ұмытпаған. Оның бұл әңгімесінің бәрі Маск туралы «бар шындықты» жайып салу үшін айтылған. «Әлем өз жолымен жүріп бара жатыр, америкалықтар, немістер, француздар…
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әншінің сөзінше, күнде бір айыппұл шығып жатыр, сондықтан халық та бір айыппұл ұсынса, жөн болмақ. «Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», — деді ол. Айыппұлдар туралы Қазақстанда кейінгі кезде айыппұл тақырыбы — қызу талқыға түсіп жүрген тақырыптардың бірі. Көлікті бес минуттан артық қыздыруға қатысты айыппұл мәселесі де қызу талқыланып жатыр. Бұл талап Жол қозғалысы ережелерінде бірнеше жылдан бері бар болғанымен, соңғы уақытта оған деген назар…
Түркістан облысының Жетісай аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп су жаңа «Ангиограф» медициналық құралы орнатылылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық аурухана «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу жұмысынан кейін емдеу мекемесіне заманауи қабылдау бөлімі және «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» ғимараттары салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен жасалды. Сондай-ақ, заманауи «Ангиограф» медициналық құралы орнатылып, ақхалаттылардың өз кәсібіне деген адалдығының арқасында қазір науқастарға жүрек-қан тамырлары ауруларына күрделі операциялар жасалынуда. Ем алғандар дертіне дауа тауып, билік орындарына алғыс айтуда. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар арасында тек Жетісайда ғана бар. Сондықтан,…
Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың жесірі Сая Есенгелді де қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Азаттық» мәліметінше, 6 ақпанда Алматыда жұрт 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың жесірі Сая Есенгелдіні ақтық сапарға шығарып салған. Қаңтар оқиғасынан кейін төрт баламен қалған Сая қала арасында такси айдап, отбасын асырап жүрген. 4 ақпанда ол Алматы – Бішкек тасжолында көлік апатынан қаза болды Туыстары Саяны Алматының іргесіндегі Саялы ықшам ауданындағы қорымға, күйеуінің қасына жерледі. Марқұмның жақындары журналистермен сөйлескісі келмеген. Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған бір топ адам биыл 5 қаңтарда Алматыдағы «Тағзым» мемориалына барып, марқұмдарға құран бағыштап,…
Атыраудағы №3 мектеп-гимназиясының мұғаліміне жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп, 80 миллион теңге талап еткен, — деп хабарлайды ErtenMedia «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Ұстаздың шақыртуына полиция қызметкерлері барған. Олар мектепті толық тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Атырау облыстық білім басқармасы қазіргі уақытта мектептің екінші ауысым оқушылары қалыпты режимде білім алып жатқанын жеткізді. Оқиға қалай болған? 6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Атырау қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғаліміне коды +380 деп басталатын шетелдік ұялы телефон нөмірінен орыс тілінде хабарлама келген. Онда сағат 14:00-де мектепте жарылыс болатыны туралы жалған ақпарат берілген. Сонымен қатар, хабарлама жіберуші 80 миллион теңге талап етіп,…
Назарбаев университеті бұрынғы басшысы Шигео Катсуды сотқа бермек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Университеттің бұрынғы президенті Шигео Катсу оқу орнының қазіргі басшылығын жемқорлыққа жол беріп, басқаруда кемшілік жіберді деп айыптаған. Осыған байланысты Назарбаев университеті оған қарсы сотқа арыз әзірлеп жатыр. Іс АҚШ-та қаралмақ. Әзірге сот процесі туралы толық мәлімет жарияланған жоқ. Шигео Катсу Назарбаев университетін 13 жыл басқарды. Ол 2023 жылдың көктемінде қызметінен кетті. Биылғы желтоқсанда Жоғары аудиторлық палата университет бюджетінің 73 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылғанын анықтағаннан кейін, Катсу бұл жағдайға қатысты қазіргі басшылықты кінәлаған еді. Катсу университетке бұрынғы білім министрі Аслан Сәрінжіповтің оралуын сынға алып, Назарбаев университеті мен НИШ-ті қаржыландыратын америкалық…










