Автор: Асылхан Бөрібай

жаңа салық кодексі кәсіпкерлер

Белгілі кәсіпкер, Lanzhou мейрамхана желісінің негізін салушы Гүлбану Майғарина Қазақстандағы салық саясатына қатты алаңдаулы, — деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет салық саласын кеңейтудің орнына бұрыннан адал салық төлеп келген кәсіпкерлерге жүктемені ұлғайтуға кіріскен. Майғарина бұл тәсілдің тиімсіз екенін айтып отыр. 2021 жылы дивидендтерге 10 пайыздық табыс салығы енгізіле сала салықтық түсімдер күрт кеміп кеткен. Бұл елдің тарихында бұрын-соңғы болмаған оқиға. Мұның себебі неде? «Бизнеске қысым артқан сайын, заңды жолмен жұмыс істеу тиімсіз болып қалады да, кәсіпкерлер «көлеңкеге» кетуге мәжбүр болады. Үкіметтің қосылған құн салығын (ҚҚС) 20 пайызға дейін көтеру жоспары жағдайды одан сайын ушықтырады», — дейді Майғарина. Кәсіпкердің пікірінше, елімізде адал еңбекпен…

Толық оқу

Асхат Аймағамбетов Ұлттық банктің жұмысындағы бірқатар оң тенденцияларды тілге тиек етті, — деп жазады Ertenmedia. Депутаттың пікірінше талай жыл бойы бюджет дефицитін жабумен айналысқан Ұлттық банк соңғы кезде белсенді инвестициялық стратегияға бет бұрған. Аймағамбетовтің айтуынша, былтыр Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтерінен түскен инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгені құраған. Ең бастысы, табыстылық инфляциядан екі есе асып түсіп, 17,8 пайызға жеткен. Депутат осы орайда зейнетақы қорындағы қаражаттың кірістілік деңгейіне заң жүзінде кепілдік беру керектігін айтады. «Зейнетақы ақшасы бюджеттің жыртығын жамауға, мемоблигацияларды немесе тиімсіз жобаларды қаржыландыруға жұмсалмай, жоғары табыс әкелетін құралдарға салынсын (инвестициялансын). Заңнамалық тұрғыда «минималды кірістілік міндеттемесі» енгізілсе, азаматтардың өз жинағына…

Толық оқу

Мемлекеттік кеңесші Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумына қатысты. Бүгін Астана қаласында Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің форумы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Алқалы жиында еліміздегі ғылыми қауымдастықтың 300 өкілі, оның ішінде тарихшы-зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Форумның пленарлық отырысында және жеті жұмыс секциясында археология, этнография, этнология, тарихи география салаларындағы жаңалықтарды талдау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан зерттеушілерінің шетел мұрағаттарында, музейлерінде және кітапхана қорларында жүргізген зерттеулерінің нәтижелері қаралды. Басқосудың басты тақырыбының бірі «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымды дайындау барысын талқылау болды.…

Толық оқу

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына арнайы дәріс өтіп, ағаш көшеттерінің тұқымдарын арнайы ыдыстарға отырғызып, күтіп-баптау жұмыстарын үйретті. Ұлттық парк директоры Елнұр Ахметовтың айтуынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша 2025 жылы 356 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның бірі – мектеп оқушыларына Ұлттық парк аумағында өсетін Шренк шыршасының тұқымын өсіру туралы ақпарат беруге арналған дәріс. «Барлық игі іс жастарға тәлім-тәрбие беруден басталады. Біздің Ұлттық парк балабақша, мектеп, колледж, унивеерситеттермен жыл сайын тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Аудан ғана емес, облыс, республика көлемінде біраз мектептермен бірлескен жобаларды жүзеге асырудамыз. 5-6 мектепте…

Толық оқу
Штрапстан қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі Дидар Смағұлов ресми статистикаға сүйене отырып, Қазақстандағы әкімшілік айыппұлдардың айтарлықтай өсіп кеткенін мәлімдеді, — деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, 2024 жылы елде салынған әкімшілік айыппұлдардың жиынтық мөлшері тұңғыш рет 300 миллиард теңгеден асып түскен. 2024 жылы жалпы саны 15,1 миллион әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (10,9 миллион) 40 пайызға көп. Жеті-сегіз жыл қатарынан өсім болғанымен, дәл 2024 жылы 4 149 480 хаттамаға бірден секіріс жасалды. «Біріншіден, халық ретроградтық Меркурийдің әсерінен жаппай заң бұзуға көшкендей көрінуі мүмкін. Екіншіден, мемлекет бұрын-соңды болмаған жаңа айыппұлдарды ойлап тауып, бұрынғыларын қатаңдатқан сияқты», – деп пікір білдірді қоғам белсендісі. Дидар Смағұловтың…

Толық оқу

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы РБК жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Путинмен кездесу өткізгісі келетіні туралы сұраққа және Трамптың осы тақырыптағы басқа да мәлімдемелеріне жауап ретінде Песков алып-қосар ештеңесі жоқ екенін жеткізді. «Путин дайын, біз күтеміз, бәрі дайын. Бірдеңе болса, біз хабарлаймыз», — деп түсіндірді Песков. Айта кетейік, жуырда АҚШ президенті Трамп Украинамен арадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін айтты. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Трамп постында «Ресейге зиянын тигізбейтінін, орыс халқын жақсы көретінін және президент Путинмен үнемі өте жақсы қарым-қатынаста…

Толық оқу
бопсалаумен айналысқан блогерлер

Өздерін «қоғам белсендісі» деп көрсетіп, шын мәнінде бопсалаумен айналысқан блогерлер әшкереленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел аумағында осындай 20-дан аса қылмыстық дерек тіркелген. Жақында көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол қызметкерлерінен шағым түскен. Белгілі болғандай, өзін блогер деп таныстырған күдікті жолсеріктердің жұмысынан ілік тауып, олардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Салдарынан теміржол қызметкерлеріне келген шығын көлемі 48 млн теңгеден асып отыр. Тергеу нәтижесінде күдікті 60 рет бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жетісу облысында құрылыс компаниясының басшысынан 10 млн теңге талап еткен тағы бір жалған блогер ұсталды. Ол тұрғын үй…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады. Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және инфляция деңгейін ортамерзімді мақсатқа сәйкес 5 пайызға жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық банктің болжаған шегінде қалыптасқанын, яғни 8,6% пайыз болғанын айтты. Ұлттық қордың активтері, алтын-валюта резервтері және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жай-күйі жөнінде ақпарат берді: 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 7,5 пайызға артып,…

Толық оқу

Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм прокатқа шығып, көрерменін қуантпақ. Бұл фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады. Олардың қатарында 2011 жылы Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған «Капитан Байтасов» кинокартинасы бар. Сонымен бірге лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» жобасы да қоғамның кеселін ашып көрсетеді. Ал «90+1» фильмі жастардың салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа деген құлшынысын оятады. Бұдан бөлек, «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Әбіл» фильмдері кинотеатрларда ұсынылады. «Кино – жай ғана өнер емес, ұлттық идеологияны қалыптастыратын құралдың бірі. Мемлекет қаржысына түсірілген…

Толық оқу

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар. «Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», — Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті. Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы. Бүгінде 330-дан астам бала тәлімгерлермен қамтылып, қажетті көмек алуда. Балалардың құқығын қорғаудағы негізігі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктерден түсіріп кетуге…

Толық оқу