Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Жуырда Алматы қаласы әкімдігі Н.Сац атындағы театрды реконструкциялау барысында қолданыстағы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа ғимарат салынатынын мәлімдеді. Желіде осы ақпаратқа қатысты сын пікір пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мән-жайы Жуырда Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады. Қала әкімдігі мәліметінше, реконструкциялау жобасы мемлекеттік сараптамадан өткен, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау да жарияланған. ​Жобаны жүзеге асыруға 21,7 млрд теңге бөлінген. Жұмыстардың барлығы 14,6 мың шаршы метр болатын қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аясында жүргізілмек. Сонымен қатар, ескі ғимараттың жанында 10 мың шаршы метрлік үш қабатты жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды Жаңа…

Толық оқу

Қазақстанда 4 мыңнан астам шетелдік заңсыз таксист болып жұмыс істегені анықталған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден аса таксопаркті анықтады, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, заңсыз жұмыс істеген. Қазір Көші-қон қызметі елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де тиісті шаралар қабылдау туралы мәселені қарастырып жатыр. «Бүгінде еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік таксист (Алматы да 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматыда 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауапқа тартылды, 112-сі қабылдау-тарату орнына (Алматы — 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы — 79). Бұл жұмыс жалғасып жатыр және ерекше бақылауда»,…

Толық оқу
Алмас Кішкенбаев сот

Алматы соты Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік істі қарауға кірісті, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі өндіріске қабылдады. Сот материалдарына сүйенсек, өнер иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысы неге кейінге шегерілді? Алғашында істі 31 қаңтарда қарау жоспарланған еді. Алайда жәбірленуші тараптың, яғни кәмелетке толмаған баланың әкесі мен заңды өкілінің уақыт сұрауына байланысты сот басқа күнге қалдырды. Сот өкілдерінің айтуынша, жәбірленуші материалдармен танысып үлгермегенін мәлімдеген. Жаңа отырыс бүгін, 3 ақпанға белгіленді. Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу…

Толық оқу

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин «ҚМК Мұнай» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялаған құжатта көрсетілген, — деп хабарлайды ErtenMedia. Құжатқа сәйкес, компания акционерлерінің жалпы жиналысында директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Нәтижесінде Е.А. Құрманғазин кеңестен шығарылып, оның орнына О.С. Оразалин енгізілді. Жаңартылған директорлар кеңесі енді тоғыз адамнан тұрады, оның ішінде үш тәуелсіз директор бар. Кеңес төрағасы – Ли Шуфэн. «ҚМК Мұнай» АҚ-ның негізгі акционерлері – Yukon Energy Holding S.A. және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, әрқайсысы 50% үлеске ие. Айта кетейік, Оңдасын Оразалин 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың тамызына дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. Бұған дейін,…

Толық оқу
Дикий Арман

20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) тергеу изоляторында тамырын кесуге тырысқанын Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растаған еді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазір жағдайы қалыпты, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Әшкере» арнасының дерегінше, аталған жайтқа орай 5 жыл бойы түрме ауруханасында хирург болып істеген кәсіпкер және қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов пікір білдірді. Оның айтуынша, білектегі беткі веналардың кесілуі әдетте өмірге аса қауіп төндірмейді: “Бұл әрекеттерді нағыз су..цид деуге келмейді. Мұндай жарақат тіпті өздігінен тоқтауы мүмкін, өйткені қан қысымы төмендеп, тамыр ішкі қан ұйығымен жабылады.” Нұрпейісов түрмеде мұндай әрекеттер көбіне наразылық білдіру не жазасын өтеу жағдайынан уақытша қашу үшін жасалатынын айтады. Көбіне түрмедегі…

Толық оқу

ҰҚК ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген. «Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК.  Көрсетілген қару-жарақтардың 4-еуі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталған. Осы деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Толық оқу

Полиция 2000 жылдары Оралда болған кісі өлімі қылмысын ашты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қайғылы оқиға 2000 жылы желтоқсанда болған. Оқиға салдарынан екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына ақша мәселесі себеп болған. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталған. «Тікелей дәлелдер болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Соталды тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да…

Толық оқу

Бесқарағай ауданы Нұрлыбек Баймұратов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Дидар Баталов көпқабатты үйлердің су құбырындағы ағын арқылы электр энергиясын өндіруге арналған шағын гидроэлектростанция әзірледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жобаның жетекшісі – Мейрамғали Жексенаев. Оқушы су құбырларында тұрақты түрде қалыптасатын қысымды тиімді пайдалану арқылы оны электр энергиясына айналдыруға ұмтылған. Бұл үшін ол су есептегіштеріне ұқсас мини-турбиналарды құбырларға орнатуды ұсынды. Құрылғының қарапайымдылығы оны кез келген су құбырына орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай шағын гидроэлектростанциялар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдарын жарықтандыруға қажетті электр энергиясын өндіре алады, сондай-ақ пәтерлерге жеке орнатуға да болады. Құрылғы экологиялық таза әрі…

Толық оқу

Бүгін облыс Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Мерекелік іс-шараға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Рәсім үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады. – Бүгін елі ырысты, жері күрішті, берекесі тасып, бірлігі асқан Жалағаш ауданындағы бірқатар нысанды ел игілігіне табыстауға жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз…

Толық оқу

Бүгін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде  жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ. Жеке…

Толық оқу