Автор: Асылхан Бөрібай

газ

Алматыда үйлеріне қауіпсіз әрі сенімді газ тарту жұмыстары қолға алынған. Жобаға аудан әкімдіктері, прокуратура, «Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырымдылық қоры бірлесіп атсалысып отыр. Яғни газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіледі, соңында үй иесі пайдалануға дайын жүйені қабылдайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарламаның басты шарты түсінікті. Әлеуметтік осал тұрғындар қосылу үшін шығынданбайды. Қажетті жабдық, материалдар және жұмысқа керек дүниені қор қамтамасыз етеді. Ал кімдерге көмек беріледі деген тізімді жергілікті атқарушы орган анықтайды. Тізімге төлем жасауға мүмкіндігі жоқ, жағдайы ауыр отбасылар енгізіледі. Бұл тәсілдің мәні біреу: көмек нақты мұқтаж адамға жетуі керек. Қазірдің өзінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Оның 42-сі көгілдір отынға қосылып үлгерген.…

Толық оқу

2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады. Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады. Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті. Жыл басынан бері индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық…

Толық оқу
Алматы қаласы

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматының Индустриялық аймағында жаңа шағын өнеркәсіп паркін салу үшін несие желісін ашты. Бұл туралы «Алматы» ӘКК-нің өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоба «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несиелік желінің жылдық сомасы 6 пайыздық мөлшерлемемен 500 млн теңге. Жобаны «Капстройгрупп-Т» ЖШС жүзеге асырады. Компанияның жеке инвестиция көлемі 700 млн теңге. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Жаңа шағын өнеркәсіп паркі ауданы 1 гектар болатын жер телімінде салынады. Жоба аясында жалпы ауданы 8 927 шаршы метр болатын үш өндірістік және бір әкімшілік ғимарат бой көтереді, оның 7 588 шаршы метрі жалға беріледі.…

Толық оқу
Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдап, өңірдегі жағдайды талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде әкім соңғы үш жылдағы экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе өсіп, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге жеткен. Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайыз болып отыр. Марат Сұлтанғазиев шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар туралы да мәлімет берді. Тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы құны 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Өңдеу өнеркәсібі бойынша биылғы тоғыз айда экспорт көлемі 28,5 пайызға көбейіп, 618,5 миллион долларға жеткен.…

Толық оқу
Оқушылар Астана

Елордадағы Эко-хабта қаладағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша мониторингке арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шаралар төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең аясында белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған воркшоп ұйымдастырылды. Спикерлер қоғамдық ұйымдардың өз бастамаларын күшейту үшін мемлекетпен және қоғаммен қалай өзара әрекеттесу керектігін түсіндірді. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері ортақ мәселелерді талқылап, даму нүктелерін айқындады. Екінші кезең практикалық бөлім болды және нақты кейстерге арналды. Қатысушылар әлеуметтік жобалардың мысалдарын талдап, олардың кеңеюіне кедергі келтіретін факторларды атап өтті. Сонымен қатар өз идеяларын ұсынды. Одан кейін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған…

Толық оқу
Досым Сәтбаев Назарбаев

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев өзінің Фейсбуктағы жазбасында Украина мен Ресей арасындағы соғыста энергетикалық инфрақұрылымға соққы беру әскери тактиканың бір бөлігіне айналғанын жазды. «ХХ ғасырдағы соғыстардың көбінде осылай болды. Қазір де үрдіс өзгерген жоқ. Алғаш болып азаматтық нысандарға, соның ішінде энергетика саласына соққы жасаған Ресей болды, кейін Украина Ресейдің осал тұсын іздеді. Сол осал тұс ретінде Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымы таңдалды, себебі ол әскери бюджеттің негізгі қорек көзіне аналғанын білеміз» депті Досым Сәтбаев. Досым Сәтбаевтың айтуынша, кез келген соғыста тараптар бір-бірінің қорғанысындағы әлсіз жерді іздейді, соған соққы жасайды. Алдағы уақытта зымыран мен дрон арқылы өзара шабуылдар күшейе беретіні сөзсіз. Себебі бұл тек…

Толық оқу
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Талғардағы жиында мүмкіндігі шектеулі қауым туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қанат Есболатов желідегі парақшасында кездесуге көптеген азаматтардың қатысып, министрге маңызды сауал қоюға ұмтылғанын айтты. «Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар да келді. Олар да министрмен (Ақмарал Әлназарова) кездесіп, көкейдегі мәселесін жеткізгісі келді. Бір азамат микрофонға жақындағанда, залдағы кейбір адамдар оған сөзін аяқтатпай, шу көтере бастады. Мен халықты тыныштыққа шақыру үшін сөз алдым. Сол сәтте орыс тілінде айтқан сөзімді қате жеткіздім. Шын мәнінде, «Алла үлкен сынақ берді» деп айтқым келген. Өз сөзімнің елдің көңіліне тиіп, намысына тигенін түсінемін. Осы үшін шын жүректен кешірім сұраймын»,…

Толық оқу
ot-zhaghw-qawipti

Алматыда қатты отынмен жұмыс істейтін монша мен сауналарға профилактикалық бақылау күшейілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалық ауа сапасын жақсарту жоспары аясында «Eco Almaty» мамандары осындай нысандарды аралап, иелеріне экологиялық заң талаптарын түсіндіріп жүр. Ресми дерекке қарағанда, мегаполисте шамамен 400 монша мен сауна бар. Соның бір бөлігі міндетті экологиялық скринингтен өтпей, яғни тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей жұмыс істеп келген. Мамандардың айтуынша, қатты отын жағатын пеш пен қазандық түтін шығарындыларын көбейтеді, ал дұрыс бақылау болмаған жерде көрші үйлерге де қолайсыздық туады. Сол себепті рейд кезінде нысан иелеріне скринингтен өту тәртібі, шығарындыларды есепке алу, түтінді азайтатын шешімдер және жалпы жауапкершілік туралы нақты ескерту беріледі.…

Толық оқу
мұнай терминалы

Украинаның Сыртқы істері Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасаған шабуылға байланысты Қазақстанның наразылығына жауап қатты, деп хабарлайды Ertenmedia. Украина тарапы Астананың алаңдаушылығын түсінетінін айтып, өз әрекетінің Қазақстанға немесе басқа үшінші тарапқа бағытталмағанын жеткізді. «Украин Қорғаныс күштерінің операциясы тек Мәскеудің әскери әлеуетін әлсіретуге арналған. Біздің басты мақсатымыз Қара теңіздегі тұрақсыздықтың негізгі себебі саналатын басқыншы елдің соғыс жүргізу мүмкіндігін азайту. Киев орыстардың агрессиясы мен халқымызға қарсы жасаған қылмысын тоқтату үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды әскери нысандарға ғана соққы жасайды», – деді Украина СІМ. Осы тұста министрлік Ақорданың Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындарға, азаматтық нысандарға және энергетикалық инфрақұрылымға жасаған шабуылын айыптайтын ресми мәлімдеме жасамағанын атап өтті.…

Толық оқу
Жол полициясы

Талғар ауданында жол қауіпсіздігіне қатысты кең көлемді «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының полиция қызметкерлері Департамент бастығының тапсырмасымен жолдағы тәртіпті күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған рейдтер ұйымдастыруда. Негізгі мақсат айқын, жүргізуші де, жаяу жүргінші де жол үстінде салғырттыққа жол бермеуді қамтамасыз еті. Іс-шара аясында Полиция департаментінің аппараты Талғар ауданына жауапты қызметкерлерді арнайы жіберген. Олар жергілікті полицейлердің жұмысын тексеріп қана қоймай, рейдтердің қалай ұйымдастырылып жатқанын да бақылап отыр. Жүргізушілердің жылдамдықты сақтауына, балаларды арнайы автокреслоларда отырғызып тасымалдауына ерекше мән берілуде. Сонымен қатар қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік жүргізу сияқты өрескел бұзушылықтар болса, бірден шара қолданылады…

Толық оқу