Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қанат Бозымбаев Түркістан

Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келді. Ол алдағы вегетациялық кезеңге дайындық барысы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жиын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісте «Ауыл аманаты» іске асырылу барысы да талқыланды. Вице-премьер жауапты министрлер мен облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. — Су тапшылығы қазірдің өзінде халықтың өмір сүру сапасына және экономиканың тұрақты дамуына тікелей кері әсерін тигізуде. Бұл су ресурстарын тиімді басқару және пайдалану тиімділігін арттыру мәселелерін ерекше өзекті етеді. Қауіп-қатерлерді азайту және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су үнемдейтін технологияларды, суару әдістерін және ирригациялық жүйелердің жағдайын мониторинг жүргізу тәсілдерін кеңінен…

Толық оқу
Қанат Бозымбаев

Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба түркиялық «YDA Group» компаниясының жеке бастамасы негізінде іске асырылып жатыр. Түркістан облысына ресми іс-сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге облыс орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Жобаға қатысты мәселелер мен жоспарды пысықтады. Қанат Бозымбаев жобаның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды және барлық инженерлік инфрақұрылымды толық аяқтауды тапсырды. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров заманауи медициналық жабдықтармен қамту және кадр мәселесін алдын ала шешу қажет екенін атап өтті. Болашақта аурухана жоғары технологиялы…

Толық оқу
«Қауіпті жүргізуші» операциясы

Қазақстанда 5–7 желтоқсан аралығында жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қарсы «Қауіпті жүргізуші» операциясы өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы күндері ел аумағындағы жолдарда полиция патрульдерінің саны көбейеді. Тәртіп сақшылары әсіресе ереже бұзуды әдетке айналдырған, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын және жауапкершіліктен жалтаруға тырысатын жүргізушілерді ерекше бақылауға алмақ. «Елімізде жол ережесін 40 реттен астам бұзған төрт мыңнан аса жүргізуші бар. Жалған немесе мүлде нөмірсіз жүрген көліктер мен айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер де бақылауға алынады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова. Шара аясында арнайы мобильді топтар құрылған. Оның құрамында көлік инспекциясының мамандары, мемлекеттік…

Толық оқу

Әміриканың мұнай алпауыттары санкцияға түскен ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтеріне құда түспек, деп жазады Ertenmedia. Reuters дерегіне сүйенсек, Венгрияның MOL компаниясы АҚШ билігіне хат жолдап, «Лукойлдың» шетелдегі бизнесін сатып алуға қызығушылық білдірген. Бұған дейін Трамптың санкциясы ресейлік компанияның халықаралық активтерін 13 желтоқсанға дейін сатуға мәжбүр еткен болатын. Қазір «Лукойлмен» Exxon Mobil, Chevron және Таяу Шығыстың ірі инвесторлары келіссөз жүргізуде. Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі швейцариялық Gunvor компаниясының сатып алу ниетін қабылдамай тастаған. «Лукойлдың» Ресейден тыс жерде бірқатар маңызды активі бар. Атап айтқанда, Еуропада мұнай өңдейтін зауыттары, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак және Мексикадағы үлесі және жүздеген жанармай бекеті бар. MOL әсіресе Еуропадағы мұнай…

Толық оқу
Асқар Алтай

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтаймен сұқбаттасудың сәті бірден түсе қоймады. Жазушы дәл сол кезде шетелде жүрген еді деп жазады Ertenmedia. Ол жаққа Асқар мырза ERG компаниясының басшысы Шухрат Ибрагимовтың демеушілігімен өтіп жатқан «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауының финалына шыққан «Каскад (Қанқарыз синдромы)» романын аяқтауға аттанған болатын. – Асқар мырза, «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсына түсіп жатқаныңыз белгілі. Сіз жол жүріп кеткенде роман жазылмай қалған  жоқ па? – Роман аяқталды. Бір қызығы «Каскад (Қанқарыз синдромы)» араб жерінде соңына жақындап, Еуропада бітті. Бұл джолы Катар айналып Болгариядан бір-ақ шықтым. Жалпы, роман жазғанда уақытты үзбеуге тырысам. Соңғы тараулардың нүктесі Софиядағы қонақ…

Толық оқу
APEC PetroTechnic жоғары колледжі

Қазақстан өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуда жаңа, тарихи маңызды кезеңге аяқ басты. Соңғы жылдары цифрлық технологиялар, автоматтандыру және жасанды интеллектіні енгізу – сала дамуының басты бағытына айналды. Бұл – тек техникалық жаңару ғана емес, экономиканың сапалық трансформациясының айқын көрінісі, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді жүйелі түрде атап өтті. Оның пікірінше, отандық кәсіпорындар жаңа технологияларды белсенді енгізуі тиіс, ал мемлекеттік органдар кәсіпорындардың даму үшін қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдай жасауға жауапты. Премьер-министр цифрландыруға нақты мысалдар келтірді. Қазіргі таңда бірқатар ірі кәсіпорындар тиімді шешімдерді қолдануды бастады. Мысалы, “Алтыналмас” алтын өндіру кәсіпорнында ашық карьерлердегі логистика…

Толық оқу

Алматыда 4-клиникалық аурухананың базасында көп ағзалық донорлыққа байланысты күрделі медициналық процесс жүрді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының мәліметіне қарағанда, донор 1967 жылы туған ер адам болған, дәрігерлер оған ми өлімі диагнозын қойған. Отбасы жақындарымен кеңесіп, ағзаларын басқа науқастарға беруге келісім бергеннен кейін мамандар жүрек, бауыр және екі бүйректі алу операциясын ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үйлестіру жұмыстары алдын ала жоспар бойынша жүріп, әр трансплантаттау бригадасы өз науқасына уақытында жеткізу үшін бірлесіп әрекет етті. Жүрек Алматыдағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында» 1967 жылы туған пациентке қондырылды. Дәл осы жылы туған тағы бір…

Толық оқу
Заң

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде оқитын жасөспірімдер желтоқсанның 1-15 аралығында қаржылық қауіпсіздік негіздерін ойын форматында меңгеріп жатыр. «Qarzhy Saqshysy» деп аталатын компьютерлік жоба «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында өтіп, жастарды заманауи цифрлық қатерлерден қорғауға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаны Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Білім басқармасы бірлесіп іске асырып отыр, ал ойынды AML Academy Қаржылық мониторинг агенттігімен бірге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген. Негізгі мақсат жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын көтеріп, интернетте, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілерде жауапты әрі сақ болу дағдысын қалыптастыру. Ойын барысында оқушыларға қазіргі уақытта жиі кездесетін қаржылық алаяқтық тәсілдері түсіндіріледі. Қаржы пирамидалары қалай жұмыс…

Толық оқу
Қайрат Қожамжаров

Алматының Медеу аудандық соты Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров пен оған тиесілі фирмалардың мүлкін бұғаттады жазады Ertenmedia. BesMedia басылымының мәліметінше, бұған «Халық банкінің» шағымына себеп болған. Банк 2,63 млрд теңге көлеміндегі берешекті қайтару үшін кәсіпкер мен оның компанияларына тиесілі мүлікті бұғаттауды талап еткен. «Жауапкер тараптар «Ойл Снаб» компания тобы, «HILL Resources», «HILL Invest», «AvtoTechMas Ltd» ЖШС-ы, сондай-ақ Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжарованың барлық жылжымалы-жылжымайтын мүлкіне 2,63 млрд теңге көлемінде шектеу қойылсын», – делінген сот шешімінде. Дулат Қожамжаров байлығы 100 млн доллардан (!) асып жығылатын ауқатты қазақты бірі. Оның меншігінде 7 компания тіркелген. Бас прокуратура Қожамжаровтың інісін «заңсыз активті қайтару»…

Толық оқу
Финполдың экс-төрағасы

Финполдың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде тұрып жатыр, деп жазады Ertenmedia. Elmedia-ның дерегінше, соңғы кезде Ресей Қожамжаровқа қолайсыз болып жүр, ескі Қазақстанның белді өкілі басқа елге қоныс аударуды жоспарлап жүр дейді-мыс. Егер бұл рас болса, демек Қайрекеңнің Мәскеудегі ықпалды достары оған қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтынын, тиісінше тергеуден арашалап қала алмайтынын жеткізген. «Біздегі мәлімет бойынша, Қожамжаров Мәскеуге биылғы жылдың басында көшіп келген. Өзімен бірге Қостанай тумасы, ел ішінде Марго аталып кеткен Мәргәрита Александрова дейтін тоқалын да ертіп алған. Тоқалдан туған екі ұл Мәскеудегі беделді гимназиялардың бірінде оқиды. Қайрат Пернешұлы балаларын мектептен өзі алып кетеді екен. VIP санатындағы фастфудтан…

Толық оқу