Автор: Асылхан Бөрібай

Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалдар ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҰҚК полициямен бірлесе отырып, Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. ҰҚК мәліметінше, терроризмді телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынған. «Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған», — деп жазылған хабарламада. Тергеу барысында олардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша діни әдебиет және басқа да…

Толық оқу

Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы болып Асхат Бекенов тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалғанын хабарлаймыз», — деп жазылған хабарламада. Полковник Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмәмдәді. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанның басында Талғар ауданы полиция бастығының міндетін атқарушы болып Айдар Омаров тағайындалды.

Толық оқу

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді. Ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынды. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда. Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болған.

Толық оқу

Алматыдағы мейрамханада әйелге араша түсемін деп қаза тапқан полицейдің артында төрт баласы қалды. Марқұмның мәйіті туған жері Байқоңырға жеткізілген. Марқұм Нұрсұлтан Несіпбаевқа үш рет пышақ сұққан күдікті бірден қамауға алынды. Ол өзге ел азаматы боп шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «КТК» телеарнасына сілтеп. Қанды қылмыс қаладағы танымал мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта болған. Бақылау камерасына жазылған кадрлардан Нұрсұлтан Несіпбаев бейтаныс әйелді қалай қорғауға тырысқанын көруге болады. Аяусыз соққылап жатқан ер адамға ескерту жасап, сыртқа шығып кетеді. Сөйтіп араларында жанжал туындап, арты полицейдің өлімімен аяқталды. «Қазақтың қызын қорғаймын деп өмірі қыршынынан қиылды. Жолдасыммен көретін жақсылығымыз әлі алда еді ғой. Мына бала-шағаны өсіреміз деген…

Толық оқу

Ақтөбеде үш адам кепілге алынған. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мән-жайды түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған бір әйел кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды», — деп жазылған хабарламада. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. «Оқиға…

Толық оқу

Ресейдің ресми билігі және оппозициясын біріктіретін бір дүние бар. Бұлар екеуі де келмеске кеткен «Сәбет үкіметін» қайта тірілтуді көксейді. Сайып келгенде, қазіргі Путин билігі құлап, оның орнына басқа топ келген күннің өзінде Кремльдің бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған елдерге қатысты көзқарасы өзгермек емес. Бұл ресейлік баспасөзге шолу жасасаңыз, бірден байқалады. Тіпті ел ішінде еркін ақпарат құралы деген аты бар басылымдардың өзі кеңестік дәуірге қатысты мәселе көтерілсе, біржақты бағыт ұстанады. Нақтылай кетейік. Биылғы жылдың 9 қарашасында Берлин қабырғасының құлатылғанына 25 жыл толмақ. Осынау айтулы шараның қарсаңында ресейлік баспасөз бетінде «Горбачев болмағанда Кеңес үкіметін сақтап қалуға болар еді» деген сыңайдағы мақалалар бірінен…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен үшінші қырғызстандық бүгін Ұлттық госпитальдан шығарылды. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап. Зардап шеккендер арасында Қырғызстанның үш азаматы болды. Олар 30 желтоқсанда Отанына жеткізілді. 8 қаңтарда зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылғаны хабарланды. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан…

Толық оқу

ҚБТУ-да шыққан өрт кезінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Бұл сауалға университет әкімшілігі жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Тарихи кабинеттер зардап шеккен жоқ», — деп жауап берген Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметінің өкілі Tengrinews.kz сауалына. Алайда университет өкілдері тиісті жұмыс істеліп жатқанын айтып,  ғимараттың ішінен сурет-видео көрсетпеген. «Қазір ғимаратта құзырлы органдар жұмыс істеп, бүлінген аумақ бағаланып жатыр», — деді ҚБТУ баспасөз қызметінің өкілі. Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимарат 1938 жылы салына бастады. Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, 1951 жылы қайта жанданды. Кеңес заманында…

Толық оқу

Кейінгі екі аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мемлекеттік құрылымдарда тағайындау жүргізді. Бірі — Түркістан облысы, енді бірі — Әділет министрлігі, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жыл Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды үшін жаңа қызметтен басталды. 6 қаңтарда ол Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оңтүстік өңірде тамырын әбден жайған, бір кездері Шымкенттің әкімі (2013 жылдары) болған Дархан Сатыбалды Түркістан облысын басқаруға 2022 жылғы 31 тамыздан бастап кірісіпті. Араға 3 жылдай уақыт салып Түркістан облысынан Президент әкімшілігіне ойысты. Бұл турасында сарапшылардың пікірі төмендегідей: «2023 жылдың 1 қыркүйегінде Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары деген қызметтерді жойып тастаған еді. «Президент әкімшілігінің құрылымы өзгерді.…

Толық оқу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ДДСҰ басшысының сөзін Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто келтірді. «Ескі досым, әріптесім, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңестім. (…) Досым Тедрос кейінгі кездегі қорқынышты жаңалықтардан кейін мені сабырға шақырып, қазір денсаулық сақтау саласында қандай да бір жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екеніне сендірді. БАҚ-та жиі талқыланған вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс және оның түрлері бұған дейін де бірнеше рет, әдетте қыс айларында пайда болған», – деп жазды Петер Сийярто Facebook желісінде. Метапневмовирус қандай вирус? Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001…

Толық оқу