Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының қозғалтқыштарынан қауырсындар табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп.
Бұл туралы Кореяның MBN телеарнасы хабарлады. Дерекке сәйкес, қауырсындар ұшақтың екі жағындағы қозғалтқыштан табылған.
Бұған дейін ұшаққа құстар соғылып, қозғалтқыштардан ақау шыққан болуы мүмкін деген нұсқа айтылған еді.
Айта кетейік, былтыр 29 желтоқсанда Jeju Air әуекомпаниясының Бангкоктан ұшып шыққан Boeing 737–800 ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшырады.
Борттағы 179 адам қаза болды, экипаждың екі мүшесі аман қалған. Ұшақтың қара жәшіктері апатқа аз уақыт қалғанда мәліметті жазбай қалған.
Reuters агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореяның көлік департаменті ұшақтың қозғалтқыштарынан қауырсындар табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.