Автор: Асылхан Бөрібай

Мемлекет басшысы 3 қаңтар күні атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы сұхбат беріп, елде болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерге, мемлекет болашағына қатысы өз ойларымен бөлісті. «Ана тілі» газетінде жарияланған материалдың мазмұнына тоқталсақ, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің жайы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік саладағы стратегиялық қадамдар, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениетті қолдау сынды бірнеше маңызды жайттарды атап өтуге болады. Президент айтқан бастамалар мен мәселелер жөнінде сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр. Саясаттанушы Ермек Тоқтаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті. Бүгінгі таңда цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы әлемдік үрдіске айналып отыр.…

Толық оқу

«Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды оқиғаларға жан-жақты баға беріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады. Негізгі оқиғалардың бірі құмар ойындарға тәуелділікпен күресуге бағытталған заңның қабылдануы болды. Құжатта букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендерді жарнамалауға тыйым салу, кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқаны үшін әкімшілік жазалар енгізу, борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғалардың оларға қатысуына тыйым салу сияқты ережелерді айтарлықтай қатайтады. Бұл шаралар қоғамға үлкен қауіп төндіретін құмар ойындарға тәуелділік ауқымын барынша азайтуға бағытталған. 2024 жылдың сәуірінде Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ұсынылған ережеге сәйкес, құмар ойындарға тек 25 жасқа толған адамдар қатыса алады.…

Толық оқу

Адамзат тарихында түркі өркениетінің алатын орны өте зор. Ұлан-ғайыр атырапты ба ғындырған Түркі халықтарының адамзаттың дамуына қосқан үлесі мол екенін тарих дәлелдеді. Заманында өнер мен ғылымның іргелі ордасына айналды. Өкінішке орай  тарихтың дамуына байланысты әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің тез жүруіне орай түркілер деформацияланды. Перзидентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзінің берген сұқбатында қазіргі халықаралық қатынастарда «түркі факторының» пайда болуы мәселесін қозғайтын, түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) туралы  да пікірін білдірді. Қазіргі геосаясаттағы қиын жағдайда түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастық шеңберінде түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен бірігуі, өңірлік тұрақтылық тұрғысынан ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Түркі мемлекеттерінің ұйымы ортақ тіл, мәдениет және ынтымақтастық негізінде…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алатыны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алатынын және алдағы мереке күндеріне қандай жоспарлары бар екенін айтты. Мемлекет басшысы мейрамды әдетте қалай қарсы алады? Қаңтар айының алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды ойластырып отырған жоқ па? «Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанның Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін Бразилияға беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың сөзінше, Қазақстанның апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшақтың «қара жәшігін» ТМД Халықаралық авиациялық комитетіне (ХАК) емес, Бразилияның авиациялық шиеленістерді зерттеу және алдын алу орталығына жөнелтуі (Centro de Investigação e Prevenção de Acidentes Aeronáuticos, CENIPA) — маңызды оқиға. «Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жуырда өз сұхбатында Баку мемлекетаралық авиация комитетінің (ХАК) апатты тергеу туралы ұсынысынан бас тартқанын айтты. Ол бұл шешімін ХАК-тың объективтілігіне сенімсіздігімен түсіндірді. «Әзербайжан бірінші күннен бастап осы мәселемен халықаралық сарапшылар тобының айналысуын қолдады. Ресей тарапы бізге бұл мәселені Мемлекетаралық…

Толық оқу

Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Minval мәліметінше, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжанның Бас прокуроры оқиға болған күннен бастап Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен, Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен, Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинмен, сондай-ақ Бразилияның Бас прокуроры Пауло Гонетпен байланыста. «Болған оқиғаны толық, жан-жақты тергеу мақсатында Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилиялық кәсіби тергеушілер, мамандар тергеу жүргізді», — деп жазылған хабарламада. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына…

Толық оқу

QirSabyn Telegram арнасының ісімен ҰҚК айналысып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.  «Бұл дерек бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Бопсалау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында. Айта кетейік, 2024 жылы 18 желтоқсанда Астана мен Қарағандыда QirSabyn Telegram арнасына қатысы барлар ұсталды. Олар шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялап, ақша бопсалаумен айналысқан деген күдікке ілінді. Telegram арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.

Толық оқу

«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ төрағасының орынбасары, пропаганда және радикализация мәселері жөніндегі сарапшы Ассоль Мирманова Қазақстанның қара жәшікке қатысты шешіміне пікір білдірді, деп жазады Ertenмedia.kz.  Сарапшы әлеуметтік желіде Қазақстанның ұстанымын Сүлеймен шешімі деп атады. «Сүлеймен шешімі» термині өз бастауын Інжілден алады. Сүлеймен патша баланың шын ата-анасын анықтау қажет болған дауда әділ әрі дана шешім ұсынған. «Жақында Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының «қара жәшігін» Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) беру туралы шешім қабылдап, даналық көрсетті», — дейді сарапшы. Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауы тек Қазақстанға емес, халықаралық қауымдастыққа да әсер еткен қайғылы оқиға. Бортта әртүрлі…

Толық оқу

Қазақстандағы тұңғыш ұшқыш әйел Тоты Әмірова Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін пікір білдірді, — деп жазады Ertenмedia.kz.  Оның сөзінше, халықаралық ережеге сәйкес тергеу комиссиясының жұмысы кезінде тек осы комиссияның мүшелері ресми қорытынды бере алады. Өйткені тек комиссия мүшелерінде толық әрі сенімді ақпарат бар. Сондықтан Тоты Әмірова әуе апатының себебіне қатысты емес, жалпы сұрақтарға бере алатынын жеткізді. «Тергеу комиссиясына тек ұшақ өндіруші ел Бразилия емес, ресми түрде қозғалтқыш өндіруші — GE (АҚШ) өкілдері кіруі мүмкін, өйткені кейбір елдер қозғалтқыштарға құс түсіп кетті деген нұсқаны алға тартып отыр», — деп жазды ол әлеуметтік желіде 3 күн бұрын. Сондай-ақ, ол қазіргі дамыған заманда қара…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін халықтың көкейінде түрлі сұрақ қатталып қалды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымында жұмыс істеген алғашқы әрі әзірге жалғыз қазақ, оған қоса Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың немересі Абыл Кекілбаев осы бағыттағы маңызды сауалдарға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.  Артқы орындықта отырғандарда аман қалуға мүмкіндік көп пе? Ақтаудағы ұшақ апатында артқы орындықта отырғандар аман қалды. Осы оқиғадан кейін көпшілікте ұшақтың түпкі бөлігі қауіпсіз деген ой пайда болды. Бұл тұста сарапшы не дейді? «Біріншіден, ажалдан қашып құтыла алмаймыз. Статистика деген бәле бар. Осындай әуе апаттарының бәрін санап көргенде, артқы қатарда отырған 60 пайызға жуық адам өз өмірін сақтап қалған. Қанаттарынан…

Толық оқу