Автор: Асылхан Бөрібай

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли жылды қорытындылап, «Егемен Қазақстан» басылымына мақала жариялады. ErtenMedia.kz мақаланың толық нұсқасын жариялауды жөн көрді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеу­меттік-экономикалық даму­дағы іргелі өзгерістер мен табыс­тарға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен жиындар бар. Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізді. Мемлекет басшысы осы жылы 3 979 құжатты қарап, қол…

Толық оқу

1-Бөлім: Есірткі мен жезөкшелердің лотерея билеттерінің қалтарысында қалай жасырғаны хақында Лотерея клубтары түріндегі рулеткалы казино етек жайып, өз құшағына есірткі, жезөкшелік және қару-жарақ саудасын сыйдырды. Иелері болса, Қазақстан бюджетіне түсуден қағыс қалып, офшорларға жылыстатылған жүздеген миллиардтарды қалталарына басты. Түптеп келгенде бұның бәрі — «нарықты сауықтыру» деген сылтаумен іске асырылатын үлкен схеманың бір бөлігі болып табылады. Көп жыл бұрын бұл лотереялардан бастау алып, дәл қазір бірнеше салаларға тарамдалып кетті. Қазақстанда офшорлық тамыры бар шымылдықты монополиялардың қалай өмірге келгені, неге олардан бюджетке жүздеген миллиард теңге түспейтіні және лотерея клубтарын бет перде етіп салық төлемейтін бүкіл ел бойынша кімнің казино ашатыны туралы Orda.kz өз материалын…

Толық оқу

Желтоқсанның 25-і күні Ақтауда Azerbaijan Airlines компаниясының рейсі кезінде ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 38 адамға жеткен. Өкінішке орай борттағы алты қазақстандықтың ешқайсысы аман қалмады. Қаза болған Қазақстан азаматтарының арасында Маңғыстау облысының екі мұнайшысы Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесінов бар. Олар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақтардың мүшелері болды. Ертең мұнайшыларды ақтық сапарға шығарып салады. Бауыржан Жұмағұлов 39 жаста, соңғы 16 жылда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС мұнай сервисінде жұмыс істеген. Ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасының 4-разрядты бұрғылаушы көмекшісі өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, әріптестеріне әрдайым көмекке келетін, достық қарым-қатынасты жақсы білетін жан болған. Кәсіпорынның кәсіподақ комитеті атап өткендей, Бауыржан Жұмағұлов кәсіподақтың жігерлі,…

Толық оқу

Белгілі педагог Ахметжан Аятжан білім саласындағы бұрынғы министрлердің былығын әшкереледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Танымал сарапшы бұрынғы білім министрі Сағадиевтің кезінде шыққан, «химия, физика, математика пәндерін тек ағылшын тілінде өткізілуі керек» деген бағдарламаға қатысты пікір білдірді. «Сағадиев «7-сыныптан бастаймыз» деді. Біз қырылып жүріп, 10-сыныпқа сырғыттық. Кейін ол да іске аспады. Сол кезде Сағадиевтің алдында тұрып, «Астанада химияны ағылшын тілінде беретін 10 мектептің мұғалімін атап берсінші. Он бірінші шықса, кешірім сұраймын» дедім. Мен отырдым, Суханбердиева отырды, Астананың Білім басқармасының басшысы отырды. Алдында санап бердім. 2017 жыл ғой. Алтыға барғанда тоқтап қалды. «Қайдан табасыздар?» дедім. «9 ай оқытып, ағылшынша бергіземіз» дейді. Бір…

Толық оқу

2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті. Іс-шара барысында институт сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы 2024 жылдың ең маңызды 3 оқиғалары мен жетістіктерін атай отырып, аяқталып жатқан жылдың негізгі оқиғалары мен трендтеріне талдамалық шолу жасады. Осылайша, ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, 2024 жылы Қазақстан үшін ең маңызды қоғамдық тренд ҚР Президентіне сенімнің күшеюі болды, бұл азаматтардың көшбасшыны және оның шешімдерін қолдауға дайындығын көрсетеді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім деңгейі 80,5%. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жағдайында да тұрақты жоғары болып отыр.…

Толық оқу

Әзербайжан мен Ресей Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге қатысады. Дегенмен бір нюанс бар. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, оқиғаны криминалистикалық тергеуге бұл елдердің мамандары қатыспайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Вице-премьер оқиғаға қатысты кейінгі деректерді айтты. «Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге жіберілмейді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 566-бабына сәйкес), бірақ ұшақ апатын тергеуге жіберіледі», — деді Қанат Бозымбаев. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты…

Толық оқу

Әзербайжандық ұшақтың апатқа ұшырауына ресейлік зымыран себеп болған. Бұл тұралы Euronews жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әзербайжан Үкіметінің дереккөзі Euronews-ке зақымдалған ұшаққа Ресей әуежайларына қонуға рұқсат етілмегенін айтқан. «Ресейлік «жер-әуе» зымыраны 25 желтоқсанда Ақтауда Әзербайжан ұшағының апатына себеп болды. Бұл туралы Әзербайжан Үкіметіндегі дереккөз біздің арнаға хабарлады», — деп жазылған басылым мәліметінде. Лайнер Бакуден Грозныйға ұшқан болатын. Басылым дереккөзінің айтуынша, зымыран Шешенстан астанасының аспанындағы дрондардың белсенділігі кезінде атылған, оның сынықтары әуе кемесінің жанында жарылып, оның қаптамасына зақым келтіріп, жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген. Сондай-ақ, басылым мәліметінше, Әзербайжан кабинетіндегі дереккөз мынадай ақпарат айтқан: ұшқыштар апат жағдайында қонуды сұраған, бірақ Ресей әуежайларының ешқайсына қонуға…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан екі маңғыстаулық дос әрі әріптес болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше, «МұнайФилдСервис» ЖШС бас директоры Нұрлан Белшер өзінің әріптесі, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer ERJ-190 ұшағында болған механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері Сәндібек Төлесінов туралы естелігін бөліскен. Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі — Сәндібек Төлесінов. Ол 1988 жылы дүниеге келген, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тумасы. Сәндібек Төлесінов «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мердігер ұйымы «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімінің инженері болып жұмыс істеген. Компания мәліметінше, марқұм бұл салада 16 жыл еңбек еткен. Ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Маңғыстау облысының тағы бір тумасы бар. Ол — Бауыржан Жұмағұлов, 1985 жылы дүниеге…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім Грозныйға Жаңа жылға орай ұшып бара жатқан, деп жазады Ertenмedia.kz. media.az басылымы мәліметінше, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі — 13 жастағы Мухаммедали Фаридоглы Еганов. Бұл туралы оның сыныптастары жазған. Ол Бакудің Хатаин ауданында тұрған, № 27 орта мектепте оқыған. Баланың анасы Грозныйда тұрады. Марқұм Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін ұшып бара жатқан. Ұшақта жасөспіріммен бірге туыстарының ешқайсы болмаған. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша…

Толық оқу

Алматы прокуратурасы атышулы Арман Жұмагелдиев пен тағы 40 адамның ісіне қатысты жабық сот отырысынан әлемжеліге тараған дерек бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, қазір бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Сотқа дейінгі іс пен жабық сот отырыстарының деректерін жариялау» бабымен тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты іс бойынша қанша адамның күдікке ілінгені туралы ақпарат айтылған жоқ. Былтыр 14 желтоқсаннан бері YouTube желісінде «Арман Джумагельдиев» деп аталатын арна пайда болып, онда жабық өтіп жатқан сот процестерінен түрлі видеожазбалар жариялана бастаған еді. Сол видеолардың бірінде Қаңтар оқиғасына қатысты істегі негізгі айыпталушылардың бірі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаментінің бұрынғы басшысы…

Толық оқу