Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздан “жын шығарып“ жатқан видео тарады. Бұл мәселе құзырлы органдардың назарын аудартты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кадрларда ер адам қыздың есімін, жынысын, не үшін кіргенін, кім жібергенін, жасын сұрайды. «19-дағы Ләззат, мың жылдықсың ба, жүз жылдықсың ба? Ішіңде нешеу?» — деп сұрайды ер адам кішкентай қыздан. Видеода қыз сұрақтарға жауап беріп, жылап жатқаны көрінеді. БАҚ пен желіде видеодағы емшінің есімі Кейқуат Оспанов екені айтылады. Желіде осы аттас парақшаның иесі болған оқиға туралы былай жазған: «Балабақшаға баратын қыз. Алматыда болған оқиға». Сондай-ақ, осы парақшада қыздың анасымын деген әйелдің видеосы пайда болды. «Алматы қаласында тұрамын. Қызымның жасы бесте. Қызымды Кейқуат…

Толық оқу

Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комаға түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы оның әйелі Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде жазды Маргарита Симоньянның айтуынша, Кеосаян қазір ауруханада жатыр. Ол бұл туралы айтқысы келмесе де, тілшілердің толассыз қоңырауынан кейін жағдай туралы желіге жариялауға бекінген. «Соңына дейін айтқым келмеп еді. Бірақ тілшілер қоңырау шала бастағандықтан, өзім жазуды жөн көрдім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыт бойы қатты ауырған еді», — деп жазды ол. ErtenMedia.kz анықтамасы Тигран Кеосаян — кеңестік, орыс және армян кино және теледидар актері, кинорежиссер, сценарист, продюсер, бейнеклип режиссері, тележүргізуші және пропагандист.…

Толық оқу
Қуандық Бишімбаев

Бишімбаев ісінде Нүкеновтердің адвокаты болған Жанна Оразбахова осы істегі тағы бір жаңа куәгердің әңгімесін жариялады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Салтанаттың ісіне қатысты тағы бір оқиғаны айтып берейін. Мистика дерсіз», — деп жазды ол. Адвокаттың сөзінше, шілдеде Астанаға Жоғары сотқа барған. Қонақүйден шығып, таксиге отырған кезде такси жүргізушісі адвокатты танығанын, оған айтары барын жеткізген. Оразбахованың айтуынша, 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні, яғни Нүкеноваға қатысты оқиға болған түні шамамен сағат 3.00-де осы такси жүргізушісі гастроцентрге шақырылған. «Барған кезде ол шақырту қыздан түскенін білген. Қыз көшеде ер адаммен тұрған, кейін таксиге отырмақ болған. Алайда қасындағы ер адам оны ұстап тұрып, көлікке отырғызбаған. Такси…

Толық оқу

В рамках поручения Главы государства в Западно-Казахстанской области ведется активная работа по модернизации важных объектов ЖКХ. В Уральске завершена реконструкция канализационно-насосной станции №2. КНС предназначена для перекачки и сброса санитарно-бытовых и близких по составу производственных невзрывоопасных сточных вод от жилых районов центральной части города Уральска. Коммунальный объект обеспечит стабильное водоотведение для 226 700 жителей и 139 социальных объектов города. КНС была построена в 1966 году. До сегодняшнего дня она находилась в изношенном и аварийном состоянии. Работы по реконструкции проводились 1,5 года. За счет средств республиканского и местного бюджетов выполнены соответствующие мероприятия. В рамках проекта установлены: 5 насосов; 3 дробилки; система…

Толық оқу

Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақтөбе қаласының прокуратурасы «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директоры бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. «КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған», — деп жазылған хабарламада. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Толық оқу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 19 жетекші жоғары оқу орны мен Семейден 4 колледж қатысып отыр. Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат…

Толық оқу
"Болашақ" бағдарламасы туралы

Дәрігер Жасұлан Темірбайдың «Болашақ» бағдарламасына қатысты жазған жазбасы шу шығарып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, іріктеу кезінде комиссия мүшесі «орысша акцентің бар, Қазақстанды ұятқа қалдырасың» деп ескерту жасаған. Бұған пікір білдірген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дәрігердің мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасының сұхбаттасу кезеңі толығымен видеотіркеуден өтеді. «Бағдарламаның іріктеу процесі екі кезеңнен тұрады. Алдымен тестілеу өтеді, содан кейін тәуелсіз сарапшылармен сұхбаттасады. Бұл кезең бірнеше жылдан бері міндетті түрде бейнежазбаға түсіріледі. Біз мән-жайды тексеріп, видеожазбаны қарап шықтық. Онда комиссия мүшелерінің мұндай сұрақ қойғаны анықталмады. Жазбаны бірден жариялау мүмкін болмады. Себебі комиссия мүшелерінің рұқсатын алуымыз қажет…

Толық оқу
Әзербайжан Ұшақ апаты

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан әзербайжандықтардың несиесі кешірілді, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Әзербайжанның банктері мен банктік емес несиелік ұйымдары Ақтауда AZAL ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан азаматтардың несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады. Әзербайжан банктер қауымдастығының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес шешім қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық көрсету мақсатында қабылданған. Әуе апатынан қаза тапқандардың несиелері банктердің өз қаражаты есебінен өтеледі. «Баку-Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елге, соның ішінде Әзербайжанның банк қауымдастығына ауыр тиді. Әзербайжан Орталық банкінің ұсынысы бойынша қаза тапқандардың қарыздары есептен шығарылды. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз», — деп жазылған хабарламада.…

Толық оқу
Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты арқылы танылған сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров ел аузында жүрген кейбір оқиғаларға қатысты өз болжамын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Біраз уақыт бұрын көз жұмған белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты өз-өзін үш рет атты деген нұсқа айтылды. Тахир Халимназаров бұл оқиғаға қатысты өз болжамын айтты. «Осы салада білімі болмағаннан кейін көпшілік «қалай үш рет атады?» дейді. Үш оқтың бәрі адамның өміріне қауіп келтірді ме, жоқ па — мәселе сонда. Бір-екі оқ жүрек, бас-ми, үлкен тамырларына зақым келтірмесе, адам бірден, тез өліп қалмайды. Кинолардан да көреміз ғой.…

Толық оқу

Трендке айналған Дубай шоколадын сатамын деген астаналық жұртты алдаған. Алаяққа қатысты сот шешімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. А. есімді адам Дубай шоколадын сатамын деп жәбірленушілерді адастырып, бірнеше рет олардың ақшаларын иемденген. Осылайша ол 10 жәбірленушінің 301 020 теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банк аударымдарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор күдіктіге 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды, оның 3 жылға бас бостандығы…

Толық оқу