Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қызылорда облысында қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан аса ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. «Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Толық оқу

Bloomberg-тің 500 миллиардерінің тізімі жаңарды. Ішінде Қазақстаннан бір адам бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Bloomberg миллиардерлерінің индексі — әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады. Рейтингке сәйкес 8 қаңтардағы ақпарат бойынша әлемдегі ең бай адам — америкалық миллиардер Илон Маск. Оның байлығы 426 миллиард долларға бағаланады. Екінші орында — Amazon иесі Джефф Безос, оның байлығы 241 миллиард доллар болады. Үшінші орында Facebook желісінің, Мeta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр, оның активтері 218 миллиард долларға бағаланады. Әлемдегі ең бай он адамның қатарына америкалық кәсіпкер Ларри Эллисон, француз…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК базасында өткен жылы колледжде «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру қорытындысын шығару және  түсіндіру бойынша іс-шара өткізіледі, сондай-ақ 2025 жылға арналған бастама жоспарлары талқыланды. Мемлекет басшысы 2025 жылғы 3 қаңтардағы сұхбатында Бұл бағдарламаны іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар тарапынан жауапкершілікті талап ететін ұлттық идеологияның маңызды бөлігі болуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағдарламаны іске асыруда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологияны сақтау болып табылатын құрал ретінде білім беру ұйымдары маңызды рөл атқарады. «Таза Қазақстан» бағдарламасында экологиялық…

Толық оқу
Азамат Есқараев

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды, деп жазады Ertenмedia.kz. «Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Ол 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап әділет министрі лауазымына тағайындалған болатын. Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Түркістан облысынан басталған кадрлық ауыс-түйіс осы аптада да жалғасуы мүмкін екенін болжады. Есқараевтың алдында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, Президент әкімшілігіне ауысты.

Толық оқу

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп. 2025–2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық «DostiSkills-2025» салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Гидрогеология және инженерлік…

Толық оқу
«Болашақ» бағдарламасының үміткері

Дәрігер Жасұлан Темірбайдың «Болашақ» бағдарламасына қатысты жазбасы желіде қызу талқыланып, қазақ тілі тағы да күн тәртібіне шықты. Сұхбат кезінде комиссия мүшесі жас маманға: «Орысша акцентпен сөйлейсіз. Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деп қойып қалған. Ertenmedia.kz осы жайттың ақ-қарасын анықтап көрді. Редакция тілшісі Жасұланмен хабарласып, жағдайдың қалай шешілгенін сұрап білді. Жасұланның айтуынша, осы жағдайдан кейін «Болашақ» бағдарламасының басшысы Әділ Миратұлымен кездесіп, арыз-шағымын ортаға салған. Бағдарлама басшылығы мәселені мұқият тексеріп, комиссия мүшелерінің әрекетіне баға беріпті. «Ең бастысы «Болашақ» бағдарламасында тілге немесе мамандыққа байланысты ешкімнің жолы кесілмейтініне көзім жетті. Менің шағымым мұқият қаралыпты. Егер желіде сөзім немесе іс-әрекетім біреуге ауыр тисе, кешірім сұраймын. Әсіресе Әділ…

Толық оқу

«Азаттық» Кәрім Мәсімовтің Астанадағы бұрынғы резиденцияларының бірін тапқан. Сондай-ақ, басылым Мәсімов ісіне қатысты тың деректерге шолу жасаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол 18 жылға сотталған болатын. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Басылым дерегінше, Астанадағы биік қоршауы бар сарайды Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК Кәрім Мәсімовтің бизнес өкілдерінен алған, құны 2,5 млрд теңге тұратын мүлкі деп көрсеткен. Аумағы бір гектарға жуық бұл ғимарат қазір Қайтарылған активтерді басқару компаниясына қарайды, демек мемлекеттікі. «Тергеу Мәсімовтікі деген 17 миллион доллар қаражатты да осы үйден…

Толық оқу

Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда көлемі биыл екі елдегі жоғары экономикалық өсімнің арқасында артуы мүмкін деп мәлімдеді Қазақстанның Малайзиядағы елшісі. Бұл туралы Ertenmedia.kz хабарлайды. 2021 жылдан бері Малайзияда Қазақстанның бас дипломаты қызметін атқарып келе жатқан Болат Сүгірбаев екі елде ауыл шаруашылығы мен органикалық азық-түлік секторында өсім болатынын болжайды. Сонымен қатар, тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы және Малайзияда жоғары білім алуға келетін қазақстандық студенттердің санының артуы екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтады, деп атап өтті ол. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 4,7%-ға өсуі мүмкін, бұл 2024 жылғы шамамен 4%-бен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Ал Малайзия экономикасының өсімі 4,8%-ға жетеді деп күтілуде, бұл өткен…

Толық оқу

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Абай облысында 300-ге жуық іс-шараны қамтитын аймақтық жоспар бекітілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы жылы өңірде еңбек пен кәсіп мерекесі ретінде белгілеп, облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтымақ. Абай облысында барлығы 33 колледж бар, онда 21 мыңнан астам студент білім алуда. 2024-2025 жаңа оқу жылында оқуға қабылданғандар саны 5 900 адамды құраса, олардың 2 000-ы жұмысшы мамандықты таңдаған. Бүгінде облыстағы 21 колледжде 5 444 студент жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Оқытудың танымал бағыттарына мыналар жатады: электр және газ дәнекерлеушілері, электрші, сантехниктер,…

Толық оқу

Назарбаев өзінің өткен жылы жарық көрген мемуарында Путинді «сөз бен істің адамы» деп сипаттағаны ErtenMedia-ның есінде қалыпты. «Менің өмірім» деген атпен жарық көрген ғұмырнамалық еңбегінде экс-елбасы Кремль көсеміне «Көшбасшы» деп аталатын тұтас бір тарау арнаған еді. ErtenMedia осы тараудағы Путиннің мақтауын асырған бірқатар цитаталарды оқырман назарына ұсынуды жөн көрді. Назарбаевтың пайымдауынша: «Путин шаршаған, қажыған елді тығырықтан алып шықты. Ең бастысы, Владимир Владимирович Ресейдегі құрдымға кеткендей көрінген патриотизмді қайта тірілтті». «Бір кездегі алпауыт ел әлемдік саясат сахнасына қайта оралды, ендігіде онымен санаспау мүмкін емес және оны мойындамау мүмкін емес. Бұдан былай Ресейдің беделі артқан үстіне арта түседі». «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жаңа әрі…

Толық оқу