Автор: Асылхан Бөрібай

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың арасында жас дәрігер, стоматолог Сәлима Жутаева бар, деп жазады Ertenмedia.kz. Марқұм болғандардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар. Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram парақшасында әзербайжан тілінде «Сен жаңбырдағы күн сияқтысың» деп жазба жариялаған. Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екені және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ, оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген сурет бар. Марқұмның оқырмандары оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр. 25…

Толық оқу

Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының ұшағы өткен жексенбіде Түркияның Трабзон әуежайындағы ұшу-қону жолағынан шығып кеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Yeni Akit басылымы мәліметінше, апатқа үш күн қалғанда, 22 желтоқсанда ұшақ Баку-Трабзон рейсін орындағаны анықталды. «Радар мәліметтеріне сәйкес Трабзон әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен, ұшқыш ұшақты екіншісінде ғана қондыра алды», – деп жазылған ақпаратта. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға…

Толық оқу

Кеше Ақтауда Әзербайжан компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. Қазақстандық тележүргізуші Санди Сұлтан Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 11 жастағы ұлымен бірге қаза тапқан астаналық Гауһар Шаймерденова туралы естелігін бөлісті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тележүргізушінің сөзінше, олар бірнеше жыл бұрын танысқан. «Гауһар мағаншешендік өнер курсына 9 жыл бұрын оқуға келді, содан бері доспыз. Өте мейірімді, қамқор, ұқыпты, шынайы, әдемі, жасыл көзді еді. ІӨте мықты, тәуелсіз, еркін, саяхаттауды жақсы көретін», — дейді Санди Сұлтан. Тележүргізуші Санди Сұлтан марқұм Гауһар Шаймерденованың нотариус болып жұмыс істегенін, ұлдарын жақсы көргенін, сондай-ақ, анасына қамқор болғанын айтты. «Достарына аса қамқор еді. Біз бәріміз отбасыларымызбен дос едік. Бізге сыйлықтар әкелетін»,…

Толық оқу

Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов тергеу изоляторынан бүгін шығатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бүгін түнде Қаржауды босатады. Адвокаттармен оны қарсы аламыз. БАҚ өкілдері де сонда болады», — деді ол. Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. Ал жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кейін сот шешімі шығып, ол 15 тәулікке қамалды. Шерзат Болаттың өзге де туыстарына қатысты сот үкімі шықты. Оның ішінде Шерзаттың әпкелері де бар.

Толық оқу

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұстады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Блогер бұл туралы Instagram парақшасында жазды. «Мені ұстады. Ақтау қалалық полиция басқармасына бара жатырмын. Ұшақ апатқа ұшыраған жерді түсіргенім үшін ұстаған болуы мүмкін», — деді ол. Маңғыстау облысының ПД мәліметінше, Сәрсенбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған. «Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқару және тергеу жұмыстарына кедергі келтірді және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Қазір құқықбұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», — деді полиция. Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. – Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта. Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.

Толық оқу

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Қазір Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады», — делінген хабарламада. Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Толық оқу

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар да болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Көлік министрлігі мәлімдеме жасады. Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатынан 10-нан аса жолаушы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (біреуі — бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді», — деп жазылған хабарламада. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған. Оқиға орнында 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Толық оқу

Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және  11 бірлік техникасы барды. «Оқиға орнына келген бойда  әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар», — деп жазылған ТЖМ хабарламасында. Көлік министрлігі мәліметінше, Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Толық оқу