Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді. Бүгінде Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің…

Толық оқу

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылы қазақстандықтардан қанша қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылған. «58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу
Қшақ апаты Әзербайжан

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен екі қырғызстандық Ұлттық госпитальдан шығарылды, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. 24.kg мәліметінше, зардап шеккен тағы бір адам нейротравма бөлімінде емдеуді жалғастырады. «Оның жағдайы тұрақты, өздігінен жүре алады», — деп жазылған мәліметте. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды. Жуырда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа…

Толық оқу

Кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан аса қылмыстық іс қозғалған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден аса қылмыскер жауапкершілікке тартылды. Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталған. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған. Бопсалау деректері бойынша барлығы 1300-ден аса қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды. «Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданады», – деді…

Толық оқу

Түркістан облысынан басталған кадрлық ауыс-түйіс осы аптада да жалғасуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Telegram арналарда да осы бағыттағы ақпарат пайда болды. «Еліміздегі кадрлық ауыс-түйістер осы аптада жалғасады», — деп жазылған ақпараттардың бірінде. Айта кетейік, жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, Президент әкімшілігіне ауысты. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ол 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді. Артынша бұл қызметке 40 жастағы Нұралхан Көшеров тағайындалды. Алайда сол жағалау ауыс-түйіске қатысты әзірге тыныш.

Толық оқу

Жыл қорытындысы бойынша 68 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мәлімдеді. Инвестициялық қаржыға 2024 жылы аумағы 50,050 шаршы метрді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілген. Ал жеке тұрғын үйлерді қосқанда бұл көрсеткіш 68 мың шаршы метрді құрап отыр. Қазіргі таңда 6 тұрғын үй кешені жеке инвестор есебінен, 1 тұрғын үй бюджет қаржысына бой көтеруде. Сонымен қатар құрылыс бөлімінің мамандары басқа да жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Мысалы, қаланың Кешенді даму жоспарына сәйкес, Самал, Ардагер ықшамаудандарына инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс биыл аяқталады деп жоспарланған. Аталғандардан бөлек, қаңғыған мысық пен иттерді уақытша…

Толық оқу
Назарбаев әулетінің экc-келіні

Сонымен атышулы Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты апелляциялық сот шешімі шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейінгі үкім еш өзгеріссіз қалды. Ескі Қазақстанның үміті үзіліпті. «Апелляциялық сот бұл істі жан-жақты қарап шықты. Бірінші сатыдағы сот үкімі өз күшінде қалды және заңды күшіне енді», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі. Еске сала кетсек, Гүлмира Сатыбалды былтыр тамызда 12 жылға бас бостандығынан айырылған тұғын. Оған «адамды бас бостандығынан заңсыз айыру» және «бопсалау» баптары бойынша айып тағылған. Сонымен бірге оның барлық мүлкі тәркіленген еді. «Біз білмейтін былық-шылығы одан да көп», — деп жазып жатыр өз кезегінде желідегі жұрт.…

Толық оқу

Youtube-те Дикий Арман деген лақапатпен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты жабық сот процесінің видеолары пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бас прокуратура видео тарап кетуіне қатысты тергеу басталғанын растады. «Алматы прокуратурасы соталды тергеп-тексеру басқармасының іс жүргізуінде Қылмыстық кодекстің 423-бабы (сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету) бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын хабарлаймыз», — деп жазылған Бас прокуратураның Tengrinews.kz-ке жауабында. Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жаңабаев прокурордың немесе судьяның рұқсатынсыз соталды іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндірді. ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабына сәйкес жазалау шараларына мыналар жатады: екі мың айлық есептік…

Толық оқу

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады. Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді. 2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды. Президент Қытайда тіркелген инфекция туралы да пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді. Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын…

Толық оқу