Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстанның Көлік министрлігі мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындаған. «Алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтіліп отыр», — деп жазылған хабарламада. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға,…

Толық оқу

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің жеті қаласына рейстерін тоқтата тұрмақ, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Әзербайжан әуе желілері» (AZAL) компаниясы Embraer 190 ұшағының апатын алдын ала тергеу нәтижелерін және қауіптерді ескере отырып, Әзербайжанның Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің шешіміне сәйкес 2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап тергеу толық аяқталғанға дейін Бакуден Ресейдің кейбір әуежайларына рейстерді уақытша тоқтатады. Бұл туралы АПА басылымына Әзербайжан әуе желілері хабарлаған. Сөз мына әуежайларға қатысты болып отыр: Минералды Сулар Сочи Волгоград Уфа Самара Айта кетейік, 25 желтоқсанда AZAL Бакуден Грозный мен Махачкалаға ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік мақсатында бұл бағыттар бойынша басқа авиакомпаниялардың да ұшуын тоқтату туралы…

Толық оқу
Ұшақ апаты сынама

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Әзербайжан Шешенстанға прокурорларды жіберді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әзербайжанның Бас прокуратурасы Ақтау маңындағы әуе апатын тергеуге қатысады, сондықтан Грозный қаласына мамандарды жіберді. Құқық қорғау органдары Ақтау маңында жолаушылар ұшағы неліктен апатқа ұшырағанын тергеп жатыр. Бұл шаралар ел президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. «Осы мақсатта Бас прокуратураның қызметкерлері Грозный қаласына жіберілді. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен келісім аясында ресейлік әріптестермен бірлесіп тергеу және басқа да процестік іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 25 желтоқсанда Бас прокурордың орынбасары Эльмар Джамаловтың басшылығымен прокуратураның тағы бір тобы Ақтауға жіберілген болатын. Олар апат болған жерде қазақстандық әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.…

Толық оқу

БАҚ пен әлеуметтік желіде Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәліметке сүйенсек, бұл ақпаратты шығарған БАҚ артынша мәліметті өшірген. Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бірқатар отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сұрауына байланысты оның қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді», — деді Үкібай. 83 жастағы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жуырда пайда болды. Сара Алпысқызы Назарбаева (қыз кезіндегі тегі — Қонақаева) 1941 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан…

Толық оқу

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли жылды қорытындылап, «Егемен Қазақстан» басылымына мақала жариялады. ErtenMedia.kz мақаланың толық нұсқасын жариялауды жөн көрді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеу­меттік-экономикалық даму­дағы іргелі өзгерістер мен табыс­тарға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен жиындар бар. Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізді. Мемлекет басшысы осы жылы 3 979 құжатты қарап, қол…

Толық оқу

1-Бөлім: Есірткі мен жезөкшелердің лотерея билеттерінің қалтарысында қалай жасырғаны хақында Лотерея клубтары түріндегі рулеткалы казино етек жайып, өз құшағына есірткі, жезөкшелік және қару-жарақ саудасын сыйдырды. Иелері болса, Қазақстан бюджетіне түсуден қағыс қалып, офшорларға жылыстатылған жүздеген миллиардтарды қалталарына басты. Түптеп келгенде бұның бәрі — «нарықты сауықтыру» деген сылтаумен іске асырылатын үлкен схеманың бір бөлігі болып табылады. Көп жыл бұрын бұл лотереялардан бастау алып, дәл қазір бірнеше салаларға тарамдалып кетті. Қазақстанда офшорлық тамыры бар шымылдықты монополиялардың қалай өмірге келгені, неге олардан бюджетке жүздеген миллиард теңге түспейтіні және лотерея клубтарын бет перде етіп салық төлемейтін бүкіл ел бойынша кімнің казино ашатыны туралы Orda.kz өз материалын…

Толық оқу

Желтоқсанның 25-і күні Ақтауда Azerbaijan Airlines компаниясының рейсі кезінде ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 38 адамға жеткен. Өкінішке орай борттағы алты қазақстандықтың ешқайсысы аман қалмады. Қаза болған Қазақстан азаматтарының арасында Маңғыстау облысының екі мұнайшысы Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесінов бар. Олар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақтардың мүшелері болды. Ертең мұнайшыларды ақтық сапарға шығарып салады. Бауыржан Жұмағұлов 39 жаста, соңғы 16 жылда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС мұнай сервисінде жұмыс істеген. Ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасының 4-разрядты бұрғылаушы көмекшісі өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, әріптестеріне әрдайым көмекке келетін, достық қарым-қатынасты жақсы білетін жан болған. Кәсіпорынның кәсіподақ комитеті атап өткендей, Бауыржан Жұмағұлов кәсіподақтың жігерлі,…

Толық оқу

Белгілі педагог Ахметжан Аятжан білім саласындағы бұрынғы министрлердің былығын әшкереледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Танымал сарапшы бұрынғы білім министрі Сағадиевтің кезінде шыққан, «химия, физика, математика пәндерін тек ағылшын тілінде өткізілуі керек» деген бағдарламаға қатысты пікір білдірді. «Сағадиев «7-сыныптан бастаймыз» деді. Біз қырылып жүріп, 10-сыныпқа сырғыттық. Кейін ол да іске аспады. Сол кезде Сағадиевтің алдында тұрып, «Астанада химияны ағылшын тілінде беретін 10 мектептің мұғалімін атап берсінші. Он бірінші шықса, кешірім сұраймын» дедім. Мен отырдым, Суханбердиева отырды, Астананың Білім басқармасының басшысы отырды. Алдында санап бердім. 2017 жыл ғой. Алтыға барғанда тоқтап қалды. «Қайдан табасыздар?» дедім. «9 ай оқытып, ағылшынша бергіземіз» дейді. Бір…

Толық оқу

2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті. Іс-шара барысында институт сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы 2024 жылдың ең маңызды 3 оқиғалары мен жетістіктерін атай отырып, аяқталып жатқан жылдың негізгі оқиғалары мен трендтеріне талдамалық шолу жасады. Осылайша, ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, 2024 жылы Қазақстан үшін ең маңызды қоғамдық тренд ҚР Президентіне сенімнің күшеюі болды, бұл азаматтардың көшбасшыны және оның шешімдерін қолдауға дайындығын көрсетеді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім деңгейі 80,5%. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жағдайында да тұрақты жоғары болып отыр.…

Толық оқу
Әзербайжан Ұшақ апаты

Әзербайжан мен Ресей Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге қатысады. Дегенмен бір нюанс бар. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, оқиғаны криминалистикалық тергеуге бұл елдердің мамандары қатыспайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Вице-премьер оқиғаға қатысты кейінгі деректерді айтты. «Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге жіберілмейді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 566-бабына сәйкес), бірақ ұшақ апатын тергеуге жіберіледі», — деді Қанат Бозымбаев. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты…

Толық оқу