Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыста Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазақ мұнайын сатудан кімдер пайда көріп отырғанын айтты. «Елдің иесі — билік, жердің иесі — қазақ» деген тәмсіл бар. Билік бүгін келеді, классикалық вариант бойынша ертең кетуі керек. Ал қазақ пен оның жері мәңгілік қалады. Бұрынғы билік жердің үстін сатып бітірді. Жер үстіндегі басқа байлықты айтпағанда ауылдағы қазақтың азын-аулақ малын бағатын жер қалмады. Енді міне жаңа биліктің заманында жекелеген ескі олигархтар жердің астын, қазба байлықты сатуды әлі де жалғастырып жатыр деген деректер бар», — деді депутат. Ермұрат Бапи IСIJ журналистердің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстандық спортшы, спорт саласының блогері Ақтан Зайнолда Ресей астанасы Мәскеуде өткен Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатында пауэрлифтингтің стритлифтинг бағыты бойынша жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінен 3600-ден астам спортшы қатысса, соның ішінде Ақтан Зайнолда 75 келі салмақта өнер көрсеткен. Ал Қазақстан атынан өнер көрсеткен Qazaq Paluany құрама командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Айта кетейік, биыл Күштік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты оныншы рет ұйымдастырылып, өткізілді.
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қорғаныс министрі мына бағытта баяндама жасады: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады; армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты; мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік…
Бірнеше өңірде радикал діни идеологияны ұстанатындар анықталды. Олар теракт ұйымдастырмақ болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті. Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан. Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында…
Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады. Алайда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин министрдің кейбір мәлімдемелеріне күмәнмен қарады. Депутаттың айтуынша, «Қашаған», «Теңіз», «Қарашығанақ» секілді үш ірі кен орнынан басқа мұнай-газ кен орындарында жыл сайынғы шикізат өндіру көлемі төмендеп жатыр. Мысалы, соңғы бес жылда, мұнай-газ өндіру 36 млн. тоннадан, 30 млн. тоннаға дейін азайып отыр. Ал Қызылорда облысында мұнай өндіру көрсеткішінің едәуір түскені байқалып, өндіру көлемі соңғы 10-15 жылда 5 есе азайған. «Мұнай өңдеу қуатын ұлғайту және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге және…
Алматының орталығында атышулы Болат Назарбаевқа тиесілі болған ірі ғимарат сатылымға қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайтарылған активтерді басқаратын компания сатуға шығарған екі қабатты ғимараттың бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Бұл нысан Бостандық ауданында, Алматының әкімшілік, сауда және мәдени орталығы саналатын аумақта орналасқан. Жалпы ауданы 1700 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа 0,4 гектар жер учаскесі тиесілі. Мұнда автотұрақ, гараж бар, айналасы көгалдандырылып, ағаштар отырғызылған. Құрылысы 1953 жылы аяқталған ғимарат 1997 жылы толық жөндеуден өткен. Бағалау сараптамасында ғимараттың тиімді орналасқаны, сауда мен коммерциялық мақсаттарға ыңғайлы екені айтылған. Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, бұл ғимаратты 2019 жылы Болат Назарбаев иелік еткен «BN Invest Capital» ЖШС…
Ақтөбенің әскери бөлімдерінің бірінде ұлы қаза тапқан әйел халықтан өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген ақпаратты таратпауға шақырды. Ирина Боровецтің үндеуі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұлым Ақтөбеде сәуірден бері қызмет етіп келеді. Кеше қайғылы оқиға болды. Ол борышын жақсы өтеп жүрді. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Үнемі қоңырау шалып тұрды, бәрі жақсы болды. Енді тергеу болады, олар жағдайды анықтайды деп үміттенемін. Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпауын да қоса кеткім келеді. Ұлымды сот-медициналық тексерістен бұрын көрдім, көгерген жерлері, ұрып-соғу іздері жоқ», — деді сарбаздың анасы. Айта кетейік, 23 қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери сарбаз қаза тапты. Қазір…
24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады. Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады. Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек…
Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі жаңа кейіпке енді. Биыл қыркүйек айында Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс кейбір жерлерде тротуар плиталарының жарылып, орындықтардың, суару жүйесінің және басқа да көріктендіру элементтерінің жарамсыз болуына байланысты қолға алынған, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алмалы ауданына жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Ерболат Досаев бұл көшенің қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны екенін атады. Сол себепті жөндеу барысында эстетикалық және практикалық тұрғыдан әрбір бөлшекке ерекше назар аударылған. Бүгінгі таңда аудан әкімдігі 2000 шаршы метр тротуар плиталарын ауыстырып, 130 орындық орнатты, 2 балалар…
Бүгін Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚМА өкілдері мен Кеңес мүшелерінің бұл кездесуі жұртшылықпен және өңірлермен өзара іс-қимылға, сондай-ақ осы саладағы қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға маңызды қадам болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Отырыс барысында Агенттік қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығында делдалдарды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңес мүшелеріне электрондық шот-фактуралардың деректері негізінде ӘМАТ-қа рұқсат етілген сауда үстемесінің асып кету фактілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін Талдамалық жүйенің мүмкіндіктері таныстырылды. Ағымдағы жылы Агенттік әкімдіктер жанындағы өңірлік комиссиялардың атына 650-ден астам материал жіберді, олар бойынша 350 адам әкімшілік жауапкершілікке…
