Автор: Асылхан Бөрібай

Бостандық ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қосымша білім беру мәселесінің шешімімен, оның ішінде жеке капиталдың қатысуымен танысты. Әкім Вахтангов көшесіндегі №3 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды. Қаланың құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев нысанның 80 пайыздық дайын екенін баяндады. Бұрынғы апатты деп танылған жерде заманауи екі қабатты ғимарат салынуда, шығармашылыққа арналған 12 кабинет, дәрісханалар, тіпті ауланың ішіндегі бақ та болады. Апта сайын оқушылар үйінде 5-17 жас аралығындағы 2 мың бала оқи алады. Олар үшін дебат клубы, бағдарламалау, 3D-модельдеу, құрастыру, фото-, видеомонтаж бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Балалар шешендік, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерін меңгереді. Құрылысшылардың айтуынша, олар келесі жылдың…

Толық оқу

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата қайырымдылық қорларын тексере алмайтынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жоғары аудиторлық палатаның қайырымдылық қорларын тексеруге құзыреті жоқ. Жоғары аудиторлық палата мемлекет жұмсаған бюджет қаражатын, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда бар активтерді пайдалануға сыртқы аудит жүргізеді. Сонымен қатар, Мәжіліс қарастырып жатқан жаңа Бюджет кодексі шеңберінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекет қатысуымен құрылған бюджеттік емес қорларға аудит жүргізу құзіреті туралы норма енгізуді ұсындық. Яғни, мемлекет құрған немесе мемлекеттің қатысуымен немесе мемлекеттің белгілі бір функциялары берілген қорлар. Сол кезде бізде осындай бюджеттік емес қорларды тексеру мүмкіндігі болады», — деді Смайылов Сенат дәлізінде. Айта кетейік, кейінгі…

Толық оқу

Сенат республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 136 ұсыныс түскен. Бұл ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді. «2025 жылғы шығындарды 60 миллиард теңгеге арттыру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Бұл шығындардың көбеюі үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады», – деді ол. Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев бюджет шығындарының 60 миллиард теңгеге артпағанын, тек қайта бөлінгенін атап өтті. «Біз кейбір позицияларды қысқарттық, ал басқаларын толықтырдық, атап айтқанда, үкімет резервінен қаражат бөлдік. Жалпы бюджет көлемін арттырмай, азаматтарымыз бен ауылдық жерлердегі тұрғындар көтеріп жүрген өзекті…

Толық оқу

Мәулен Әшімбаев Перизат Қайратпен байланысы бар деген қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенат төрағасы Перизат Қайратпен жақын қарым-қатынаста емес екенін мәлімдеп, түрлі қоғамдық іс-шараларда көпшілікпен қатар кездескен болуы мүмкін екенін айтты. «Мен Перизат Қайратпен жеке таныстығым жоқ. Қызмет бабымен қоғамдық шараларға көп қатысамын, сондай жерлерде түрлі адамдарды кездестіріп жатамын. Ол да сондай шаралардың бірінде болған шығар, бірақ мен онымен жеке немесе тығыз қарым-қатынаста емеспін», – деді Әшімбаев. Ол сондай-ақ Перизат Қайратқа қатысты тергеу объективті әрі ашық өтетініне сенім білдіріп, кінәсі дәлелденсе, заң аясында қатаң жаза тағайындалатынын атап өтті. Еске сала кетейік, қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Biz Birgemiz Qazaqstan қорының…

Толық оқу

Cаясаттанушы Асхат Қасенғали геосаяси ахуал ушығып тұрған шақта Ресей-Украина арақатынасына және АҚШ-тың рөліне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сарапшының сөзінше, геосаясаттағы шиеленістің градусын өте жоғары температураға көтеретін екі шешім қабылданған. «Біріншісі, Батыс Украинаға алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат етті. Батыс болғанда АҚШ. Шешім бойынша Украина тек Курск облысын атқылай алатыны айтылды. Киев ATACMS зымырандарымен алғашқы соққысын жасап та үлгерді. Бірақ Курскке емес…Брянскке. Демек, қағаз жүзінде «Курскке соққы жасауға рұқсат» деп көрсетілсе де, іс жүзінде зымыран қай жерге дейін жетеді, сол жерге дейін соққылауға болады деген сөз. Неге құжатта Курскке ғана деп көрсетілді? Себебі Курск облысында…

Толық оқу

2025 жылдың соңына қарай алтынның бір унциясы 10,3%-ға қымбаттап, 2900 долларды құрауы мүмкін. Мұндай болжаммен швейцариялық UBS ірі банк сарапшылары бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Cарапшылар бұл қымбатшылықты геосаяси тұрақсыздық кезінде орталық банктер, инвесторлар тарапынан сұраныстың арту мүмкіндігімен байланыстырады. «Дональд Трамптың билікке келуі және жаһандық «ойынның» ойысуына қатысты дүдамалдылық қымбат металл бағамына қолдау болмақ. Ал 2026 жылдың соңына қарай алтынның бір унциясының құны 2950 долларға дейін көтерілуі мүмкін», – дейді сарапшылар. Америкалық Goldman Sachs банкі де алтынның қымбаттайтынын болжайды. Олар 2025 жылдың соңында алтынның бір унциясы 3000 доллар болады деп пайымдайды. Негізі, жыл басынан бері аталған қымбат металл бағасы 28%-ға өскен. «Алтын биылғы жылдағы ең тиімді тауарлардың біріне айналды, бағасы да жоғарылап бірнеше рекорд орнатты. Алайда АҚШ-тағы президенттік сайлаудан соң баға қайта төмендей бастады. Қымбат металл бағасының өсіміне әлемнің орталық банктер тарапынан сұраныстың артуы, Федералды резервтік жүйенің ақша-кредит саясатын…

Толық оқу

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиян зиянкес табылмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш. Айта кетейік,…

Толық оқу

БАҚ-та ескі Қазақстанның белді өкілдерінің бірі, әлі де лауазымды қызметтен қол үзе қоймаған Даниал Ахметовке израильдіктерден пара алды деген айып тағылғаны жөнінде ақпарат тарап кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚазТАГ ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысын тапжылмастан ұзақ жыл басқарған әкс-әкім Даниал Ахметов қорғаныс министрі болған кезінде израильдіктерден пара алды деп айыпталды. Мұндай ақпаратты Кеңес және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор Тұрсын Айжұлов жариялаған. «Кәрібжанов (Жәнібек ) ұзақ уақыт ШҚО әкімі болып жұмыс істеген жоқ. Ол жерде отбасының үлкен мүдделері тұрды, ал оларды қанағаттандыру үшін Кәрібжанов қолайлы болмады. Оның орнына Бергенев (Әділғазы) келді, ол отбасына, атап айтқанда Дариғаға жақты. Бірақ көп ұзамай оның…

Толық оқу

Алматыда қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды. Олар кәсіпкерлерден кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. «Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, әрқайсына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Сот үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С.-ға лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу

Адвокат Ләззат Ахатова Әнару Қалдыбекке қатысты іс қалай өрбіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Енді Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?! Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», — деді ол. Еске салайық, 21 тамызда Алматының Әуезов ауданы полиция басқармасына 1996…

Толық оқу