АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп америкалық кәсіпкер Массад Булос араб және Таяу Шығыс істері жөніндегі аға кеңесші қызметін атқаратынын айтты. Бұл туралы «Америка дауысы» басылымы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Трамптың кенже қызы Тиффани Трамптың қайын атасы Массад Булос құдасы Трамптың сайлау науқаны кезінде араб және мұсылман қауымдастықтарының жетекшілерімен бірнеше рет кездесті. Булостың әкесі мен атасы Ливан саясатындағы танымал қайраткерлер болған. Оның ұлы Майкл мен Тиффани Трамп 2022 жылғы қарашада Дональд Трамптың Флоридадағы «Мар-а-Лаго» резиденциясында үйленді. Ерлі-зайыпты Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде Ақ үйдің Раушан бағында некесін қиды. «Булоспен байланысты үш дереккөздің айтуынша, ол Ливанның әртүрлі саяси топтарының өкілдерімен байланыста»,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша басым бағыттар айқындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан тарихы мен мәдениеті бай мемлекет. Сондықтан, мәдени мұраны қорғау басты міндеттердің бірі. Бүгінде Қазақстан ЮНЕСКО конвенцияларына қатысу арқылы еліміз өз мәдени нысандарын ұйым тізімдеріне енгізіп, әлемдік қауымдастыққа танытуда. Дегенмен, бұл жетістік тек мақтаныш емес, сондай-ақ осы мұраларды қорғау мен сақтау бойынша нақты міндеттемелерді орындауды талап етеді. Осы мақсатта 2024 жылғы тамыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың міндеті орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшелерінің, ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйымдардың…
Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды. Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен. Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан…
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қатысушылар материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту…
Алматыдағы автобус апатына кінәлі деп танылған «5:32» сериалының продюсері Анель Сартаеваға қатысты сот үкімі шықты. Оған 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сотталушының кішкентай сәбиі болуына байланысты жазаның орындалуы үш жылға шегерілді. Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі) сотталушы Сартаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол көлікті басқарып, көше бойымен келе жатып, «жол бер» белгісін елемей, жол бөлігіне шығып кетіп, автобуспен соқтығысқаны анықталды. Соқтығыстың салдарынан автобус инерциялық жолмен бағдаршамға соғылып, одан кейін тротуарға шығып кетіп, дүкен…
Заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол «дабыл қағуға мәжбүрмін», — деп үндеу жасады. Адвокаттың сөзінше, Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. «Бірнеше күннен бері Сіздерге айтар жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге…
«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті ақтауға ұқсайтын әрекеттер байқала бастады. Блогер Жанна Ильичева күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты елең еткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ильичева Facebook парақшасында Арман Жұмагелдиевтің хатына сілтеме жасап, оның айналасындағы соңғы оқиғаларға қатысты көзқарасын білдірген. Блогер Арман жайлы алғаш рет пандемия кезінде естігенін, сол уақытта оның халыққа тегін дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар таратып, дәрігерлер мен тұрғындардың алғысына бөленгенін жазған. «Дәріханаларда маска мен дәрі-дәрмек тапшы кезде Арман елге көмек қолын созған еді. Кейін тұрғындардың ризашылығын жеткізген видеолары желіде көптеп тарады. Бірақ жұрт назарына ол «Ирбис пен Қасқыр» челленджі арқылы көбірек түсті. Бұл бастамаға танымал әншілер мен спортшылар…
Алматының бұрынғы әкімі болған Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимовтің өліміне қатысты іс тоқтатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне айтып берген «Алмалы ауданы полиция басқармасы бұл факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (“Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу”) аясында тіркелген қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шараларының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР ҚПК 35-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы негізінде (қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты — ред.) тоқтатылды», делінген полицияның хабарламасында. Бұл шешімді Алматының Алмалы аудандық прокуратурасымен мақұлданған. Еске салайық, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп…
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде. Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде. Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Алматыда жалпы білім беретін №98 мектептің жобалық қуаты №8 музыка мектебі иеленген корпустарының ие болғаннан кейін білім ошағы 300 орынға ұлғайды. Ал, музыка мектебі жалпы ауданы 950 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшті. Медеу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев екі мектепті аралап, олардың қызметімен танысты. №98 мектеп Малая Станица ауданында орналасқан. Оның жобалық қуаты 640 орынды құрайды, ал білім алушылардың нақты саны 1,1 мың адамнан асты. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын бір корпусты бұрын музыка мектебі иеленген. Алматы қаласы әкімдігі Тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылы Алматы қаласының әкімдігі осы мақсатта сатып алған музыкалық мектепті көрші ғимаратқа…










