Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Шерзат Болаттың ағасы өз-өзіне қол жұмсаған. Ақпаратты полиция растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. «Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», — деп жазылған хабарламада. Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын мәлімдеді. «Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер…

Толық оқу

Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, айтулы шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ және этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзінде күрд этномәдени орталығының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыруға қосқан үлесін атап өтті. Іс-шара шеңберінде қазақстандық қоғамды дамытуға, ұлттық дәстүр мен мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы…

Толық оқу
алматы

Алматыда 2025 жылы ұзындығы 5,7 шақырым, аумағы 23,4 гектар болатын Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Жобаға бетонды тірек құрылымдарын жаңарту, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көпірлер орнату, жарықтандыру тіректерін, бейнебақылау камераларын, балалар мен спорт алаңдарын, демалыс аймақтарын және модульдік қоғамдық дәретханаларды орналастыру кіреді. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру және қарау алаңдарын жасау көзделген. Айта кетсек, 2024 жылы Алматының Алатау ауданында Боралдай өзені бойындағы 24 гектар аумақты қамтитын жасыл аймақты көріктендіру аяқталған болатын. Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған көпір, скейтпарк, балалар мен спорт алаңдары, орындықтар, қоқыс…

Толық оқу

Алматы қаласында келесі жылы мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады. Үш жылдық бюджет жобасына сәйкес, 216 мектепті, 12 интернат мекемесін, 20 колледжді қамтитын 344 мың оқушының білім алуына жағдай жасау үшін шамамен 250 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр. Мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғырту мен жаңарту – қалалық әкімдіктің басты басымдығының бірі. Жаңа үш жылдық бюджет қабылданғаннан кейін мегаполисте оқу орындарын жоғары сапа стандарттарына сай жаңғырту жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы үш…

Толық оқу
"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының есеп-шотының бұғатталуына

Ішкі істердің өкілі «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының есеп-шотының бұғатталуына қатысты пікір білдірді деп жазады ErtenMedia.kz. ІІМ мәліметінше, қор басшысы Динара Исмаиловаға (Дина Таңсәріге) қатысты алты қылмыстық іс тергелді, екеуі алаяқтық деректері бойынша. Былтыр 27 желтоқсанда оған айып тағылып, іздеу жарияланды. «Тергеу барысында Смайылованың азаматтық жұбайының шотына жалған жарияланымдар мен заңсыз ақша жинау деректері анықталды. 2021 жылдан бастап Смайылова Қазақстаннан тыс жерде жүріп зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін ақша жинау туралы үнемі жариялап отырды. Мысалы, 2024 жылдың 1-21 ақпан аралығында Instagram әлеуметтік желісінде ол Қазақстандағы азаматтық жұбайының шотын және Грузиядағы банктік шотын көрсете отырып, қорға материалдық қолдау көрсетуді сұрайтын 10 жазба жариялады», — деп жазылған…

Толық оқу

Беташар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі беташар адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді», — деді Мемлекеттік кеңесші. Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады.

Толық оқу

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хён әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты отставкаға кетті, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол ел ішінде туындаған дүрбелең үшін халықтан кешірім сұрап, отставкаға кету туралы шешім қабылдады. ”Ұлттық қорғаныс министрі ретінде толық жауапкершілікті өз мойныма алдым. Қоғамда алаңдаушылық пен түсінбеушілік тудырғаным үшін өкінемін”, – деді Ким Ён Хён. Оның айтуынша, президентке әскери жағдай енгізу туралы ұсынысты өзі жасаған. Ал әскери қызметкерлер оның бұйрығын орындаған. “Әскери жағдай жойылды, халық бұрынғы өміріне қайта оралып жатыр, бірақ ішкі саяси жағдай мен қауіпсіздік мәселелері әлі де қиын”, – деп қосты ол. Айта кетсек, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль 3 желтоқсанда…

Толық оқу

Депутаттар Мәжіліс отырысында қыз алып қашу мәселесін көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов сахнада айтылып жүрген әндерді сынап тастады. Оның сөзінше, бұл әндердің мәтінінде дәріптеу сарыны бар. «Өткен аптада Астанада бір университет студенттерімен кездестім. …Қыз балалар маған бір ролик көрсетті. Қыз баланы алып қашқан. Қасында біреу көндіріп, «өз еркіммен келдім деп жаз» деп айтып отыр. TikTok-та тұр. Барлығы мазақ қылып, соны айтып жатыр. Құқықбұзушылық. Нағыз заңбұзушылық. Белгілі әншілер сахнада осылай ән айтып жатыр: «Алып қашамын, мейлі олай қалама. Келін қыламын, сені қалай да анама» дейді. Екінші әнші айтады. «Көресің, менің үйіме барасың, басыңа аппақ орамал тағасың, көндіремін, көнесің.…

Толық оқу

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сөз естіп қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы аясында жерлерді тексеру, жерлерді алып қою, мемлекетке қайтару ісінде ең өзекті мәселенің бірі — пошта. Жерлерді тексерер алдында бір ай бұрын жерлердің иесіне хабарлама жіберіліп, ескертіледі. Бірақ қу бизнесмендер, соның ішінде алаяқтар, олигархтар поштаның хабарлама хатын алмауға тырысады, қашады. Өкінішке қарай, соның кесірінен жер ресурсын басқару департаментінің инспекторлары тексерісті аша алмай жатады. Поштаның кесірінен тексерісті аша алмай жатамыз. Салық органдарында, полицияда SMS хабарлама деген нәрсе бар. Жерді тексеру тәжірибесінде де SMS хабарлама арқылы тексерсек, осындай қиындықтарға ұшырамайтын едік», -…

Толық оқу

«Ақ жол» фракциясы қомақты айыппұлдары үшін ӘҚбтК-не өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қолдамады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәселені Азат Перуашев тарқатып айтты. «Заң жобасына «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары кәсіпкерлеге салатын артықша ауыр айыппұлдарды 3-5 есе азайту туралы бірнеше түзету ұсынған болатынбыз. Өкінішке қарай, не жұмыс тобы, не Мәжілістің Бюросы, яғни барлық басқа фракциялар осы айыппұлдарды казіргі, демек ауыр көлемінде қалдыруды қалады. Уәждері қарапайым — айыппұлдар бұзушылықтардың алдын алу және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін қажет. Алайда, аталмыш заң жобасын талқылау барысында «Ақ жол» фракциясына 2 мыңнан астам кәсіпкерден аталған айыппұлдарды азайтуды сұраған өтініштер түскен. Және олардың айтуынша, айыппұлдардың қомақтылығы бұзушылықтарды алдын алу…

Толық оқу