Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданы Көктем-1 шағын ауданындағы жөндеуден өткен №138 мектепті көріп шықты. 1989 жылы салынған ғимараттың конструкциясының сенімділігін техникалық тексеру нәтижесінде қала әкімі мектепті сейсмикалық нығайту мен күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берді. Мердігерлік ұйымның жұмысы 2023 жылдың желтоқсанында басталып, биыл қазан айының соңында аяқталды. Реконструкция жобасында ғимараттың жүктемені көтеруші құрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жобада қасбет пен шатырды жөндеу, инженерлік жүйелерді ауыстыру және ғимараттың ішкі әрлеуі қарастырылған. Оқу орны биология, робототехника, информатика, химия пәндеріне арналған интерактивті тақталар мен планшеттермен жабдықталған кабинеттермен қамтылған. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сәйкес екі спорт және акт залы жабдықталған.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қарағанды облысында ішімдік ішкен депутат ер адамды қарумен қорқытқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 21 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында белгісіз адам ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. «Полиция қызметкерлері күдіктіні ұсталды. Оның 38 жастағы аудандық маслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды», — деп жазылған Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарламасында. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» бабтарымен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатқаны белгілі болды. Ал қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жер қойнауын пайдалану туралы кодекске енгізілетін түзетулерде лоббистік нормалар бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кеше Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер таныстырылды. «Жер қойнауы туралы кодекс талқыланғанда, бір адамға 200 блокқа дейін ресімделетін лоббистік норма қабылданды. Бір блок шамамен 2 шақырым аумақты қамтиды. Сонда жер қойнауын пайдаланушы бір адам 200 блокқа дейін иелене алады деген сөз. Бұл — пайдалы қазбаларды барлау, өндіру. Кім бірінші жетсе, бар байлық сол адамдікі. Ол осы блоктарды пайдалана ма, жоқ па, бірақ барлық аумақ соның иелігінде болады. Заң жобасы бұған кедергі келтіреді деп ойлап едім,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекеттік сыйлық 1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін; 2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін; 3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін; 4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.
Президент Тоқаев Республика күні қарсаңында елдің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша еңбегі үшін Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, танымал математик Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сонымен қатар білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін Алматыдағы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Оралдағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова да осы атаққа ие болды. Өндіріс саласындағы айрықша табыстары үшін «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. «Отан» орденімен кардиохирургия саласының майталманы Сейтхан Жошыбаев және көрнекті ақын Нұрлан Оразалин марапатталды. Бибісараның биігі Мемлекет және қоғам…
Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бірлескен өңіраралық форумында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Шарада Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның экономикалық, сауда-саттық байланыстарын кеңейтуге қатысты бірқатар ұсыныс білдірді,деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде Маңғыстау мен Өзбекстанды байланыстыратын автожол салынып жатыр. Қазақстан аумағында «Тәжен» кеден бекетіне дейін жол төселуде. Ал күні кеше Қарақалпақстан орталығынан ел шекарасына дейін жаңа автожол пайдалануға берілді. Бұл алдағы уақытта Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының артуына мүмкіндік береді. Сауда-экономикалық байланыс Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Маңғыстау өңірінің көтерме базарларына азық-түлік өнімдерінің, көкөністердің, жемістердің басым бөлігі Өзбекстан Республикасының Бұхара, Самарқанд, Нөкіс, Сырдария егістіктерінен әкелінеді. «Тәжен» кеден бекеті арқылы күніне 250-300-ге…
Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде борышын өтеп жүріп «таяқ жегенін» айтқан, кейін госпитальде көз жұмған сарбаз Досымжан Сәлімжан туыстарынан жиі ақша сұраған. Жақындарының айтуынша, олар жарты жыл ішінде сарбазға жиыны 300 мың теңгеге жуық ақша салған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Досымжан Сәлімжанның анасы Ардақ Иманғалиеваның сөзінше, ұлы тамаққа деп көп ақша сұраған, кейде ол ақшаны әскери бөлімге А4 қағазын сатып алуға жұмсайтынын айтқан. 21 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотында сарбаз ісі бойынша екінші сот отырысы өтті. Бұл істе батальон командирі Жанбота Шәкіровке «билігін асыра пайдаланды» деген айып тағылған. Лейтенант Шәкіров тағылған айыпқа келіспейді. Қатардағы жауынгер болған…
Алматы облысының полициясы қашып кеткен күдіктіге іздеу салды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен. «30.05.1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз», — деп жазды ІІМ өкілдері. Сонымен қатар, іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұрады: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіштің анасы қайтыс болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Назарбаева Светлана Мырзахметқызы 77 жасында өмірден өтті, — деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов. Ол филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дәуір» полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болды. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының да иесі. Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіш – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері.
Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс бойынша шешім шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылды. Ол өзінің қалған мерзімін, яғни бір жарым жылдан аз уақытты қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді», — деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. «Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заңбұзушылықтарына жол берген, ол зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған. Н.Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген…










