Cаясаттанушы Асхат Қасенғали геосаяси ахуал ушығып тұрған шақта Ресей-Украина арақатынасына және АҚШ-тың рөліне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сарапшының сөзінше, геосаясаттағы шиеленістің градусын өте жоғары температураға көтеретін екі шешім қабылданған. «Біріншісі, Батыс Украинаға алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат етті. Батыс болғанда АҚШ. Шешім бойынша Украина тек Курск облысын атқылай алатыны айтылды. Киев ATACMS зымырандарымен алғашқы соққысын жасап та үлгерді. Бірақ Курскке емес…Брянскке. Демек, қағаз жүзінде «Курскке соққы жасауға рұқсат» деп көрсетілсе де, іс жүзінде зымыран қай жерге дейін жетеді, сол жерге дейін соққылауға болады деген сөз. Неге құжатта Курскке ғана деп көрсетілді? Себебі Курск облысында…
Автор: Асылхан Бөрібай
2025 жылдың соңына қарай алтынның бір унциясы 10,3%-ға қымбаттап, 2900 долларды құрауы мүмкін. Мұндай болжаммен швейцариялық UBS ірі банк сарапшылары бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Cарапшылар бұл қымбатшылықты геосаяси тұрақсыздық кезінде орталық банктер, инвесторлар тарапынан сұраныстың арту мүмкіндігімен байланыстырады. «Дональд Трамптың билікке келуі және жаһандық «ойынның» ойысуына қатысты дүдамалдылық қымбат металл бағамына қолдау болмақ. Ал 2026 жылдың соңына қарай алтынның бір унциясының құны 2950 долларға дейін көтерілуі мүмкін», – дейді сарапшылар. Америкалық Goldman Sachs банкі де алтынның қымбаттайтынын болжайды. Олар 2025 жылдың соңында алтынның бір унциясы 3000 доллар болады деп пайымдайды. Негізі, жыл басынан бері аталған қымбат металл бағасы 28%-ға өскен. «Алтын биылғы жылдағы ең тиімді тауарлардың біріне айналды, бағасы да жоғарылап бірнеше рекорд орнатты. Алайда АҚШ-тағы президенттік сайлаудан соң баға қайта төмендей бастады. Қымбат металл бағасының өсіміне әлемнің орталық банктер тарапынан сұраныстың артуы, Федералды резервтік жүйенің ақша-кредит саясатын…
Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиян зиянкес табылмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш. Айта кетейік,…
БАҚ-та ескі Қазақстанның белді өкілдерінің бірі, әлі де лауазымды қызметтен қол үзе қоймаған Даниал Ахметовке израильдіктерден пара алды деген айып тағылғаны жөнінде ақпарат тарап кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚазТАГ ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысын тапжылмастан ұзақ жыл басқарған әкс-әкім Даниал Ахметов қорғаныс министрі болған кезінде израильдіктерден пара алды деп айыпталды. Мұндай ақпаратты Кеңес және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор Тұрсын Айжұлов жариялаған. «Кәрібжанов (Жәнібек ) ұзақ уақыт ШҚО әкімі болып жұмыс істеген жоқ. Ол жерде отбасының үлкен мүдделері тұрды, ал оларды қанағаттандыру үшін Кәрібжанов қолайлы болмады. Оның орнына Бергенев (Әділғазы) келді, ол отбасына, атап айтқанда Дариғаға жақты. Бірақ көп ұзамай оның…
Алматыда қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды. Олар кәсіпкерлерден кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. «Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, әрқайсына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Сот үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С.-ға лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Адвокат Ләззат Ахатова Әнару Қалдыбекке қатысты іс қалай өрбіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Енді Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?! Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», — деді ол. Еске салайық, 21 тамызда Алматының Әуезов ауданы полиция басқармасына 1996…
Бүгінде ел ішінде бір сағаттық уақыт белдеуіне қатысты қызу пікір-талас жүріп жатқаны белгілі. Дәл осы мәселеге қатысты әлеуметтік желіде негізсіз әңгімелер көп айтылуда. Осы ретте Dalanews.kz ақапараттық агенттігіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Арман Жұмағазиев ойын ортаға салып, пікір білдірді. Енді білікті маманның ой-пайымына назар аударсаңыздар. – Өткен жылы науырыз айынан бастап кең байтақ Қазақ жері бір сағаттық уақыт белдеуіне көшкені баршаға мәлім. Бұл – ғылыми ортада бір сағаттық уақыт белдеуі UTC−5 деп талады. 24 сағатқа бөліп қарағанда бұл жер шарының 67-82 градустық бойлығын қамтиды. Дәл осы бойылықта Қазақстан тұрғындарының 76 пайызы мекендейтінін ескерсек, бұл…
Мәжіліс депутаттары 20 қарашада палатаның жалпы отырысында «ел экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында» деген әдемі желеумен тағы бір халықаралық инстиуттан қарыз алуды көздейтін заң жобасын қарады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдында ғана, 13 қарашада Азиядағы тағы екі банктен заемды алуды қарастыратын заң жобалары Мәжілістің қарауына келіп түскен болатын. Сонда бұл – сырттан алынатын заемның үшіншісі. Бұл қарыз ақшалардың барлығы, шындығында бюджет жыртығын жамау үшін керек болып жатыр. Иә, Үкімет бюджет тапшылығы мәселесін жою үшін Ұлттық қордан бірнеше трансферт тартқаны аздай, енді шетелдік банктерден де қарыз ақша алуға ниетті. Қарыз неге ала береміз? «Аталған келісім Астанада 2024 жылдың 11 қазанында жасалды. Халықаралық…
Қазақстанның Украинадағы елшілігі Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына елден кетуге кеңес берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылы жиілеуіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтардан немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», — деп жазылған елшілік хабарламасында. Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асуға, дереу баспаналарына баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды. «Қазақстан Республикасының азаматтары Украинадан Қазақстанға жету үшін жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін…
Түркістан облысында Шардара ауданының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактілері бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отыр. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады. Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі. Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілді.…










