Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев пилоттық жобалар коррупцияның құралына айналып кеткенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Анас Баққожаев депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Депутаттың айтуынша, кейінгі 4 жылда 104 пилоттық жоба іске асқан. Оларды қаржыландыруға 805 миллиард теңге жұмсалған. «Ақпаратты зерделей келе пилоттық жобалардың көп бөлігі тиімсіз жасалғанын аңғардық. Сонда біз миллиардтаған ақша төлеп, пилоттық жобалардан не алдық?» — деді ол. Депутат пилоттық жобаларға қатысты бірқатар факторды атады: «Біріншіден, пилоттық жобаларды іске асыратын мемлекеттік органдар пилоттық жоба не екенін өздері де дұрыс түсінбейтін сияқты. Мысалы, Қарағанды облысы ауылдық елді мекендерде медициналық көмек объектілерін салып, оны «пилоттық жоба» деп атаған. Оның аясында…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың айтуынша, орыс тілін қолдауды емес, орыс тілі қоғамын құру жөніндегі мәселені қозғау керек. «Менің сөзім бірінші кезекте қазақ қоғамына арналады. Менің айтылмақ сөзімді қоғам түсіністікпен қабылдайды ғой деп ойлаймын. Сыртқы саясатқа байланысты тәмсіл бар: саясат деген соншалықты нәзік дүние, оның нәзіктігі масаның кіші дәреті сияқты. Турасын айтқанда дәрет емес қой, басқа. Бұл ратификациялық заң жобасын орыс тілі мәселесінен бұрын елдің сыртқы саясатын күйттейтін құжат деп қабылдау керек. Осы мәселемен айналысатын құзырлы орган, қоғамға мәймөңке сөз, құрғақ дидактика айту қажет емес. «Қолдауымыз керек»…
Мәжіліс отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көтерілген «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылап, ратификациялап, Сенатқа жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұл шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалды. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді», – деді Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанов. Шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту. Ғылым және жоғары білім…
Депутат Бапи ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа, Ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, бірқатар мәселені ашық көтерді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Бапи Республикалық фермерлер форумындағы президент Тоқаевтың сөзін келтірді. «Бүгінде әлемжеліде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнама көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етіп жатыр», — деген болатын Мемлекет басшысы. Дариға туралы сөз Депутат Президенттің дәл осы пікірі қоғамда да көрініс тауып жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғышы Дариға туралы да сөз қозғады. «Жуықта әлеуметтік желілер арқылы Парламент…
Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістан облысына сапарына өңірдің қарапайым имамдары ақша жинағаны туралы ақпарат тарап кетті. ҚМДБ осы ақпаратқа қатысты тексеріс жүргізіп, нәтижесін жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұған дейін Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Бас мүфти мен Түркістан облысының бас имамына қатысты жазба жариялады. Оның сөзінше, Түркістан облысының имамдары өңірдегі жағдайды айтып, хабарласқан. Имамдар «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың жаңадан тағайындалған бас имамы Ержан Төлепов ақша жинайтынын» айтып шағымданған. «Имамдар «қоңыз теріп, қиналып кетті», — деді желі қолданушысы. ҚМДБ мәліметінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиге және Діни басқарма…
Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайрат ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап кетті. Соның ішінде ол оқыған оқу орындарына қатысты ақпарат та бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Желіде «Перизат өзі оқыған колледж жатақханасында телефон ұрлап, оқудан шыққаны» айтылды. Stan.kz мәліметінше, Перизат Қайрат оқыған “Маңғыстау өнер колледжі” мен Эстрада-цирк колледжі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірген. “Маңғыстау өнер колледжі” МКҚК Қасенғалиева Перизат Қайратқызы оқу орнына 2006-2007 оқу жылы “Хорда дирижерлік ету” мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданғанын мәлімдеді. Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне ауысып кеткен. Алайда оның басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартқан. Басылым мәліметінше,…
Алматылықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қалаға әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті. Алматыда жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. «Жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйектегі 8,3%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8%-ға дейін, 2025 жылы 6,5-7,5%-ға дейін төмендейді деп күтілуде», — деп хабарлады Алматының экономика басқармасы. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен…
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында аталған тақырыпта басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ/ЖТ, қоғамдық ұйымдар және аудандық ТКШ бөлімдерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізі тақырыбы ретінде Алматы қаласының ПИК қауымдастығы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мен күтіміне арналған минималды тарифті қайта қарауды ұсынды. Талқылау өте кең ауқымда өтті. Бұл бастама тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайларын жақсартып, қауіпсіздікті арттыру үшін қажет. Соңғы он жылдан бері тариф деңгейі өзгермегендіктен, қазіргі жағдайда үйлерді тиісті деңгейде күтіп-ұстау қиынға соғуда. Алматыда тариф мөлшері әр шаршы метр үшін 7-ден 700 теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ орташа көрсеткіш небәрі 40 теңгені құрайды. ПИК қауымдастығы төрағасы Аркадий Рубцовтың айтуынша, мұндай…
Уақыт белдеуіне қатысты талас басылмай тұр. Үкіметте осы мәселенің нүктесін қоюға тырысқан Сауда министрі Арман Шаққалиев өткір мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр елдегі сағаттың кеңестік кезеңнен бері сегіз рет өзгергенін еске салды. «Кеңес заманында жоспар орындау керек, социалистік жарысты алға тарту керек деген себеппен сағат тілі бірнеше мәрте бұралды. Бірақ біз ешқашан табиғи, географиялық уақытпен өмір сүрген жоқпыз. Қазіргі уақыт табиғи уақыт. Мұны денсаулық сақтау министрлігі де, энергетика министрлігі де қолдап, құптап отыр. Электр энергиясын тұтынуда еш өзгеріс жоқ, халықтың денсаулығы зардап шеккен емес», – деді Шаққалиев. Министрдің пікірінше, уақытты кері қайтаруды талап етіп жүргендердің көбі арнайы білімі жоқ,…
«Астана Опера» театры сахнасында атақты өнер қайраткерлері бас қосып, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, сонымен қатар Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Бәйсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды көптеген танымал әртістер қатысты. Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» жарқын көрінісімен басталды. Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, «Астана Опера» хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен бүкіл концертке мерекелік шырай…










